Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет211/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   219

433

После  признания  убытка  от  обесценения  необходимо  изменить  норму  амортизации

актива, привести ее в соответствие с новой балансовой стоимостью с тем, чтобы погасить ее

в  течение  предусмотренного амортизационного срока, а сумма ликвидационной  стоимости,

если  она  была  определена  в  начале  амортизационного  срока  данного  актива, не

пересматривается. Таким образом, риски, влияющие на предпринимательскую деятельность,

могут  привести  как  к  убыткам, так  и  к  прибылям  компании, поэтому  при  составлении

финансовой отчетности необходимо учитывать влияние внешних и внутренних факторов на

активы. Данные  факторы  учитываются  при  оценке  приемлемой  величины  аудиторского

риска  в  ходе  планирования  проверки  операций  с  оценочными  резервами. Методика

определения  влияния  факторов  позволяет  выявить, что  с  учетом  влияния  на  обесценение

активов  внешних  и  внутренних  факторов  приемлемая  величина  аудиторского  риска

увеличивается, что, в свою очередь, может привести к сокращению количества аудиторских

процедур в ходе проверки и тем самым уменьшению ее стоимости.



Литература:

1. http://www.buh.kz

2. http://www.minfin.gov.kz

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ:

ХҚЕС (7) ЕСЕП БЕРУДІҢ ƏДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

Мырзағали Ж., Сапарбаева С.С.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

Астана қ, Қазақстан Республикасы

E-mail: 1505794729@qq.com

Тезистерде  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есептерді  дайындау  реттелетін

нормативті  құжаттарға  талдау  жасалған, есептің  негізгі  терминдері  мен  оны  құрастыру

ерекшеліктеріне  анықтама  берілген. ХҚЕС  жəне  ҰҚЕС  бойынша  есептер  салыстырылған,

ортақ белгілері мен айырмашылықтары анықталған.

Аталған  тақырыптың  өзектілігі. ҚР  бүгінгі  таңда  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық

есептіліктің  халықаралық  стандарттарын  енгізу  жолымен  заңнаманы  халықаралық

стандарттармен  үйлестіру  саясаты  жүргізіліп  отыр, алайда  бұл  кезең  біршама  ұзақ  болып

табылады  жəне  əлі  толық  аяқталған  жоқ. Халықаралық  стандарттарға  жақындастыру

мақсатында  Бухгалтерлік  есептің  ұлттық  ережесі (стандарт) 1 «Қаржылық  есептілікке

қойылатын  жалпы  талаптар»  бекітілген,  ол  1  «Қаржылық  есептілікті  ұсыну»  ХҚЕС

ұстанымдарына  негізделеді, қаржылық  ережелерінің  тұжырымдамалық  негіздерінің  жаңа

басылымына сəйкес бекітілген [1].

Есепті  кезең  ішінде  операциялық, инвестициялық  жəне  қаржылық  қызмет

нəтижесінде  ақша  қаражаттарының  түсімі  мен  жылыстауы  көрсетілетін  қаржылық

есептілікті  Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп  деп  атайды, оның  мұндай

анықтамасы  ХҚЕС 7 «Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» ақша  қаражаттары

баламасы ұғымдарын ескеріп берілген [2].

«Ақша  қаражаттары  баламалары» ұғымына  қатысты  олардың  стандарттардағы

мағыналары  ұқсас  болып  келеді  –  қысқа  мерзімді,  өтемпаздығы  жоғары  ақша

қаражаттарының  белгілі  сомаларына оңай айырбасталатын инвестициялар, оларға құнының

өзгеруінің болмашы тəуекелі тəн болады. Ақша қаражаттары баламасына мысал жол чектері,

өтемпаздығы  жоғары (3 айға  дейін) құнды  қағаздар, күн  сайын  қаражат  салу  жəне  алу

мүмкіндігі бар  депозиттік салымдар жатызылады. Ақша мен оның баламаларының түсуі мен

жылыстауы  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  ретінде, ал 6 ХҚЕС 7 – ақша  ағымы  ретінде

анықталады.

ХҚЕС 7 Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепті  əзірлеу, ақпаратты  ашу

бойынша ортақ белгілер:



434

1) Қаржылық есептілік формаларын толтыру бойынша əдістемелік нұсқаулардың 4.1.

т. сəйкес  Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепті  дайындаудың  мақсаты

пайдаланушыларға  кəсіпорынның  есепті  кезеңдегі  ақша  қаражаттары  мен  оның

баламаларының өзгерістері туралы толық, анық жəне күн ілгері кесіп-пішілмеген қаржылық

есептілікті  ұсыну  болып  табылады. ХҚЕС 7 бұдан  басқа  пайдаланушыларға  кəсіпорынның

ақша  қаражаттары  мен  олардың  баламаларын  генерациялау  қабілетін  жəне  кəсіпорынның

аталмыш  ақша  қаражаттарын  пайдалану  қажеттіліктерін  бағалау  негізі  ретінде  қаржылық

есептілікті ұсынуға  баса назар  аударылады. ХҚЕС 7 бөліп  көрсеткен қаржылық  есептілікке

қайшы  келмейтін, ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп  дайындаудың

мақсаттылығын көрсететін тағы екі фактор бар:

а) əр түрлі кəсіпорындар қызметінің нəтижелері туралы есептіліктің бітімділігі;

б) өткен кезеңдердегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат көп жағдайда

болашақтағы  ақша  қаражаттары  қозғалысының  сомасы, кезеңі  жəне  анықталғандығы

көрсеткіші ретінде пайдаланылады.

2) Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп  белгілі  кезең  ішінде  операциялық,

инвестициялық  жəне  қаржылық  қызметтен  келетін  ақша  ағымдарын  шектейді, бұл  келесі

ақпараттарды алу қажеттілігімен байланысты болады:

- қаржылық  есептілікті  пайдаланушыларға  қызметтің  осы  түрлерінің  кəсіпорынның

қаржылық  жағдайына  жəне  оның  ақша  қаражаттары  мен  оның  баламаларының  сомасына

ықпалын бағалау мен қадағалауға мүмкіндік берген;

- жоғарыда аталған қызмет түрлерінің өзара байланысын бағалау жəне аталмыш өзара

байланыс дəрежесі туралы қорытынды қалыптастыру үшін пайдаланылған.

Құрылымдық  тұрғыда  Есеп  үш  бөлімнен  құралады, мұнда  қызмет  түрлері  бойынша

жекелей ақша қаражаттарының түсімі мен жылыстауы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде операциялық қызмет нəтижесіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы

көрсетіледі, ХҚЕС сəйкес  ол кəсіпорынның негізгі қызметі болып табылады, сонымен қатар

инвестицтялық  немесе  қаржылық  қызмет  болып  табылмайтын  басқа  да  қызмет  түрлері

қарастырылады; ал ХҚЕС 7 6 т. бұл кəсіпорынның кіріс əкелетін негізгі қызмет түрі болып

табылады деп нақтыланады.

Қаржылық  есептілікті 

толтыру 


бойынша 

əдістемелік 

нұсқауларда  ақша

қаражаттарының  қозғалысы  туралы есепті  сəйкес  есеп  формасын қолданып, тікелей  немесе

жанама əдістермен құрастыру қарастырылған.

ХҚЕС 7 сəйкес  кəсіпорын  операциялық  қызметтен  түсетін  ақша  ағымы  туралы  есеп

бергенде Есепті құрастырудың келесідей əдістерін таңдай алады:

1) тікелей, оған  сəйкес  жалпы  ақша  түсімінің  негізгі  түрлері  немесе  жалпы  ақша

қаражаттары туралы ақпарат ашылады;

2) жанама, оған  сəйкес  кіріс  немесе  шығыс  қаржылық  емес  сипаттағы  операцияның

ықпалына сəйкес үйлестіріледі, өткен жəне келешек түсімдерді немесе операциялық қызмет

бойынша  ақша  қаражаттарының  төлемдерінің  кез  келген  шегерістері, сондай-ақ,

инвестициялық немесе қаржылық қызметтің ақша ағымдарымен байланысты кірістер немесе

шығыстар баптарына сай көрсетіледі (ХҚЕС 7,18 т. сəйкес).

Шаруашылық  жүргізу  субъектілері  болашақ  ақша  ағымдарын  бағалау  үшін  ақпарат

беретін тікелей əдісті қолдануды жөн санайды (ХҚЕС 7, 19 т.).

Екінші  бөлімде  инвестициялық  қызмет  нəтижесіндегі  қаражат  қозғалысы  туралы

ақпарат  беріледі, ол  ХҚЕС  сəйкес  айналымнан  тыс  активтерді  жəне  қаржылық

инвестицияларды  сатып  алумен  жəне  сатумен  сипатталады, олар  ақша  қаражаттары

баламаларының құрамдас бөлігі болып табылмайды.

Сонымен  қатар, ХҚЕС 7, 6 т. инвестициялық  қызмет  ақша  қаражаттарының

баламалары  болып  табылмайтын  ұзақ  мерзімді  активтер  мен  басқа  да  инвестицияларды

сатып  алу  мен  сату  ретінде  анықталады. Сонымен, ХҚЕС 7 инвестициялық  қызметтің

құрамына ақша баламалары  түрінде болмайтын инвестицияларды қосуды қарастырмайды.

Инвестицияларды  ақша  қаражаттары  баламасы  ретінде  анықтау  мүмкін  болуы  үшін



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау