226
Ауырғаны бәсеңдесе, сипау мен ысқылауды кезек қолданады.Бұлшық еттері жұқа жерді
саусақтың жұмсақ ұшымен, ал қалың қоң еттерді алақанмен сипалап, жұдырықпен
ысқылайды. Массаж жасау уақыты 18-20 минут.1-ші працедурадан кейін ауру асқынбаса,
бундарды бүгіп- жазып, қимыл қозғалыстарды қосады. Келесі күні ауырған жерге
саусақтарды тік қадай ұстап, алғашқы белгілі тәсілдерді батылдау жүргізеді. 3-ші күні
массаждың күшін, екпінін, ұзақтығын арттырып, күрделі тәсілдерін қолданады. Соғылған
жердің ауырған жері массаждан соң 2-3-ші күндері үдеп кетсе, онда ол аймаққа тиспей,
жоғары жағына бұрынғыдай сипау,ысқылау тәсілдерін жасай береді. Арасын үзбей
массажды 10-15 күн жасйды. Жараққаттанған жерге соққылау, шапқылау, сілкілеу тәсілдерін
қолданбайды [1,15б].
Буын сіңірі созылғанда қолданылатын массаж. Сіңір созығанда буынды құрастырып
тұрған сүйектердің бір- бірінен ығысуынаәкеліп соғады. Бір жағына тартылып кеткен буында
тек сіңір созылып қоймай, буын қабы,шеміршек, тарамыс, айналасын қоршаған бұлшық
еттер мен тамырлар, нерв талшықтары- бәрі бүлінеді.
Буын зақымданғанда сіңір тек созылып қана қоймай, кейде тіпті сүйекке бекіген
жерінен үзіліп те кетеді.Сол кезде сүйекке ақау түседі. Оның бір бөлшегі бөлініп кетеді,
немесе жарықшақтанып, айырылып кететін кез болады.Буын қатты зақымданса, қабынып,
тіпті қозғалмай қалуы да мүмкін.
Массажды 2-3-ші күннен бастап қолданады. Жарақаттанған қолды немесе аяқты
жоғары ұстап таңып тастайды, одан соң буыннан жоғары массаж жасайды: алдымен
сипайды, үстіртін ысқылайды, кейін батыра бұлшық еттерді жұмсартады. Осылай денені
массажға машықтандырған соң, 3 күннен кейін буынның өзін, сіңірлерін, етпен жалғасып
жатқан тарамыстарын үлкен ұқыптылықпен қолдың саусақтарымен массаждап шығады.
3-4 күндерден бастап массаждың ысқылау, қимылдату тәсілдерін қолданып, ал 5-6
күннен кейін буынның толық бүгіліп- жазылуын жүзеге асырады. Егер адам өз аяғын немесе
қолын қимылдата алмаса, массаж жасаушы көмек етеді [2,48-б.].
Буындардың ішіндегі ең қиын массаждалатын – тізе буыны. Оның құрлысының
күрделілігінен бе, немесе қоршаған сіңір – тарамыстардың жиі жарақаттануынан ба, әйтеуір
тізені массаждау өте қиын. Көбінесе тізе буынының ішінде крестке ұқсаған тарамыс не екі
жағындағы тарамыстар мыжылып, бөлініп кетеді. Тарамыс үзілсе тек хирургиялық көмек
керек, оларды біріктіріп тігеді. Сонан соң физиотерепия, массаж, емдік гимнастиканы
қолданады.
Тізені массаждау үшін ауру аяқты бір нәрсенің үстіне немесе массаж жасаушының
тізесіне қояды. Осылай түзу аяқты, тізені бірнеше рет сипаған соң, ептеп тізені бүгеді. Енді
буынның айналасын массаждайды. Тізе тобығын жеке сипап болғаннан кейін, екі жағынан
тақымға дейін және керісінше қимылдар жасап, ортан жіліктің төменгі жағындағы бұдырға
дейін барады.Осылай тізе тобығының айналасын, сіңірлер тарамсытары бекіген жерлерін
мейлінше терең сипайды.
Сүйек сынғанда жасалатын массаж.Сынықтар ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Ашық сынықта сүйек зақымданып, бұлшық ет жарылып, қан тамырлары бүлініп,
зақымданған жерден қан ағып, сүйек сынықтары көрініп жатады. Ал жабық түрінде
керісінше.
Сынған сүйектің бітуі адамның жасына, сынықтың түріне байлансты. Егер сынған
жерде сүйек мүйізшесі пайда болса, тек сонда ғана ол жер бітіп келеді деп айтуға болады.
Жабық сынықтың ең қажетті емі – емдік гимнастика мен массаж. Ал алғашқы сыныққа
оларды қолдануға болмайды. Өйткені сынған жер қабынып ісіп, іріңдеп кететін кездері
болады. Ондай кезде массаж жасасаң ірің барлық денеге таралып кетуі мүмкін. Сондықтан
сүйек жетілгенше тиіспейді.
Жабық сыныққа 2-3 күннен бастап массаж жасай береді. Егер гипстеп тастаса,
массаждың дірілдету тәсілін қолданады. Көбінесе рефлекторлы – сегментарлық массаж
жасайды. Қол сынғанда жұлыннан шығатын нерв талшықтарына әсер етеді, ол үшін мойын
және жоғарғы арқа омыртқаларына 2,5 см алшақта дірілдету массаж жасалады. Ал аяқ сынса,
227
арқа омыртқаларының төменгі бөліктері мен бел омыртқаларының тұсын массаждайды.
Ауырғаны бәсеңдеп, ауру тәуірленгенде ғана вибрациялық массажды табаннан бастап, ал қол
сынса, алақаннан бастап жоғары әкетеді.
Екінші аптаға ауысқан кезде гипсті төртбұрыштап тесіп, сынған жерге тікелей массаж
жасайды. Егер ортан жілік не тоқпақ жілік сынса , вибрациялық массаж 3 аптадан соң
жасалады [3,112-б.].
Массаждың ең пайдалы түрі тек сынған аяқты немесе қолды ғане емес, сау аяқ – қолды
массаждау.
Сынған аяқты қалпына келтіру үшін ауруды бірнеше ай жатқызып, аппарат арқылы
созуға тура келеді. Сол кезде 2-3 күннен кейін емдік гимнастиканы сау аяғына жасайды.
Мүмкін болса жараланған аяқтың да сынықтан жоғары бөлігіне массаж, емдік гимнастика
қолданған абзал. Аяқ бұлшық еттерінің қарысып қалғанын босаңсыту үшін күніне 2-3 рет 3-5
минуттан вибромассаж беріледі.
Кейде сыртқы еті жетілмеген сүйектің бітуі копке созылып кетеді. Мұндай жағдайда
массаж екпінді түрде жасалады. Сипаудың бірнеше түрін, соғу, қағу, шапқылау, ұрғылау
тәсілдерін тек қолмен емес ағаш балғамен орындауға болады [4,336-б.].
Есте сақтайтын бір жай – егер сынған жердің айналасы қызарып, талаурап қабынып
тұрса массаж жасалмайды. Тек соның бәрі қайтқанда ғана массаж жасалады.
Ашық сынықта сүйек мүйізшесі жай қалыптасса, сау аяқты мейлінше қарқынды түрде
массаждайды. Емдеу мерзімі 30-40 күн. Массаж жасағанда бөлменің температурасы 18-20
градустан төмен болмаса жалаңаш денедегі қан айналымы бұзылмайды.
Қорытындылай келгенде Қазіргі танда Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің
дене шынықтыру және спорт мамандығында оқитын студентерде 135 сағат массаж пәніне
бөлінген. Осыны қорыта айта келсек, әрбір осы мамандықтты бітірген студенттерге жақсы
оқыған және жеткілікті дәрежеде менгерген студентерге массаж пәні бойынша сертификат
берілсе нұр үстіне нұр болар еді. Дене шынықтыру және спорт мамандығын көркейтіп
болашақта білікті мамандарды дайындап шығуға септігін тигізбесе кері әсерін бермейді. Кез-
келген жағдайға даяр дене шынықтыру мұғалімі қазіргі танда жеткіліксіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Емдік дене шынықтыру массаж мамандандыруы бойынша орта кәсіптік білім беру орындарына
арналған типтік оқу бағдарламасы «Дене әрбиесі» /А.А.Молодых Н.Н Касенова Қарағанды: 2002-15бет
2. Бегалина Роза Піналықызы массаж және оның пайдасы Б.Т Бегалина _Алматы Қазақстан 1984-48 бет
3. Сабырбек Жанна Бекболатқызы Массаж және оның әдіс-тәсілі оқу құралы/ Ж.Б Сабырбек-Алматы:
Қазақ университеті 2013:-112 бет
4. Икіманова Гүлбаршын Саулық пен Сымбат Г.Икіманова-Алматы: Қайнар 1991.-336 бет
УДК 796.81
АНДРИЯНОВА Т.С., РУСАНОВ В.П.
ВКГУ имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск
ОСОБЕННОСТИ ПОСТРОЕНИЯ ТРЕНИРОВОЧНОГО ПРОЦЕССА ЮНЫХ
ЛЫЖНИКОВ-ГОНЩИКОВ НА ЭТАПЕ НАЧАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ
Современный лыжный спорт, с его высокими требованиями к физической, технической
и функциональной подготовке спортсменовпостоянно требует новых подходов, средств и
методов управления тренировочным процессом.
Анализ научных исследований и спортивная практика показывают, что традиционные
формы и методы построения тренировочного процесса, сложившиеся много лет назад, во
многом утратили свое некогда прогрессивное значение и не удовлетворяют требованиям и
задачам подготовки спортсменов сегодняшнего дня [1, 2, 3].
Наиболее перспективными направлениями активизации тренировочного процесса
Достарыңызбен бөлісу: |