Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет26/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
58 
 
Чех 
педагогы 
Я.А.Коменский 
[5,27-30б] 
 
(1632) 
«Ұлы 
дидактикасында» қабілеттіліктің дамуы таным үрдістеріне байланысты деп 
анықтаса,  ағылшын  философы  Фрэнсис  Бэкон  табиғи  туа  пайда  болатын 
дарындылықты  мойындап,  қабілеттілікті  дамытуда  тәрбиенің  рөлін 
көрсеткен.  Үшінші  бір  философ,  Томас  Гоббс,  қабілеттілік  қатынасында 
табиғат адамдарды тең және жарты деп бөліп, қабілеттіліктің түрін атаған.  
Қоғам  дамуның  түрлі  кезеңдерінде  адам  қабілеттілігі  туралы  сөз 
болғанын  біз  А.Н.Радищевтің,  В.Г.Белинский,  қазақ  ағартушылары 
Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев  еңбектерінен  білеміз.  Аталмыш  авторлар 
қабілеттілікті  әлеуметтік  тұрғыдан  талдаған.  Мәселен,  Абай  өзінің 
шығармаларында, қара сөздерінде әрбір қазақ өз қабілеттілігіне сай қызмет 
атқару  керектігін  айта  келе,  бала  бағу,  мал  бағу,  білім  қуу,  өнер  үйрену, 
егін  егу,  сауда  жасау  сияқты  белгілі  кәсіппен  айналысу  қажеттігін  айқын 
көрсеткен [6,478б]. 
  Қабілеттілікті  зерттеу  проблемасымен  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысында  батыс  елдерінің  психологтары  А.Бине,  Д.Кеттел,  С.Холл, 
В.Штерн  және  Э.Крепелин  айналысты.  Францияда  А.Бине  қабілеттіліктің 
ақыл-ойға  байланысты  екенін  ғылыми  тәжірибе  тұрғысында  зерттеп, 
ақыл-ой  деңгейін  анықтаса,  неміс  психологы  В.Штерн  ақыл-ой  деңгейін 
сипаттай  келе  «ақыл-ой  қабілеттілігі  өз  ойын  саналы  түрде  жаңа 
талаптарға  қарай  бағыттайтын,  жаңа  міндеттер  мен  өмір  жағдайына 
бейімдейтін  жалпы  ақыл-ой  қабілеттілігі»  деп  интеллектің  жеке  деңгейін 
сипатайды» [7,185б].  
  Алғаш  рет  қабілет  мәселесін  зерттеген  ағылшын  ғалымы  Ф.Гальтон 
[8,205-208б], қабілеттілік арнайы психологиялық зерттеудің пәні дей келе, 
кез  келген  қабілеттілікке  тұқым  қуалаушылық  негізгі  шарт  деген 
қорытынды жасайды. 
Кеңестік  кезеңде  қабілет  мәселесін  Б.М.  Теплов  [9,536б],  Б.Г. 
Б.Г.Ананьев  [10,339б],    Мясищев  [11,123б],  Н.С.  Лейтес  Н.С  [12,279б], 
С.А.  Изюмова  [13,55-71б],  Крутецкий  В.А  [14,431б]  қарастырады
Аталмыш авторлардың ішінен  психолог Б.М.Теплов қабілеттілікті талдай 
келе эмпирикалық қабілеттіліктерді үш түрлі бағытта сипаттаған: 
1) 
Қабілеттердің  қай  түрі  болмасын  ол  бір  адамды  басқадан 
ажырататын жеке психикалық ерекшеліктер; 
2) 
Бір  немесе  бірнеше  іс-әрекеттердің  табысты  орындалуына 
қатысы бар ғана ерекшеліктер; 
3) 
Білім мен біліктілікті меңгерудің жеңіл әрі жылдам болуының 
алғы шарты. 
 В.Д.Небылицин  қабілеттерде  және  дарындылықта,  ең  алдымен  жеке 
даралық айырмашылықтарға мән беру керек деген [15,279б ].  


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
59 
 
Дегенмен,  педагогикалық-психологиялық  тұрғыда,  қабілет  мәселесі 
әлі  де  ғалымдардың  күнделікті  тақырыптарынан  түспейтін  зерттеулерді, 
ізденісті қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  
Сонымен,  жоғарыда  қабілетті,  қабілеттілікті  теориялық  тұрғыда 
талдаған авторлардың тұжырымдарына сүйене отырып, қабілет жеке тұлға 
тән қасиет, бірақ оның көрінуі түрлі. Осы орайда біз Б.М.Тепловтың мына 
тұжырымын  басшылыққа  аламыз:  «қабілетті  дамытпау,  көрсете  білмеу 
біртіндеп  қабілеттен  айырылу»  деген  тұжырым  жасаған  [9,536б].  Демек, 
мектеп  оқушыларының  бойындағы  қандайда  бір  қабілеттілікті  көре  білу 
әрине мұғалімге байланысты.  
Уақыт  талабына  сай  бүгінгі  мектеп  оқушыларының  шет  тілді 
үйренуде  қабілеттілігі  қандай  деген  заңды  сұрақ  туындайды.  Біз  өз 
тәжірибемізге  сүйенсек  мектеп  оқушыларының  басым  көпшілігінің  шет 
тілін  үйренуге  деген  қабілетті  жоғары  екенін  шет  тілінің  мұғалім  ретінде 
өз  сабағымда  көріп  байқап  жүрміз.  Біздің  зерттеуіміз  бойынша  мектеп 
оқушыларында қабілеттіліктің болуы: 
 балаларда танымдық қызығушылық басымырақ;  
 екінші жағынан ата-аналардың өзі заман талабына сай балаларының 
шет тілін меңгеру қажеттілігін дұрыс түсінуінде десек; 
  мұғалімнің сабақты жаңа технологияларды пайдалануында; 
 балалардың жеке дара психикалық ерекшеліктерінде.  
Біз өз тәжірибемізде шет тілін үйретуде  Г.Пальмердің ауызша әдісін  
пайдаланамыз. Өйткені Г.Пальмер шетел тілін оқыту әдістемесінде 
көрнекілік-интуитивтік бағытты жақтаушылардың бірі. Сондықтанда 
Г.Пальмер әдісінің негізгі қағидаларын басшылыққа алып шет тілін 
оқытуды ауызша сөйлеуден бастаймыз. Сабақта арнайы жасалған заттарды 
көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығуларды ұсынамыз.  
Мысалы:  
Teacher:  This is a ball. 
Is this a ball? Yes,  it is. 
Is this a bag? No, it is not.  
Now,  let’s kick the ball,  throw the ball,  touch the ball and etc. 
Сонымен, мектеп оқушыларында қабілеттілік болуы, балалардың шет 
тілін  үйренуге  деген  қызығушылығының  басымырақ  болуында.  Мектеп 
оқушыларының шет тілін үйренуге деген қызығушылығы, ниеті соғұрлым 
көп  болса,    онда  балалар  шет  тілін  тез  меңгереді.  Демек,  қабілеттілік 
іс-әрекет  нәтижелі  болуда  орындайтын  балалардың  жеке дара  ерекшелігі. 
Әрине    оқушы  қабілеттілігін  үнемі  жетілдіру,  дамыту  мұғалімнің 
методикасына және мұғалімнің оқушыны тани біліп, оның бойындағы  шет 
тілін үйренуге деген қызығушылығын, ниетін, мақсатын біліп анықтауына 
байланысты.  Демек,  шет  тілін  меңгертуде  баланың  тілді  үйренуге  деген 
қызығушылығын  оның  қабілетімен  қатар  дамыту  қажет.  Әрине 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау