429
Литература:
1. Интернет-ресурс: официальный сайт АО «Билд Инвестментс Групп» http://www.bi-
group.kz/;
2. Консолидированная финансовая отчетность АО «Билд Инвестментс Групп» за год,
закончившийся 31 декабря 2014г;
3. Консолидированная финансовая отчетность АО «Билд Инвестментс Групп» за год,
закончившийся 31 декабря 2013г;
4. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учеб.
пособие / — 7-е изд., испр. — Мн.: Новое знание, 2002. — 395 с.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША
АЛҒАШҚЫ РЕТ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ
Оспанова З.Ж., Жуматаева Б.А.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: ospanova_zere@inbox.ru
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша алғашқы рет қаржылық
есептілікті дайындау кезінде туындайтын негізгі сұрақ – бұл, атқарылатын жұмыстың
барлық кезеңдерінде оның дайындығына жауап беретін жауапкер маманды таңдау болып
табылады. Оны іске асыру үшін ұйымның қызметкерлері мен тəуелсіз кеңесшілер тартылуы
мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі күндері аралас нұсқалардың болуы кездеседі. Халықаралық
қаржылық есептілік стандарттары бойынша қаржылық есептілікті дайындаушы жұмыстың
бірінші кезеңінде сауалнаманы қалыптастырады жəне ол бойынша жауаптарды қаржылық-
бухгалтерлік, кадр, заңдық, операциондық жəне т.б. қызмет бөлімшелері ұсынуы шарт болып
табылады. Есептілікті дайындау үшін өадетті ақпаратты жинау процессіне əрдайым
ұйымның мамандары жауапты болады. Бұл бағдарламадан алынатын бухгалтерлік
мəліметтерді жинау, оларды өз уақытында жүйеде қалыптастырған қызметкерге оңай
болатынымен шарттастырылған. Аталған процесске сырттан кеңесшіні тарту процессі – өты
қымбат процедура болып табылады, өйткені бухгалтерлік есеп жүйесін, бағдарламалық
өнімді, аналитикалық жəне жеке операцияларды зерттеу үшін оған көп уақыт қажет болады.
Сұранысқа жауап беретін ұйым бухгалтері ақпараттың əрі қарай қалай
қолданылатыны туралы əрдайым біле бермейді. Сондықтан ол оны əрқашан қисынды ұсына
бермейді. Есептілікті құраушы жауапты анализден өткізу үшін уақытты жаратады жəне ол
бухгалтерді өзінің қойған талабын орындауды да сұрауға мүмкін. Ақпаратты ұсынуға кететін
уақыт кезеңінің қысқарту үшін есептілікті құрастырушы кестелерді толтыру бойынша
бухгалтерлерге қысқаша нұсқаулар беруі мүмкін. Ол жинақталатын ақпараттың əр бөлігін,
толтырылу мақсатын жəне жиі кездесетін негізгі қателерді айқындауы керек. Бастапқы
ақпарат жиналған кезде, есептілікті қалыптастыруды бастауға болады, сондықтан оны
мамандарды тарту жағынан есептілікті дайындаудың үш негізгі нысанын қарастырайық.
Біріншісі – бұл, есептілікті тəуелсіз кеңесші қалыптастыруы. Ұйым кеңесшіге
есептілікті қалыптастыру үшін қажетті барлық мəліметтерді жоғарыда айтылған ақпараттық
сауалнамалар форматында ұсынады. Содан кейін кеңесші өз күшімен қаржылық есептілікті
дайындайды. Қалыптастырылу алдында жоба тапсырыс беруші жақтан болатын басшымен
талқыланады, себебі ол арқылы резервтерді қалыптастыру, құнсыздану бойынша тестілеудə
өткізу, сегментті жəне өзге де ақпаратты ашу бойынша кəсіби ойлар қозғалады. Есептілікті
қалыптастыру аяқталған соңкеңесші қанай түзетулер жасалғаны, қандай жорамалдар мен
тəсілдемелер қолданылғаны туралы барлық жұмыс құжаттарын ұсынады. Бұл келесі есепті
кезең бойынша есептілікті дайындау кезінде ақпараттың бірізділігін сақтауға жол береді.
Сонымен қатар есептілікті құрастырушы маман барлық есептік файлдар бойынша түзетулер
мен есептілікте ашылатын ақпарат бойынша аудитордың барлық сұрақтарына аудиторлық
қорытынды берілген сəтке дейін жауап береді.
430
Кеңесші мен ұйымның қызмет бөлімшелері арасында қарым-қатынасты жақсарту
үшін ақпарат ағымдарын қадағалайтын персоналды тағайындауға болады. Ұйымның
көлеміне байланысты бұл қызметті бас бухгалтер немесе арнайы құрылған бөлімше атқара
алады. Қажеттілік туындаған жағдайда аталған персонал əкімшілік ресурстты қолдануына
болады. Жылдық жəне аралық есептілікті дайындайтын ұйымдар үшін тəуелсіз кеңесші
нұсқасы мінсіз болып келеді. Бұл кезде баға, сапа мен қызметті көрсету уақытының
оптималды қатынасы қалыптасады. Жоғарыда сапалары келтірген маманның өзінің
əдістемелік базасы мен əртүрлі аудиторлық компаниялармен қарым-қатынас жүргізу
тəжірибесі болады.
Соңғы жылдары көптеген ірі компаниялар ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікті
өздігінен қалыптастырады. Кейбір компаниялар алдына қойылған мақсатқа жету үшін
арнайы білімі бар мамандарды жинау арқылы, ХҚЕС бөлімін қалыптастырады. Компания
құрамындағы ХҚЕС бөлімі үшін ең мінсіз ахуал болып есептілікке қол қоятын қаржылық
басшыға тікелей бағыну болып табылады. Аталған бөлімнің басқа бөлімдерден ақпаратты
толығымен алу құзыреті болуы керек. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес
септілікті қалыптастыру кезінде мамандар бірдей уақытта қажет ақпаратты ХҚЕС үшін
жинайды. Əдетте, бұл əрекетті аналық компанияның есеп жүйесіне өздігінен кіру арқылы
орындайды. Жүйеде керекті ақпараттары жоқ немесе қанағаттандырмау сəтінде,
сұраныстарды кадр, операциондық жəне заңнамалық бөлімшелерге жолдайды. Еншілес
ұйымдар бойынша мəліметтерді де ақпараттық сұраныс жіберу жолымен алады.
Өзіндік ХҚЕС бөлімін құрастыру нұсқасын таңдаған кезде келесіні түсіну керек –
оған кететін ақша қаражаттары тəуелсіз кеңесшіні тартқанға қарағанда құны жағынан
əлдеқайда жоғары болады.Арнайы құрылымдар аумағында өздерін көрсеткен жəне
тəжірибесі бар мамандар қымбат келеді. Компаниялар оларды бір немесе екі ретке емес,
тұрақты жұмыс істеуге алады, сонымен қатар, əрдайым кадрларды қздіксіз қайта дайындау
мен əдістемелік базаны сақтау қажет болады. Себебі, заңнама мен ХҚЕС үнемі өзгертіліп
немесе жағарып отырады, жаңа операциялар, тіпті компаниялардың жаңадан қызмет түрлері
пайда болады. Ресурстардың шектеулілігі – есептілікті өздігінен қалыптастыру кезінде
туындайтын тағы да бір проблема болады. Топты аса тəжірибелі мамандармен толықтыру
қажеттілігі пайда болуымен қиын-қыстау сəттерде, оны оперативті іске асыру қиындық
туғызады. Осылайша, аудиторларға немесе ұқсас жобалық кеңесшілер тобына негізделген
профессионалдар тобы ғана болған кезде өзіндік ХҚЕС бөлімшесі тиімді əрі жемісті қызмет
атқарады. Ал осындай топты ұйымдастыру үшін, компания тəуелсіз кеңесшілік қызмет
көрсететін ұйым өзіне алатын шығындарға тең болатын ақша қаражаттарын жұмсаған кезде
ғана қол жеткізе алады. Бірақ, өзіндік ХҚЕС бөлімін құрастыру мен ұстау бойынша ақиқат
қиындықтар есептілікті оперативті дайындау процесі секілді сөзсіз ерекшелікті артығымен
компенсациялайды. Есептілікті қалыптастыру мен ақпаратты жинау процесстерін парелельді
жүргізу, коммуникация тізбегінде қосымша буындардың болмауы – осы пунктер
компанияны арнайы ХҚЕС бөлімін құруға итермелейді. Жоғарыда аталған барлық
факторларды есепке алғанда, компания үшін өзіндік ХҚЕС бөлімін қалыптастыру есептілікті
əр тоқсан немесе нақтырақ айтқанда əрдайым дайындау кезінде тиімді болып келеді. Осы
кезде ғана қызметкерлердің жоғары формадағы еңбекақысы мен сондай бөлімшені
қалыптастыру мен ұстауға кететін шығындар орынды болады. ХҚЕС бөлімшесі неше
мамандардың бірігуінен тұруы қажет? Мысал, 8-10 компаниялар тобынан құралатын ірі бір
аналық компанияда ХҚЕС бөлімшесі екі-үш маманнан құралуы мүмкін. Шоғырландырылған
қаржылық есептілікті құру мен ұсыну процесін іске асыру үшін бір аса тəжірибелі маман
жеткілікті, ал қалғандары есептілікте ашылатын аса қиын есеп айырысуларды өткізуге
жеткілікті түрдегі халықаралық стандарттар бойынша білімі бар қызметкерлер болады.
ХҚЕС бойынша есептілікті қалыптастырудың ұсынатын соңғы жəне «аралас» деп
аталатын нұсқасы əмбебап болып табылады. Ол əр тоқсан, əр жыл, стандартты немесе
ықшамды уақытта құрастырылатын қаржылық есептілікті жасау кезінде қолданылуы мүмкін.
Есептілікті қалыптастыру үшін құрастырылатын ХҚЕС бөлімшесінің ішкі жəне сыртқы