Мен, ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ «Цифрлық технология» ─ Қазақстан Республикасында экономика саласында дамуы ” атты ғылыми жұмысымда цифрлық технологияның түсінігіне және Қазақстанда экономика саласында цифрлық технологияның қызметінің жалпы мәселелеріне, даму кезеңдеріне тоқталдым. Жаңа технологиялардың артықшылығы жеткілікті. Мәселен, ғаламтордан тамашалап жүрген ақылды үйлерде бәрі оңай басқарылады. Екі алақанды бір-біріне соғу арқылы жарық қосылса, теледидарды дыбыспен өшіріп-сөндіруге болады. Сол сияқты ас бөлмесі мен жуынатын бөлмеде де осы секілді кереметтерді жасауға болады. Қолыңды созсаң судың ағатынын өз көзімізбен көрдік. Таңғалатын нәрсе. Бірақ, бұл дәл қазір біз өмір сүріп жатқан қоғамда болып жатыр. Оған ілесу үшін біз барынша білімімізді жетілдіріп отыруымыз қажет. Мұнымен қоса жаңалықтарды уақытында қабылдау да маңызды. Қазір ақпараттың жылдам тарайтын заманы. Әлем бойынша бір секундта 10 сайт ашылады екен. Тіпті, бір дегенде үш миллион хат жіберіледі. Біздің жастарымыз осы үдерістен қалып қоймауы керек. Бір сөзбен айтқанда, цифрлы жүйе әлемдік көшке ілесу үшін қажет. Цифрлы экономика, цифрлы медицина, цифрлы кеден,,,, тізе берсең осылай кете береді. Рас санды жүйелер соңғы жылдары қоғамның бар саласына дендеп енді. Арнайы бағдарлама жұмыс істеп тұрғанын білесіз. Пайдасы көл-көсір. Өткен жылдың өзінде осы цифрландыру жұмыстары 200 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берген. Алматыда 31 қаңтар 2020 жылы ЕАЭО елдерінің Премьер-Министрлерінің қатысуымен - Алматыда 31 қаңтар 2020 жылы ЕАЭО елдерінің Премьер-Министрлерінің қатысуымен
«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтті. Үкімет басшылары өткен жылдың қорытындысын шығарып, Одаққа кіретін мемлекеттерді цифрландыру саласында қандай жетістіктерге жеткенін атап өтті - Бұл форум үлкен деректер (Big Data) және жасанды зерде негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдарын талқылауға арналды.
- Форум алаңында ерекше көрме өтті, онда Қазақстандық стартаптар мен АТ-чемпиондар өздерінің бірегей жобаларын ұсынды.
- Ұсынылған жобалардың бірі — Kazdream Technologies компаниясы ауқымды деректер мен жасанды зерде негізіндегі жобаларды әзірлеумен айналысады.
Компания ұялы байланыс операторларының, әлеуметтік желілердің, мемлекеттік деректер қорының мәліметтерін жеке деректерге байланыссыз кіріктіреді және сараптама жасайды, оның мемлекеттік органдар өз жұмысында пайдаланады. «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Абай атамыз “Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан”деп айтқандай, Қазақстан азаматтарының игілігі үшін жұртшылықты инновацияға жұмылдыруға өз үлесімізді қосайық. Көңіл қойып тыңдағандарынызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |