Қанжар.
Альбомға.
Теректің сыйы.
Күлімсіреп аспан тұр.
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек.
Менің сырым, жігіттер, емес оңай.
Шайтан. Вадим. Жалау.
Асау той, тентек жиын, опыр-топыр.
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз.
Махаббат, достық қылуға т.б.
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы –
7
орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - «Вадим» атты Лермонтовтың ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма.
Абай аудармаларын зерттеушілерден оқып білгенім, қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері бар екен. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі нұсқада аударылған).
Орыстың атақты жазушы-ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Онегині» тек Азербайжанда ғана аударылған. Содан кейінгі аударған қазақ -Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен Сарыарқада жатқан Абай орыстың ұлы ақыны Пушкиннің дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған еңбегінің ұлылық қасиетін танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол кез келген ақындардың өлеңдерін аудара бермеген. Таңдап, талғап аударған.
Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой, философиялық, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Крыловтың мысалдары, «Теректің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге», «Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, тағы басқа осылар тәрізді атышулы өлеңдер. Сөйтіп, Абайдың Пушкин, Лермонтов, Крылов тәрізді орыстың ұлы классиктерін аударуы кездейсоқ емес. Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, сұқтанар сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Абайдан бергі, әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» (Кинжал), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін қазақ аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары алдағы халықтың мәдениеті, үлкен идея, ұлы ақындары мен қазақ халқының жұртшылығы араларындағы дәнекер болды.
Абайдың жастарға үлгі ал, өнеге үйрен деген адамдары қазақ емес, Толстой, Салтыков-Щедрин, т.б. болды.
«Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой».
Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды.
Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде
8
екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады:
Қазақшасы:
«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел-сал қып
Түн басады салбырап.
Шаңдай алмас жол дағы
Сыбдырламас жапырақ,
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ...». [Абай, ІІ том, 94-бет]
Орысшасы:
«Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихие долины
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы,
Подожди немного -
Отдохнешь и ты...» [227]
Осы өлеңнің, әсіресе соңғы төрт жолын алсақ, орысшасына дәлме-дәл. Әрине алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнын ауыстыру, бір сөздің орнына басқа синонимдер алу - аударманың жалпы заңы. Оның бұдан басқа да бірнеше аудармалары - «Жалғыз жалау жалтылдап», «Қонады бір күн жас бұлт», т.б. жоғарғы келтірген мысалдар тәрізді дәлме-дәл аудармалар. Абайдың дәл аудармаларының және бір түрі деп «Онегиннің сыйпаты» (Пушкин), «Қанжар», «Жолға шықтым», «Терек сыйы», «Дұға», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» (Лермонтов) атты өлеңдерін айтуға болады. Мұнда өлеңнің буын, ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз-көбіне қарамай, бәрін де қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқастарымен аударады. Лермонтовтан аударғандарының оригиналдары шалыс ұйқас (а-в-а-в-),Абайда (а-а-в-в-) көпшілігінде - қара өлең ұйқасы. «Онегиннен» аудармасы да осылар тәрізді буын ұйқастары сақталмайды. Бірақ бұларды да дәл аудармалардың қатарына қосуға мүмкіндік беретін және бәріне тән бір нәрсе - оригиналдың өзіндегі автордың айтайын деген ойын толық сақтап, ондағы образдарға дәл келетін қазақша образды сөз табу. Жоғарғы аталған өлеңдердің қайсысын алсақ та, осы жүйені берік
9
сақтайды. Мысал үшін Онегиннің орысша, қазақша мінездемесін алалық.
Орысшасы:
«Как рано мог он лицемерить,
Таить надежду, ревновать,
Разуверять, заставить верить,
Казаться мрачным, изнывать,
Являться гордым и послушным,
Внимательным, иль равнодушным!
Как томно был он молчалив,
Как пламенно красноречив.
В сердечных письмах как небрежен!
Одним дыша, одно любя,
Как он умел забыть себя!
Как взор его был быстр и нежен,
Стыдлив и дерзок, а порой,
Блистал послушною слезой!» [228]
Қазақшасы:
«Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен,
Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
«Дем алысым құмарым, бір сен» десе,
Жанын құрбан жолына қылған жансып,
Көз қарауы құбылар әлденеше.
Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,
Қамыққансып, қайғырып орны келсе...»
Бұл өлеңді ұйқасы, не тармақтары (жолдары), буын саны бірдей болмағандықтан, дәл емес деуге болмайды. Мазмұны, сол мазмұнды берудегі образ, сөз мәндері дәлме-дәл. Сондықтан біз мұны дәлме-дәл аударма деп санаймыз. Дәл аударманың осы соңғы түрімен байланысты айтылған «Қанжар», «Дұға», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Терек сыйы», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» бәрі де «Онегиннің сыйпаты» тәрізді ұйқас, буын сандарын сақтамағанмен, мазмұнын, образдарын бұлжытпай дәл беру әдісімен аударылған. Кейбіреулерінде шумақ, не бірнеше жолдарын Абай аудармай кететіні рас. Бірақ ол - өз алдына мәселе. Менің бұл жердегі айтпағым - ақынның неге аудармағаны емес, аударған жерлерін, өлеңдерін қалай аударғаны. «Онегиннің сыйпатынан» келтірген үзіндінің орысша, қазақшасын салыстыра оқыған адамға дәлдігі айқын. Кім аударса да, бұдан артық дәл, бұдан
артық жанды етіп аудара алуы екіталай.
10
Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары», Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзден өлең еткен «Вадим» поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Кейде өз жанынан сурет, баяндаулар қосып, кейбір жерлерін мүлде тастап кетеді. Кейде орыстың ол кездегі жоғарғы топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады.
«Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де сорлы, бақыты кем...» [Абай, ІІ том, 81-бет]
«Қаймақ пен қаспақ» - «Евгений Онегин» романында мүлде жоғы былай тұрсын, орыстың ол топтарының адамдарының мүлде басына келмейтін сөздер. Абай аудармаларының екінші түрі - осы тәрізді ерікті аудармалы өлеңдер.
Абайдың басқа тілге
аударылған кітаптары
11
ІІ бөлім
А
Салтыковтан
Лермонтовтан
Пушкиннен
бай неліктен Лермонтовқа соншама ден қойды екен? Бұны біздің зерттеушілеріміз әлі күнге дейін білмей жүр. Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.
Ерікті аударма
Крыловтан
Көркем аударма
Сөзбе – сөз аударма
Дәл аударма
Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») деген өлеңінің көлемдері екі тілде де 16 жолдан. Бұлай аудару үлкен шеберлікті танытады. Айта берсе, Абай аудармалары шетінен асқан талант иесі екенін дәлелдейді. «Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл» шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл - Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол,бол ақын» «бұлбұл ақын» болып басылып келген екен [2,261]. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр.Мәтіндерді салыстыратын болсақ. Түпнұсқада:
Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твой, промчавчейся по ней,
12
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках застывших капля слез –
Они расстают и прольются.
Аудармада:
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!
Аударманың сәттілігін айтпаса да түсінікті. Лермонтовтың ойы, көңіл-күйі аудармада анық, дәл түпнұсқадағыдай. Абай «арфа» сөзін «домбырамен», «звуки рая» тіркесін «бейіштің үні» деп қазақ оқырманының тіліне сай етіп өте жатық аударыпты. «Пускай персты твой, промчавчейся по ней» - «Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деген тармақтың да баламасын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданған. Абай аудармаларына ғалымдар қай кезде де оң пікірлерін беріп келеді. Мысалы, Қ.Бекқожин бұл туралы былай дейді: «Эти и подобные им Абаевские переводы воспроизводят художественные особенности Лермонтовских творений, сохраняют по возможности точно их содержание. «Кинжал», «Пленник», «Дары Терека», «Дума», «В альбом», «Больное сердце бьется тихо» - это те переводы, в которых мы можем особенно сильно почуствовать силу таланта Абая, тонкость его художественного восприятия, истинно поэтическую ценность переведенных им произведений». Қ.Бекқожин осындай ойдан кейін, Лермонтовты аудару арқылы Абай қазақ поэзиясында жаңа классикалық үлгіні дамытқанын айтады.
Алдымен, Лермонтовтың осы сарынына беріле үн қосуын айтпастан бұрын «Абай өзге де келелі шығармаларын аудармауының себебі не екен?»
13
деген сұрақ туындайды. Лермонтов шығармашылығындағы басты сарын - бас бостандығы болса, Абай аудармаларында мұндай ереуілді әуендер кездеспейді. Тек, «Жартастан қыз құлапты терең суға» дегені болмаса. Абай заманында, тіпті қазақ қоғамында, әйел мәселесі болмаса, жеке бастың бостандығы айырықша орын аларлық күйде болған жоқ. Құлдық, крепостнойлық секілді сұмдықтарды Абай көрмесе керек. Сондықтан мұндай сарын Абайды тебірентпесе керек. Абайға керегі, жүрегіне жақыны, жалғыздық, халық қамы:
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла толғанып,
Жұртым деуге арлымын
Өзге жұрттан ұялып...
деп «Отанымды сүйемін мен өзгеше» немесе «Қош, Россия сорынан арылмаған» деген Лермонтов сарынымен сабақтас күңіренеді. Мысалы, «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіндегі Абай дәл бере білген тұстардан үзінді келтірсек:
Выхожу один я на дорогу:
Сквозь туман кремнистый путь блестит
Ночь тиха. Пустыня внемлет богу
И звезда со звездою говорит -
дегенді Абай былай аударған:
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз,
Тасты жол жарқырайды бұға амалсыз
Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,
Сөйлесіп, ымдасқандай көкте жұлдыз.
Абай өзінің аудармасында ақынның ойын, жан-сезімінің сәулесін, құбылысын еркін түсініп жеткізіп бере алған. Мұнда «пустыня» сөзін «елсіз жер» деп сәтті қолданған.
14
ІІІ бөлім
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүр. Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі - Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде - «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған.
Сонымен қатар ақын поэмалары жайлы зерттеушілер арасында көптеген дау-дамайлар кездеседі. Абайды зерттеуші кейбір ғалымдар «Әзім әңгімесі» поэмасының Абайдың қолымен жазылғандығына күмәнданады. Осыған қарағанда бұл поэма туралы көптеген ойға қаламыз.
«Әзім әңгімесі» Абай жинағына алғаш рет 1933 жылы енгізілген. Оған дейін ол Абайдың туысы және ақын шығармаларын жинақтаушы Ырсаев Ысқақ деген адамның қолында сақталған. Бұл шығарма Абайдың 1909 жылы Санкт - Петербургта шыққан тұңғыш жинағына да енбей қалған. Мүрсейіт қолжазбаларының ішінде де жоқ. Сондықтан кейбір зерттеушілер поэманың идеялық мазмұнына қарап, көркемдік анализге сүйене отырып, «Әзім әңгімесі» Абайдың шығармасы емес деседі. М.Әуезовтің өзі де «Абай (Ибраһим)
15
Құнанбайұлы (1845-1904)» атты монографиялық еңбегінде: «Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың мәтінін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырсайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбадан өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да төлеу салып, аламыштап жіберген сияқты. Өйткені, поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар. Шығыс ақындары жаңа ғана өнер жолына түскен Абайға даналық пікірлерімен, терең ойларымен, нәзік сырларымен қатты әсер еткен еді. Шәкірт Абай кезінде Рудаки, Омар һайам, Хафиз, Сағди ғазалдарын құмарта оқыды. Бұлар бала Абайдың ойын оятып, оны адалдық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен жақсылыққа, сұлулық пен нәзіктікке талпынуға баулыды. Абай дамытқан нәзира дәстүрінің белгілері туралы айтқанда ең алдымен, «Ескендір» поэмасы ойға оралады. Бұл сюжетті Абай өзінше жырлап, жаңаша философиялық түйін жасады. Абай жасаған Ескендір бейнесі Фирдоуси, Низами, Әмір Хосрау, Жәми, Науаи, т.б. жырлаған Ескендірге мүлдем ұқсамайды. Шығыс классиктері Ескендірді барынша мадақтап, оны халықтың қамқоршысы етіп көрсеткен, Абай оны талай елді зар жылатып басып алған тонаушы ретінде бейнелейді.
Ескендір бейнесі Шығыс әдебиетінде мейлінше ең көп тараған болатын. Бірақ оның бәрі тарихтағы шын Ескендірдің бейнесі емес, халықтың «әділ патшасы» жөніндегі арманынан, қаламгердің қиялынан туған Ескендірдің бейнесі еді.
Көркем әдебиетте Ескендірдің бейнесін жасау біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырдың өзінде-ақ әдеби дәстүрге айналғаны. Ескендірдің өмірі мен қызметі туралы нақтылы тарихи деректер болмады. Мұның өзі әрбір автордың Ескендір бейнесін өз қалауынша жасауына мүмкіндік берді. Әрбір қаламгер ең әділ, ең жақсы патша қандай болу керек деген сауалға өзінше жауап берді. Олар өнегелі патшаға тән ең жақсы қасиеттердің бәрін Ескендір бейнесіне үйіп-төкті. Бұл туралы Е.Э.Бертельс: Ескендір жөніндегі туындылар─бұл тек көркем шығарма ғана емес, сонымен бірге, ел билеушілерге жол-жоба көрсетіп отыратын «киелі айна» секілді ерекше шығарма, әрі әрбір дәуірдің саяси даналығының жинағы екенін айта келіп, Низами, Хосрау, Жәми, Науаи жазған Ескендір жөніндегі дастандардың кіріспе бәйіттерін бір-бірімен салыстырып талдайды. Ғалымның осы салыстыруын тәржіма жасамай сол күйінде, яғни орыс тілінде оқырман қауымға ұсынуды жөн көріп отырмын: «Сравним вступительные бейты всех четырех крупнейших авторов «Искандар-наме».
Низами:
О боже, господство над миром - тебе,
16
От нас служение происходит, господство - тебе.
Амир Хосров:
О царь, над миром господство-тебе,
От предвечности до бесконечности царство-тебе.
Джами:
О господи, совершенство божественности - тебе,
Красота господство над миром - тебе.
Навои:
О боже, господство, бесспорно - тебе,
Один шах но привычка его-нищенствовать перед тобой.
Сопостовление этих четырех бейтов очень показательно. Во-первых, совершенно ясно, что бейт Низами задал основной тон и что все три преемника с этим в полной мере считаются. Это понятно, ибо это одно из условий назира. Но далее интересно расхождение четырех авторов. Основная мысль у всех четырех примерно одна и та же, но модификация ее оформления различна» [15. 382-383].
Бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің өзге халықтары көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білудің мәні ерекше зор. Қазақ әдебиетінің Шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы осындай рухани байланыс негізінен нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асады. Ал біз нәзирагөйлік дәстүрін зерттеу ісіне тарихи жалғастық тұрғысынан келіп, нақты әдеби деректер бойынша талдау жүргіздік. Өйткені қазақ әдебиетіндегі көркемдік тәсілдердің бірі саналатын нәзира дәстүрінің қалыптасуы, даму жолдары, қайнар–бастаулары мәселелері күні–бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес.
Абай ақын ретінде әбден қалыптасып, реалистік дәрежеге көтерілген шағында да Шығыс поэзиясынан қол үзген жоқ. Мәселен, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным» сияқты өлеңдерінен Шығыс поэзиясына тән жанға жағымды, көңілге қонымды майда леп есіп тұрғанын аңғаруға болады.
Ұлы ақын дәстүрлі тақырыпқа шығарма жазудың Шығыстық әдісі нәзирагөйлікті жан-жақты меңгерген, оны қазақ топырағына лайықты етіп
17
белгілі дәрежеде дамыта түскен мәңгілік өнер иесі ретінде дәріптеледі. Сөзімді түйіндей айтатын болсам, Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу тарихын ғылыми тұрғыдан жүйелеу – ұлы ақын шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің түбегейлі зерттелуіне жол ашады деген ойдамын.
18
Қорытынды
Абай аудармаларының жоғарыдағыдай үздік болуының, меніңше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы;
2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік қасиеттерін терең ұғынуы;
3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы.
Жалпы Абай аудармаларындағы ерекшелік үнемі толығып, дамып, бүтіндей байланысып отырады. Екі халықтың екі ұлы тұлғасының поэзиясындағы үндестік, жалғастық - олардың асқан талант иелері екендігін танытады.
Қорыта айтқанда, Лермонтовтың асыл мұрасын терең таныған, ақындығына берік ден қойған, орыстың дана ақынын өзіне ұстаз тұтқан Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Сондықтан, ұлы ақындар арасындағы шығармашылық байланыс пен поэзиялық үндестікті аударма нұсқалар арқылы тану бүгінде ең маңызды зерттеу мәселелердің бірі болмақ.
Бірінші, бұл - қазақ әдебиетінің даму жолындағы күрделі жаңа адым. Екінші, қазақ жұртшылығын ұлы идея, үлкен қор, жоғарғы сатыдағы әдебиетпен таныстырып, екі елдің рухани тіршілік мәдениет, әдебиеттерін байланыстыруға берік дәнекер болды. Үшінші, орыс әдебиетін жақсы аудару, олардың үлгісінде жаңа образ, жаңа сөз, сөйлем, қазақ әдебиетінде бұрын жоқ әртүрлі әдістерді әдебиетке кіргізіп, қазақтың әдеби тілін бұрынғыдан да байытып, дамытты, ілгерілетті. Төртінші, шет тілден өлеңдерді қалай аудару керек екендігінің бірінші рет жолын салып, кейінгілерге үлгісін пішіп берді.
Абай аудармалары - бүгінгі аудармашылар үшін де көрнекті үлгі.
Қазақстан Республикасында үш тілді игеру мемлекеттік деңгейге көтеріліп отыр. Осы мақсатпен аударма жұмысы біздіңі жас мемлекеттің жаңа ғасырға жаңа жолмен келуі болып табылады. Соңғы жүз жылдың ішінде қазақ елінің аудармасы қиын қыстау жолдармен өтіп, қазіргі таңда таңдамалы шығармалардың биігіне жетіп отыр.
Жақсы аударма – тілімізді әлемге әйгілі етудің дұрыс жолы. Жоғарыда айтып өткендей, аударма жұмысында түпнұсқасы мен аударма қатар жүреді, яғни, олар автор мен аудармашы екенін білдім. Ал осы жолдағы тілдердің айтысы, ол екі елдің мәдениетінің айтысы сияқты болып келеді. Осыны айта келе мен, аударма жұмысы – өз елінің дәстүрін, ұлтының жоғары деңгейде екендігін көрсету деп білемін.
19
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Нұрышев С. Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). – Алматы: Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1957 – 151 б.
2. Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. – б.
3. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына: Көркем аударма мәселелері. – Алматы: Жазушы,1987. – 171 б.
4. Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортқ қазына. Алматы,1967.
5. Молдабеков Ж.Ж. Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады // Ақиқат. – 2006. – №4. – 41
6. Мырзахметов М. Ақын творчествосындағы нәзирагөйлік дәстүр //Жетісу. 1985,
7. Әуезов М. «Әр жылдар ойлары». Алматы, 1959.
8. Дербісәлин Ә. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Құраст: Қожакеев Т. Алматы: Ғылым, 197 6.
9. Сұлтанбеков М. Ақын поэмаларының жазылу тарихынан //Семей таңы. 1970.
10. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. І том. Алматы:
Жазушы, 1995-336 б.
11. М.О.Әуезов Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (Монография) Шығ. 12 томдық, 12-том А. «Жазушы» 1969 жыл, 533-бет
12. М.Мырзахметов Абай және Шығыс. 1995 жыл
13. М.Мырзахметов Ақын творчествосындағы нәзирагөйлік дәстүр Жетісу 1985,
14. Абай Құнанбайұлы Шығ. жинағы. І том Алматы Жазушы 1966, 336-бет
15. З.Ахметов Абайдың ашылмаған бір қыры // Ақиқат 1994, №5- 45 бб.
16. Сауытбек Абдрахманов. «Перевод поэзии и поэзия перевода». «Аударма», 2008-3-4 бет.
17. Аbаi.кz сайты.
20
Жетекшінің пікірі
Алпыспаева Гульбану Аманбаевнаның Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Алакөл орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы Рахметова Рабиғаның ғылыми – зерттеу жұмысына берілген пікірі.
Зерттеу тақырыбы: Абай Құнанбаевтың аудармалары
Оқу-зерттеу жетекшісі: Алакөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпыспаева Г. А.
Оқушының зерттеу жұмысы келесі келелі мәселелерді анықтауға арналған:
Абайдың өмірі мен шығармашылығын тереңірек білу.
Абайдың аударма лирикасын тану.
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрді зерттеу.
Тақырыптың зерттелу мақсаты: Абайдың шығармаларын тереңірек оқып білу. Зерттеу кезінде оқушы өзінің ізденушілік қабілетімен танылды. Өз бетінше әдебиеттерден көптеген пайдалы мәліметтерді оқып білді. Абайдың өміріне шолу жасап, тек қана мектеп бағдарламасындағы ақпараттарды ғана емес, Абайдың өміріне байланысты басқа да көптеген жаңалықтармен, яғни басқа да ұлт ақындарының Абай аударған шығармаларымен танысты.
Оқушы мынадай жетістіктерге жетті:
Зерттеу тақырыбы бойынша көптеген әдебиеттер оқылды.
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мәліметтермен танысты.
Интернет бойынша ақынның өміріне, поэзиясына байланысты жаңалықтарды таба алды.
Абайдың және басқа да ақын – жазушылардың суреттерін жинақтады.
«Абай аудармашы» тақырыбына буклет жасады.
Берілген жұмыстың маңызы соншалықты, оқушы ұлы ақынның шығармашылығымен тереңірек танысып, онымен бірге басқа ұлт ақындарының да өлеңдерін өз ана тілінде танып білді. Рахметова Рабиғаның ізденушілік қабілетінің зор екеніне көзім жетті. Сондықтан да бұл жазған жұмысы барлық талаптарға сай жазылған деп айта аламын және де жақсы деген бағамен бағаланады деген үміттемін.
21
Рецензия
Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Алакөл орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы Рахметова Рабиғаның ғылыми – оқу жұмысына мектептің оқу ісі жөнінідегі меңгерушісі Рахметова Гүлназ Төлегеновнаның берген пікірі.
Зерттеу тақырыбы: Абай Құнанбаевтың аудармалары
Оқушының зерттеу жұмысы келесі келелі мәселелерді анықтауға арналған:
Абайдың өмірі мен шығармашылығын тереңірек білу.
Абайдың аударма лирикасын тану.
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрді зерттеу.
Тақырыптың зерттелу мақсаты: Абайдың шығармаларын тереңірек оқып білу. Зерттеу кезінде оқушы өзінің ізденушілік қабілетімен танылды. Өз бетінше әдебиеттерден көптеген пайдалы мәліметтерді оқып білді. Абайдың өміріне шолу жасап, тек қана мектеп бағдарламасындағы ақпараттарды ғана емес, Абайдың өміріне байланысты басқа да көптеген жаңалықтармен, яғни басқа да ұлт ақындарының Абай аударған шығармаларымен танысты.
Оқушы мынадай жетістіктерге жетті:
Зерттеу тақырыбы бойынша көптеген әдебиеттер оқылды.
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мәліметтермен танысты.
Интернет бойынша ақынның өміріне, поэзиясына байланысты жаңалықтарды таба алды.
Абайдың және басқа да ақын – жазушылардың суреттерін жинақтады.
«Абай аудармашы» тақырыбына буклет жасады.
Берілген жұмыстың маңызы соншалықты, оқушы ұлы ақынның шығармашылығымен тереңірек танысып, онымен бірге басқа ұлт ақындарының да өлеңдерін өз ана тілінде танып білді. Рахметова Рабиғаның ізденушілік қабілетінің зор екеніне көзім жетті. Сондықтан да бұл жазған жұмысы барлық талаптарға сай жазылған деп айта аламын және де жақсы деген бағамен бағаланады деген үміттемін.
22
Қосымша мәліметтер
Достарыңызбен бөлісу: |