С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдығына арналған
«Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру» атты
Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары = Материалы
Республиканской научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения – 13: сохраняя
традиции, создавая будущее», посвященная 60-летию Казахского агротехнического университета
имени С.Сейфуллина. - 2017. - Т.І, Ч.3. - Б.77-78
КӘСІБИ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЕНГІЗУ
ТИІМДІЛІГІ
Серекпаева М.А., Юсупова Г.Т., Жусупбеков Ж.М.
Жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздік – бұл барлық
компаниялардың қызметіне әсер ететін мәселе болып табылады. Кәсіби
қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті (OHSAS) басқару жүйесін енгізу
қазіргі көптеген елдерге міндетті талап болып табылады. Сонымен қатар
компаниялар еңбекті қорғау және қаіпсіздік көрсеткіштері бар есептерді
табыс етуге міндетті.
OHSAS 18001 стандарты талаптарына сәйкестігі расталған ұйым
жазатайым
оқиғалар
тәуекелін
азайтуды
қамтамасыз
ететіндігін
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын өндірістік
жарақаттану мен аурулардың нәтижесінде 2-3 миллионнан астам адам қайтыс
болады, бұған қосымша апаттардан 300 миллиондай адам зардап шегеді.
Сондықтан әрбір жұмыс орнында қауіпсіздіктің жоғары мәдениетін дамыту
өте маңызды. Басқару жүйесінің бір бөлігі қазіргі уақытта Қазақстан
кәсіпорындарының көпшілігі кәсіби тәуекелдерді сауатты басқару есебінен
кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласында салмақты нәтижелілікке қол
жеткізу мен оны көрсетуге мүдделілік білдіріп отыр. Кәсіби қауіпсіздік пен
денсаулық менеджменті жүйесі – бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы
жүйесінің бір бөлігі, ол қызметкерлер өмірінің сақталуын қамтамасыз етеді
[1].
Әртүрлі ұйымдар OHSAS саласындағы саясаттар мен мақсаттарға
сәйкес кәсіби тәуекелдерді басқару арқылы кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық
(OHSAS) саласында айтарлықтай нәтижелерге жету мен оларды көрсетуге
мүдделілік танытуда. Ұйымдардың мүддесінің өсуі заңнамалардың
қатаңдауымен, экономикалық саясаттың даму шарттарымен және OHSAS-
тың тиісті шараларын орындауға бағытталған басқа да шаралармен, сондай-
ақ OHSAS сұрақтарымен мүдделі тараптардың алаңдаушылығының жалпы
өсуінің шарттарымен түсіндіріледі. Көптеген ұйымдар OHSAS нәтижелігін
бағалау үшін «талдау» немесе «аудит» жүргізеді. Алайда бұл «талдаулар»
мен «аудиттер» оның нәтижелілігінің заңдармен саясатта қарастырылған
талаптарға сай екендігін және одан әрі сай болатындығы жайлы ұйымның
сенімділігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Нәтижелі болуы үшін бұл
«талдаулар» мен «аудиттер» ұйым менеджментімен біріктірілген
құрылымдық менеджмент жүйесінің шегінде жүргізілуі қажет.
OHSAS менеджментіне таралатын стандарттар ұйымдарды OHSAS
бойынша мақсаттарға және экономикалық мақсаттарға жетуде көмектесу
үшін менеджментке қойылатын басқа талаптармен бірігуі мүмкін нәтижелі
OHSAS менеджмент жүйесінің элементтерімен қамтамасыз етуге
бағытталған. Басқа да халықаралық стандарттар сияқты бұл стандарттар
саудада бейтараптық тоқтауылдарды жасау не қатаңдату немесе ұйымға
заңнамамен салынатын міндеттемелерді өзгерту мақсатында қолдануға
арналмаған. OHSAS стандарты ұйымға заңнама талаптары мен кәсіби
тәуекелдер туралы ақпаратты назарға алатын саясат пен мақсаттарды әзірлеу
мен енгізуге мүмкіндік беретін OHSAS менеджмент жүйесіне талаптарды
белгілейді. Оны әр түрлі географиялық жағдайдағы, мәдени және әлеуметтік
ерекшеліктері бар кез келген типтегі және мөлшердегі ұйымдар қолдана
алады. Жүйенің табысы ұйымның барлық деңгейлері мен қызметтерімен,
әсіресе жоғарғы басшылықпен қабылданған міндеттемелерге тәуелді.
Осындай жүйе OHSAS саласында саясатты орнату, саясат міндеттемелерін
сәйкестендіру үшін мақсаттар мен үрдістерді орнату, нәтежелілікті
жақсартуға арналған шараларды жүргізу және жүйенің осы OHSAS
стандартына сәйкес екендігін көрсетуге мүмкіндік береді. OHSAS
стандартының жалпы мақсаты OHSAS менеджмент жүйесінің тиісті
тәжірибесін әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктермен теңгерімін сақтауда
қолдау болып табылады. Көптеген талаптардың бір уақытта қарастырылу
немесе кез келген уақытта қайта қаралу мүмкіндігін ескерген жөн. OHSAS
менеджменті мәселелердің бүкіл диапазонын, сонымен қоса стратегия мен
бәсекеге қабілеттілікке қатысты мәселелерді қарастырады. OHSAS
стандартының табысты енгізілуін көрсету ұйыммен мүдделі тараптарды оған
тиісті OHSAS менеджмент жүйесінің бар екендігін куәландыру үшін
қолданылуы
мүмкін.OHSAS
18001
сертификаттары
кәсіпорын
қызметкерлерінің өндірістік және кәсіби тәуекелдері ықпалдарын
бақылайтынын, жұмыс орындарында қызметкерлер тобының қауіпсіздігінің
қамын ойлайтынын растайды.
Компания жетекшілері тәжірибеде қауіпсіздікті басқару жүйесін
қолдауы, стандарттын кәсіпорында бейімделуіне көмектеседі. Кәсіпорында
қызметкерлерді қауіпсіз еңбек және тазалық саласында оқытып, тәжірибеде
қолдануға және стандарт талаптарына сәйкес қауіпсіздік мәдениетін құруға
мүмкіндік береді [2].
Кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджмент жүйесін
сертификаттау бүгінгі күнде Қазақстанның өнеркәсіптік компаниялары
ұмтылатын ҚР СТ OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007)«Кәсіби
қауіпсіздік
және
денсаулық
саласындағы
менеджмент
жүйелері.
Талаптар»стандартымен сәйкес жүргізіледі. Олардың ұмтылысы бір жағынан
денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қорғауға байланысты шығындарды азайту
үшін, ал басқа жағынан бірлестік беделін жақсарту мен өндірістің тиімділігін
арттырумен сипатталады. Осы мақсаттарды көздегенде, кәсіпорындар
OHSAS 18001 халықаралық стандартының талаптарына бағыт алып,
өздерінде «кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты басқару жүйесін» енгізеді [3].
Стандарттың негізгі мақсаты – ұйымға кәсіби қауіпіздікті басқару
жүйесін енгізу және жұмыс жасауын қадағалауға көмектесу.
Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйесін кәсіпорында
енгізу артықшылықтары: бизнестің тікелей және жанама шығындарын
азайту; жазатайым оқиғалар мен аурулардан адам шығынын азайту; сот
шығындарының ықтималдылығын азайту; кәсіпорын беделін көтеру;
компаниядағы моральдік ахуалды жақсарту; жұмыс орнындағы тәуекелдер
мен қауіптердің терең түсінігі қызметкерлер тобының үздік қатысуына әсер
етеді;
Осылайша, СТ РК OHSAS 18001-2008 стандартына сертификаттауды
енгізу тәжірибесі үрдіс қатысушыларының біліксіздігін жою, кәсіби
қауіпсіздік пен денсаулық менеджмент жүйесінің негізгі қағидалары мен
артықшылықтарын санаға енгізу ең бастысы екенін көрсетеді. Қазақстандағы
көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар мен қызметкерлер тобының денсаулығы
мен қауіпсіздігін қорғауды басқару жүйесін енгізудің маңыздылығын түсіне
бастады. Кәсіпорынның OHSAS 18000 сериялы сертификатының болуы
сәнділік пен бір ғана кәсіпорын тобының айқын сипаты емес, ол өмірлік
қажеттілік, бизнестің іргетасы мен оның табысты өсуінің кепілі екендігін
бүгінгі күнде әр адам түсінеді. OHSAS 18001 сертификаты өндірістік және
кәсіби тәуекелдердің басқарылатын жағдайларда болатын және барлық
нормаларға сай екендігін көрсетеді [4].
Әдебиеттер тізімі
1. Эффективные инспекции труда – ключевое звено в достижении цели
достойного труда в странах СНГ. Вестник Бюро МОТ №4. Москва, 2015.
2. AbolfazlGhahramani. Factors that influence the maintenance and
improvement of OHSAS 18001 in adopting companies: A qualitative study.
JournalofCleanerProduction
,
Volume 137
, 20 November 2016, Pages 283–290
3. Сертификация систем менеджмента профессиональной безопасности
и здоровья на соответствие СТ РК OHSAS 18001-2008. Требования.
Достарыңызбен бөлісу: |