Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекiтiлген
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу, бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiктер беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушiге не ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған өтiнiштi тiркеген күннен бастап — 20 (жиырма) жұмыс күнi;
алғашқы рет жүгiнген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға куәлiк беру — Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде;
куәлiктiң телнұсқасын беру - көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiне сәйкес бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақыны (бұдан әрi — өтемақы) төлеу.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмдi қабылдау үшiн қосымша сұрау салу, тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда 1 (бiр) айға ұзартылады;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген күнi сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты кезектегi адамдардың санына байланысты көрсетiлетiн қызметтi берушiде - 30 минут, ХҚО-да - 15 минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты көрсетiлетiн қызметтi берушiде - 30 минут, ХҚО-да - 15 минут.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:
көрсетiлетiн қызметтi берушiде немесе ХҚО-да:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешiм;
2) куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру;
ЗТМО-да:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;
2) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.
7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi - www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электрондық кезек» тәртiбiнде жүзеге асырылады;
2) ХҚО - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электрондық кезек» тәртiбiнде жүзеге асырылады. Керсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезектi «броньдауға» болады.
9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚО-ға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтiнiш (өтiнiштер);
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);
3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
4) банк шоты туралы мәлiметтер немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;
5) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттiк Халық депутаттары кеңестерiнiң, тұрғын үйдi пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамаларын; еңбек кiтапшасын; оқу орнын бiтiргенi туралы дипломды; әскери билеттi; туу туралы куәлiктi, орта бiлiм туралы аттестатты, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiктi), болған кезде — «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген куәлiк.
Егер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактiлерiн және кезеңiн белгiлеу туралы соттың шешiмi ұсынылады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшiн көшiрмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.
Көрсетiлген құжаттардағы ақпарат мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi, ХҚО мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.
Мыналар көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттардың топтамасы қабылданғанын растайтын құжаттар болып табылады:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде - көрсетiлетiн қызметтi алушыны тiркеу және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;
2) ХҚО-да - қабылданған құжаттардың тiзбесi, өтiнiштi қабылдаған ХҚО қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), өтiнiштi берген күнi және уақыты көрсетiлген қолхат.
10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмiне, әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының, 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына немесе әкiмге жiберiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмнiң мекенжайына келiп түскен қызмет алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде ХҚО арқылы
көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзi баруға мүмкiндiгi жоқ көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттарын қабылдауды ХҚО қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.
14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрлiктiң - www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде;
2) ХҚО-ның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мәртебесi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тiркеу және есепке
алу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы
төлеу, куәлiктер беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша
Өтемақы тағайындау жөнiндегi
уәкiлеттi органның басшысы
_____________________________
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
_____________________________,
жеке басын куәландыратын құжат
ЖСН ________________________,
жеке шоты № _________________,
банктiң атауы________________
Өтiнiш
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi – өтемақы) тағайындауды сұраймын.
________ жылдан бастап ________ жылды қоса алғанда ____________
радиациялық әсер аймағының _____________ аумағында тұрдым.
Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн
растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын: ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.
1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өтемақыны тағайындау үшiн қажеттi менiң дербес деректерiмдi жинауға және өңдеуге келiсiм беремiн.
Күнi ______________________ Қолы _________________________________
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) ____________________________________________ өтiнiшi қоса
берiлген құжаттарымен «__» ____________ 20__жылы _____________ данада
қабылданды.
___________ _________________________________________________________
қолы (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тiркеу
және есепке алу, бiржолғы мемлекеттiк
ақшалай өтемақы төлеу, куәлiктер беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
2-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тiркеу және есепке
алу және олардың жеңiлдiктерге құқығын
растайтын куәлiктi беру жөнiндегi арнайы
комиссияның төрағасы ___________________
________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________,
_________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат
Өтiнiш
Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiнiң жеңiлдiктер алу құқығын растайтын куәлiктi (куәлiктiң телнұсқасын) берудi сұраймын.
_______________ бастап _________________ қоса алғанда _______________
радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.
Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:_____________________
Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.
Куәлiктi (куәлiктiң телнұсқасын) алу үшiн қажеттi менiң дербес деректерiмдi жинауға және өңдеуге келiсiм беремiн.
Күнi _________________________ Қолы _________________________________
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) _____________________ өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен
«______» ________ 20______ жылы __________ данада қабылданды.
_____________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |