Секциясы: Қаржы Тақырыбы: Цифрлы технология-болашаққа батыл қадам Жоба авторының аты-жөні: Сапарбек Жанерке Қайнарқызы Алматы ,2020ж Мазмұны Мазмұны 1.Кіріспе - 1.1.Цифрлы Технология-Болашаққа Батыл Қадам
- 1.2. «Цифрлық Қазақстан»
- 2.Негізгі бөлім
- 2.1.Елдің болашағы-цифрлық технологияда
- 2.2.Табысты бастауға барлық жағдай бар
- 2.3.Цифрлы Қазақстан.Ол қандай болады?Біз дайынбыз ба?
- 3.Қорытынды
Кіріспе - Мен жазған ғылыми жобамның тақырыбы:ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ-БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ
- Бұл ғылыми жобамның мақсаты:«Цифрлық технология» ─ Қазақстан Республикасында экономика саласында дамуы туралы зерттеу болып табылады.
Ғылыми жұмысымның басты мақсаты «Цифрлы технология» деген тақырыпты ашу. Цифрлы технология деп аталғандықтан цифрлы технология айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішінде ең бастысы Қазақстан Республикасында экономика саласында дамуы туралы тоқталу керек. Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.Бүгінгі күні Қазақстанға әлемдегі дамыған елдердің бірі болу міндеті жүктеліп отыр. Әлемдік нарықта IT саласы ауқымды орын алып отыр. Әлемдік нарыққа кіру үшін, жастарды осы салаға маманданадырып бағыттау қажет, себебі заман талабы солай. Цифрлы технология өзін- өзі ақтайтын және экономиканы қарқынды дамытудың сенімді құралы болып табылады. «Ақылды», цифрлы, жайлы өмірге ұмтылу керек Бүгінгі таңда «ақылды технологиялар» адамзат өмірінің барлық саласына қарқындап еніп, оның ажырамас бөлігіне айналуда. Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жақсартуды бағытқа алған мемлекеттердің барлығы ұстанатын жаһандық тренд, үрдіс. Бұл орайда, тартыншақтап қалуға, бөгелуге мүлде болмайды, себебі бөгеліп қалған аз ғана уақыт бізді бірнеше жыл кейінге шегеріп тастайды. Осы үрдіске бүгіннен бастап бел шешіп кірісу арқылы Қазақстан халқының, әсіресе жастардың және болашақ ұрпақтың табысты өмірінің іргетасын қалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |