Секциясы: экология



жүктеу 423,03 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі423,03 Kb.
#13917

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЗАЙСАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

АВТОР: КЕНЕСКАЗИНОВА ЕҢЛІК ҚАЙРАТҚЫЗЫ

7 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

ТАҚЫРЫП: ЗАЙСАН ҚАЛАСЫНЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

СЕКЦИЯСЫ: ЭКОЛОГИЯ

ЖЕТЕКШІ: ЖИКЕНОВА НУРЗАДА АКАНОВНА

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ : ШАЙМАРДАНОВА АЙСҰЛУ ЕЛЬГАЗИНОВНА

ШҚМУ. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

2016 ЖЫЛ

Аннотация

Алдарыңызда ұсынылып отырған жұмыста Зайсан қаласының климаттық жағдайына сараптама берілген. Бүгінгі күні дүние жүзінің климат жағдайының өзгеруі ғаламдық экологиялық проблемаға айналып отыр. Бізде де қыс көктемдей, жазымыз күздей болатыны байқалады. Осы орайда біз метеостанцияның мәліметтерін пайдалана отырып, соңғы 3 жылдағы ауа-райы өзгерістеріне сараптама жасадық.


Мақсаты:
Өз өлкеміздің экологиялық жағдайы жайлы білімін тереңдете отырып, ары қарай шыңдай түсу.
Гипотеза:

Өлкеміздің климаттық жағдайының өзгеруі нәтижесінде табиғатта тепе-теңдігі бұзылуда. Бұл үрдіс бүкіл планетада болатын өзгерістермен тығыз байланыста жүреді.


Зерттеу кезеңдері:

I-кезең География сабағы. 6 сынып.

II-кезең Тақырыпты талдау.

Зерттеудің бағыты мен мағынасы анықталады. Қажетті ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен мақалалар іздестіріліп, жүйеленді.



III-кезең Метеостанцияға барып, таныстық, Метеостанцияның нақты орналасқан жерін анықтап, суретін түсірдік, нақты құралдар түрлерімен таныстық.

IV-кезең Зайсан метеостанциясының материалдарын оқып-біліп, сараптама жасау.

Зерттеу әдістері:

Проблеманың жүйелік сараптамасы(дүние жүзінің өз еліміздің ғылыми әдебиеттерін оқып, білу), бақылау жүргізу, далалық зерттеулер, материалдарды өңдеу, салыстыру.


Зерттеу нәтижелері:

  1. Берілген тақырып бойынша теориялық материалды оқып білдік.

  2. Далалық зерттеулер жүргізілді, метеостанция мәліметтерімен таныстық.

  3. Презентация әзірлеп, фотоматериалдарды дайындау.

  4. Өлкеміз үшін климат жағдайы өзгерісінің қоршаған ортаға әсері анықталды.



Жаңашылдығы:

Осы тақырыпты оқып білу кезеңінде, өлкемізде бұл тақырып жайлы мәлімет қоры аздығына көзіміз жетті. Зайсан қаласы климатының 3 жылдық көрсеткішіне сараптама жасау арқылы, климат өзгерістерін анықтадық. Метеостанция жұмысымен нақты таныстық.



Практикалық қолдану:

Жұмыс материалдарын география сабағында, өлкетану, экология курстарында пайдалану және бұл зерттеу нәтижесі өлке тұрғындары үшін де қызықты және тиімді.


Мазмұны






Кіріспе........................................................................................................

5










1

Әдебиеттерге шолу....................................................................................

6

1.1

Планетаның климаттық жағдайы.............................................................

6

1.2

Қазақстанның климаттық жағдайы..........................................................

7

1.3

Шығыс Қазақстанның климаты................................................................

9










2

Зерттеу әдістері және нысандары............................................................

10

2.1

Зайсан қаласының климат жағдайы........................................................

10

2.2

«Зайсан» метеостанциясы........................................................................

11

2.3

Метеостанцияның көрсеткіштеріне талдау жасау.................................

12













Қорытынды................................................................................................

17




Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................

18




Қосымша





Кіріспе
Барлық планетада климаттық жағдай жылдам өзгереді. Ғалымдар жерді жаһандық жылыну немесе мұз дәуірі басатындығын тап басып айта алмауда. Апатты цунами, торнадо, құйын, су тасқыны, сақырлаған аяз сынды табиғи катаклизмдер қалпына келмейтін табиғи құбылыс туғызады. Төтенше жағдайлар Қазақстанды да айналып өтпейді.

Өзектілігі:

Туған өлкенің климаты жер шары климаттық жағдайына тәуелді болып қалыптасады. Бүгінгі күні дүниежүзін алаңдатқан сұрақ: өзгерісіне не себеп?Климаттың өзгеруі - басты ғаламдық экологиялық проблема.


Тақырыптың таңдалуы:

Бұл тақырыпты таңдаған себебім, география пәнінде бұл жайлы алғаш рет оқып білдім. Оқу барысында қызығушылық танытып, ары қарай зерттей бастадым. Өз туған өлкемнің климат жағдайын зерттеуді алдыма мақсат етіп қойдым.



Мақсаты:

Өз өлкесіміздің экологиялық жағдайы жайлы білімін тереңдете отырып, ары қарай шыңдай түсу


Міндеттер:

  1. Дүние жүзін алаңдатып отырған климат жағдайының күрт өзгеруінің себебін анықтау.

  2. Оның өз туған жерімізде де болуы, ғаламдық деңгейдегі процесстермен байланысты екенін дәлелдеу.

  3. Өз жеріміздегі табиғат құбылыстарын зерттеу.

Жұмыстың орындалған жері:

«Зайсан» метеостанциясы


1. Әдебиеттерге шолу
1.1Планетаның климаттық жағдайы
Барлық планетада климаттық жағдай жылдам өзгереді. Ғалымдар жерді жаһандық жылыну немесе мұз дәуірі басатындығын тап басып айта алмауда. Апатты цунами, торнадо, құйын, су тасқыны, сақырлаған аяз сынды табиғи катаклизмдер қалпына келмейтін табиғи құбылыс туғызады. Төтенше жағдайлар Қазақстанды да айналып өтпейді.

Климат өзгеруі дегеніміз- белгілі бір кезеңнен миллиондаған жылдар аралығында ауа райы орташа параметрі мәнінің ауытқуы.Бұл жерде ауа райы параметрінің орташа мәні және ауа райының төтенше құбылыстары жиілігі де есепке алынады. Климатты оқып білумен айналысатын ғылым- палеоклиматология.Сыртқы күштердің әсері, мысалы күн сәулесінің қарқындылығы ауытқуы, адамның шаруашылық әрекеті, Жердегі динамикалық үрдістер – климат өзгеруіне себепші болады. Қазіргі уақыттағы климаттың өзгеруін( жылынуға қарай) – ғаламдық жылыну деп атайды. Ауа-райы – атмосфераның күнделікті жай-күйі. Ауа-райы кездейсоқ, бір бағытта емес динамикалық жүйе.Климат- ауа-райының орташа жай күйі, оны болжауға болады.

Климат көрсеткіштеріне мыналар жатады: орташа температура, жауын- шашын мөлшері, жарық күн жиынтығы, және нақты бір жерде өлшеуге болатын басқа да көрсеткіштер.Дегенмен Жерде климатқа әсер ететін басқа да үрдістер жүріп жатады. [5]

Климат өзгерісіне әсер етуші факторлар:

Климаттың өзгеруі. Жердің атмосфера қабығындағы өзгерістерге, Жердің басқа бөліктеріндегі өзгерістерге мысалы: мұхиттар мен мұздықтардағы өзгерістерге, дәл қазіргі уақытта адам әрекеті не байланысты. Климат қалыптастырушы сыртқы үрдістер – ол күн радиациясы өзгеруі және Жер орбитасы өзгерісі.

Материктер мен мұхиттардың өлшемі, жер бедері және өзара орналасуы өзгерісі.

Күннің жарық беруі өзгеруі.

Жердің білігі мен орбитасы параметрі өзгеруі.

Атмосфера мөлдірлігі мен құрамы,соның ішінде жылыжай газ концентрациясы (СО2 және СН4) өзгеруі.

Жердің беткі бөлігінің күн сәулесін шағылдыру ( альбедо) мүмкіндігі.

Мұхиттардың терең бөлігіндегі жылу мөлшері өзгеруі.
1.2Қазақстанның климаттық жағдайы
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солтүстік, батыс және оңтүстік.) төменгі қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солт-тен оңтүстікке қарай 2000 сағаттан 3000 сағатқа дейін артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 мДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ға дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 мДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңтүстікте – 1 ай. [6]

Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 мДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлшері турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа температурасының қала төңірегіне қарағанда төменірек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа температурасын өзгертеді. Қаңтар айының орташа температурасы Қазақстанның солтүстік. және шығыс аудандарындағы – 18°С-тан оңт. аудандарында 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа температурасы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 —30°С-қа дейін. Қазақстанның солтүстік шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа температурасының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңтүстік аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік температура 0°С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солтүстігінде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа температурасы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.

Қазақстанның оңт. аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа температурасының ең жоғарғы деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30 – 35°С, тіпті –40°С-тан да төмен аяздар байқалады. Республиканың қиыр оңтүстігінде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа температурасы 45 – 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді. уляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
1.3. Шығыс Қазақстанның климаты
Табиғи-климаттық жағынан Шығыс Қазақстан бірегей аймақ болып табылады. Мұнда дала, шөл және таулы тайга ландшафтары ұштасады. Облыс аумағының солтүстік және шығыс бөліктерін жер қойнауында түсті, қымбат және сирек металдардың бай қорлары бар Батыс, Орталық және Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері мен жоталары алып жатыр. Алтай тауларының оңтүстігінде Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген құрғақ Зайсан қазаншұңқыры көсілуде. Облыстың барлық оңтүстік –батыс және батыс бөлігін Қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр. Облыстың орталық бөлігінде Қалба тауларының белестенген жазықтықтары басым. Орман облыс аумағының 11,9 % алып жатыр. Орман алқаптары негізінен Алтай таулары жоталарының салаларында орналасқан. Мұнда жасыл қылқанды орман таралған. Орман аумағының төменгі белдеуінде жапырақты және аралас орман өседі. Облыстың көзтартарлық жері облыстың солтүстік – батысындағы белдеулі қарағайлы ормандар босып саналады. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдік әлемінің 1000- нан астам түрлері бар, әртүрлі құстардың 300- ден астам, сүт қоректілердің 100- ге жуық түрлері мекендейді.Ормандар мен далалы белдеуде бұлан, тау ешкісі, арқар, құдыр, елік, қасқыр, аю, сілеусін, аққіс, аққұлақ, бұлғын, сасық күзен, сары күзен, түлкі, қоян өседі. Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағында марал сақталған. Тау бөктерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауларында доңыз мекендейді. [7]

2. Зерттеу әдістері мен нысандары
2.1 Зайсан қаласының климат жағдайы
Зайсан жері шұрайлы, суы мол, жайылымы керемет (Сауыр, Сайқан, Маңырақ, Ертіс, Ақжан, Қабырғатал) сияқты киелі жер. Оның жер асты қазбасы – мұнайға, көмірге, жанатын сланецке, жоса – бояуға, құрылысқа жарамды әкке, құм мен топыраққа толы, жасыл алқапты орманы бар өңір.

Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Жаздағы ауаның температурасы жоғары және ыстық. Атмосфералық орташа жылдық жауын – шашындары 120-180 мм. Тау беткейлеріне көтерілген сайын ылғалдылық артып, ауа температурасы кемиді. Тау басында ол таулы тундралық климатқа дейін өзгерген. Өзендердің ірілерінен: Бұғаз, Базар, Қандысу, Кендірлік өзендерін атауға болады. Сонымен бірге, Зайсан деген көлде бар.

Зайсан – суармалы өңір. Мұнда 1967 жылы сыйымдылығы -75 млн.м куб Үйдене су қоймасы жүйесі, 1956 жылы Кендірлік және 1984 жылы Жеменей су қоймалары салынып, іске қосылған. Сондай–ақ, өлкеде жер асты және жер үсті бұлақтары бар.[1]

Минералды емдік сулар өндіруде, әсіресе, Ащылы, Әулие бұлақ, Арасан Талды қойнаулары пайдаланылады.Жерімізде емдік шөптер көп. Мәселен, таулар мен ой-қырында алтын тамыр, марал тамыр, қарандыз, шай шөп, долана, рауағаш, шырғанақ, өгей шөп, тағы басқа дәрілік шөптер кездеседі.

Республика территориясына әсерін тигізетін ауа массалары бұл өңірге де ортақ әсер етеді.

Зайсан ауданы мұхиттардан, теңіздерден алыс орналасқан. Климатының қалыптасуына географиялық орнының, әсіресе қазаншұңқырында орналасуы үлкен әсерін тигізеді.

Қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік ендіктерінде орналасқан.

Климаты шөлейт құрғақ континентті және биіктік белдеу аймағында жатыр. Күн сәулесінің түсу уақыты – 2332 сағат. Жиынтық күн радияциясы мөлшері 1см3– 126 килокалорийға тең. Орташа жылдық жауын-шашын 200-230 мм. Тау беткейіне көтерілген сайын ылғалдылық артып, ауа температурасы көтеріледі. Қысы аязды, жазы жылы. Ауаның жылдық температурасы 30-тан 3,60-қа дейін ауытқиды: абсолюттік максимум +420, минимум температура -470.

Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, шығыстан қарасай желі (жылы жел) соғады. Қазан-наурыз айлар аралығында жиірек соғып, жаз шыға саябырлайды. Батыстан және оңтүстік батыстан соғатын желді күзуін желі (суық жел) дейді. Қыркүйек-сәуір аралығында жиірек қайталанып соғады. [2]
2.2 Зайсан метеостанциясы
Зайсан қаласы Сауыр және Тарбағатай жоталарының солтүстігінде, Зайсан көлінен оңтүстік- шығысқа қарай 55 км қашықтықта орналасқан. Оңтүстікке қарай 10километрде тау станциядан 200м биік, ал 25 километрде 1000 метрге биік. Зайсан қаласы салыстырмалы түрде аласа, бірақ беткейі тік боп келетін Кішкене Тау етегінде орналасқан.Тау гранитті жартастан тұрады. Қаланың солтүстігіне қарай жер беті біртіндеп аласарып, қамыс пен ши басқан батпақты Қара Ертіс аңғарына ұласады.Ертіс өзені станциядан 40 километр қашықтықта 350м. төмен. Қоршаған таулы аймақтан көптеген ұсақ өзендер ағып өтеді, бірақ олар Зайсан көліне жетпейді.Қаланың Жеменей өзені бойында орналасқан. Өзен оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып, қала маңында шығысқа қарай бұрылады. Қолдан суару арқасында қала жасыл желекке оранған, 6-8 километр жерде егістік, өрістік жер, қаланы ормансыз таулар қоршаған. Тек алыс тауларда шыршалы орман басталады. Жақын жерде батпақ пен көл жоқ. Топырағы қара қоңыр, саздақты, кей жерлерде жартасты қиыршық тасты. [3]

Өсімдіктері: шөлейтті жердің жусанды шөптесіндері. Тау иінінде бұталар, биіктеу жерде- дала, кей жерде батысқа қарай тұзды және ашық құмдар кездеседі.

Метеоалаң әуежайда, қаладан 800метр солтүстікке қарай, таудан 1,5 км. қашықтықта, солтүстікке қарай еңісте орналасқан. Ең жақын құрылыс 40 метр жерде бір қабатты әуежай ғимараты.Зайсан станциясында метеорологиялық бақылаулар 1876 жылы басталған. Жұмыс істеу кезеңдері: 1876-1882жж, 1889-1919жж,1924-1943жж.

Метеостанция атаулары: 1876-1924 жылдар аралығында- Зайсан метеорологиялық пост, 1924-1943 жылдар-ІІІ- санатты Зайсан метеорологиялық станциясы, 1943 жылдан бүгінгі күнге дейін ІІ- санатты Зайсан метеорологиялық станциясы. Орын ауыстырулары: 1889 жылы тамызда- 1,5 км. шығысқа, 1892 жылы тамызда 300 метр шығысқа, 1893 жылы қыркүйекте 2,5 км. шығысқа, 1925 жылы қарашада 1200 метр солтүстік-шығысқа, 1979 жылы мамырда 500мшығысқа.

Координатасының өзгерісі мардымсыз.Станция биіктігі 1919 жылғы тамызға дейін 627м, 1925 жылдан -652м, 1934 жылы 648м. деп алынды.1941 жылдан -602м, 1979 жылы- 583м. деп саналды. 1946 жылы 17 наурызда табақты барометр орнатылып,1979 жылы метеостанцияның жаңа бөлмесіне ауыстырылды. 1979 жылы Третьяков жауын-шашын өлшегішіауыр тақталы желбағар орнатылды. [4]


    1. Метеостанцияның көрсеткіштеріне талдау жасау

Дүние жүзінің барлық метеорологиялық станцияларында бақылаулар бір мезгілде, гринвич уақыты (нольдік сағаттық белдеу уақыты) бойынша 00,03,06,09,12,15,18,21 сағатта жүргізіледі.

Осы синоптикалық мерзім аралығындағы бақылау нәтижелері арнайы метеорологиялық журналға жазылады да, тез арада байланыс құралы арқылы ауа -райы қызметі органдарына беріледі. Осы мәліметтер бойынша синоптикалық карта және басқа материалдар құрастырылып, ауа райы болжамын жасауға пайдаланылады.

Негізгі метеорологиялық станцияларда төмендегідей метеорологиялық өлшемдер тіркеледі:2-жерден 2 метр биіктіктегі ауа температурасы, ауаның ылғалдылығы-салыстырмалы ылғалдылық 2метр биіктікте т.б.

Барлық метеорологиялық көрсеткіштер барлық уақытта өлшене бермейді.

Мысалы: жауын шашын мөлшері тәулігіне 2 рет ( екінші сағаттық белдеуде 4 рет) өлшенеді, қардың қалыңдығы тәулігіне 1 рет, қардың тығыздығы 10 күнде 1 рет т.с.с. [4]

Келесі көрсетілген кестелер мен диаграммалардан соңғы 3 жылдағы метеостанция көрсеткіштерімен таныса аласыздар.

Кесте 1 - Ауа температурасының орташа көрсеткіштері, t0 С






Атауы


Жылдар

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

Қаңтар

-13,1

-13,0

-20.4

2

Ақпан

-16,5

-13,8

-11,8

3

Наурыз

+2,3

+4,0

-5,4

4

Сәуір

+10,4

+9,3

+0,6

5

Мамыр

+14,7

+16,3

+15,7

6

Маусым

+21,1

+25,8

+25,7

7

Шілде

+23,0

+23,4

+27,0

8

Тамыз

+21,2

+22,3

+22,7

9

Қыркүйек

+13,7

+15,3

+12,9

10

Қазан

+7,9

+4,6

+2,3

11

Қараша

-3,4

-11,4

-2,0

12

Желтоқан

-13,5

-13,8

-7,8




Орташа жылдық температура, t0 С

+5,6

+5,7

+4,9




Орташа жылдық амплитуда, t0 С

39,5

39,6

+47,4

Ескерту: «Зайсан» метеостанциясы мәліметтері негізінде құрастырылған

1-кестеде көрсетілгендей 2015 жылы орташа жылдық температура +4,90C-ты құрады, бұл 2014 жылғы деңгейге қарағанда +0,80C-қа төмен. 2013-2015 жылдар аралығындағы ең жоғарғы орташа жылдық амплитуда (+47,4) 2015 жылда байқалады. 3 жыл аралығында қаңтар-шілде айларындағы ең жоғарғы(+27,0) және ең төменгі(-20,4) температура 2015 жылдан көрініс табады, яғни алдағы екі жылға қарағанда 2015 жылы ауа температурасы едәуір өзгергенін көре аламыз. Кестеде берілген көрсеткіштерге назар аударатын болсақ, соңғы жылдардағы ауытқуларды бірден байқауымызға болады.


Сурет 1. 2013-2015 жылдар аралығындағы ауа температурасының көрсеткіштері

Кесте 2 - Ауа ылғалдылығының орташа көрсеткіштері , %




Атауы


Жылдар

2013 жыл,

%


2014 жыл, %

2015 жыл, %

1

Қаңтар

82

87

84

2

Ақпан

82

82

80

3

Наурыз

74

70

81

4

Сәуір

51

55

43

5

Мамыр

52

45

52

6

Маусым

49

35

41

7

Шілде

53

41

39

8

Тамыз

52

34

40

9

Қыркүйек

33

41

68

10

Қазан

69

79

70

11

Қараша

83

82

78

12

Желтоқан

82

85

78




Орташа жылдық ылғалдылық, t0

63

61

64

Ескерту: «Зайсан» метеостанциясы мәліметтері негізінде құрастырылған

2- кестеде көрсетілгендей орташа жылдық ылғалдылық бойынша 2013-2015 жылдар аралығындағы ең жоғарғы көрсеткіш 2015 жылы болып отыр, алайда айларды жеке алып қарайтын болсақ, қаңтар айы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш 2014 жылға тең келіп тұр. Кесте мәліметтеріне сәйкес ең төменгі көрсеткіш 2013 жылдың қыркүйек айы.



Сурет 2. 2013-2015 жылдар аралығындағы ауа ылғалдылығының көрсеткіштері

Кесте 3 – Жауын-шашын мөлшерінің орташа көрсеткіштері, мм




Атауы


Жылдар

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

Қаңтар

0,4

20,8

3,6

2

Ақпан

12,7

4,0

9,5

3

Наурыз

14,7

14,3

21,1

4

Сәуір

0,0

33,2

17,3

5

Мамыр

32,7

44,4

27,9

6

Маусым

12,6

11,8

27,2

7

Шілде

13,5

28,0

36,5

8

Тамыз

39,0

1,3

43,0

9

Қыркүйек

10,0

13,1

17,3

10

Қазан

1,9

41,5

11,0

11

Қараша

1,4

9,6

43,5

12

Желтоқан

1,7

21,3

29,6




Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері, мм

11,7

20,2

23,9

Ескерту: «Зайсан» метеостанциясы мәліметтері негізінде құрастырылған

3-кестеде көрсетілгендей ең жоғарғы жылдық жауын-шашын мөлшері (23,9) 2015 жылы байқалады, ал ең төменгі 2013 жылы. 2015 жылы жауын-шашын мөлшері 2014 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 3,7-ге жоғары. Айларды жеке-жеке алатын болсақ, ең жоғарғы көрсеткішті 2015 жылдың қараша айынан байқай аламыз. Бұл тағыда, жоғарыда айтылып кеткендей 2015 жылы едәуір өзгерістер болғандығын көрсетеді.



Сурет 3. 2013-2015 жылдар аралығындағы жауын-шашын мөлшерінің көрсеткіштері



Қорытынды
Алдарыңызда ұсынылып отырған жұмыста Зайсан қаласының климаттық жағдайы бейнеленген. Барлық планетада климаттық жағдай жылдам өзгереді. Апатты цунами, торнадо, құйын, су тасқыны, сақырлаған аяз сынды табиғи катаклизмдер қалпына келмейтін табиғи құбылыс туғызады. Төтенше жағдайлар Қазақстанды да айналып өтпейді.

  1. Климат өзгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа ауа температураның жоғарылауынан (0,50С-10С), «жылыжай эффектісінің» белең алуынан, кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерінің күрт артуынан немесе керісінше күрт азаюынан айқын көрінеді.

  2. Егер Жер шарындағы орташа ауа температурасы 10С-қа жоғарыласа, Дүниежүзілік мұхиттың деңгейі 16 см-ге көтеріледі.

  3. Жасалған талдауларға жүгінетін болсақ, Зайсан қаласының климаттық жағдайында біраз өзгерістер болғанын байқай аламыз. Әсіресе соңғы, 2015 жылы талданған үш көрсеткіш бойынша ауытқуды анық көруге болады.

  4. Бұл бір жағынан алып қарайтын болсақ, жақын маңда барланып жатқан мұнайдың әсері десек те болады, ал екінші жағынан бүкіл әлемді дүрліктіріп отырған ғаламдық климаттық жылынудың да әсері. Сонымен қатар, көлік санынң артуына байланысты, ауаның ластануы да бұл өзгерістерге өз үлесін қосуда.

  5. Зайсан қаласының климаттық жағдайы өзгеруде және әлі де өзгереді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1

Бирмагамбетов А., Мамырова К. Физикалық география – 6 сынып. - Алматы: Атамұра, 2015

2

Турарбеков А.П. Жалпы экология. –Алматы, 2009

3

Зайсан метеостанциясының мәліметтері

4

Жақып Б.Ө. Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы, 2014

5

Ысқақова Г.Б. Зайсан ауданының географиясы. – Алматы, 2005

6

Қазақстан табиғаты. Энциклопедия. - Алматы, 2013

7

Интернет ақпарат көзі



жүктеу 423,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау