Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет91/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   156

184 
6)  В  рамках  отобранных  речевых  интенций  осуществляется  активизация  иноязычной 
речевой деятельности в форме диалога. 
 
Использованная литература: 
1. Булатбаева К.Н., Ғ.С.Сыздықова, Длимбетова Г.К., Қ.О.Шайхеслямова, М.Б.Исаханов. Экология и 
устойчивое развитие. Методическое руководство для учителей. -Алматы: Эксклюзив, 2014 – 35 с. 
2. Булатбаева К.Н. Функционально-коммуникативное описание языковой системы в лингводидакти-
ческих  целях  //  Современные  направления  лингвистической  науки.  Колл.  монограф.  /  Бижкенова  А.Е.  и 
др.- Астана: ЕНУ, 2015.- 360с.// С.73-126 ISBN 301-299978-601—5 
 
 
 
 ӘӨЖ 37.035.6:372.8:574   
 
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ 
САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Мусина Ерке Саясатовна 
6М011300 «Биология» мамандығының магистранты 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ. 
erke_musina@mail.ru 
 
Аннотация:  В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  формирования 
ответствеенности,  отношения  к  природе,  экологических  взглядов  молодого  поколения  в 
процессе непрерывного экологического образования и воспитания. 
Ключевые 
слова: 
Непрерывное 
образование, 
экологическое 
образование, 
экологическое воспитание. 
Summary: this article examines the problems of the formation of responsibility, attitude to 
nature,  ecological  views  of  the  younger  generation  in  the  process  of  continuous  environmental 
education and upbringing. 
 Key words: continuous education, environmental education, environmental education. 
 
«Қазақстан  Республикасының  2004-2015  жылдарға  арналған  экологиялық 
қауіпсіздігін  сақтау  тұжырымдамасында»  экологиялық  ахуалды  жақсартудың  жаңа 
технологиялық  мүмкіндіктері  айқындалып,  еліміздің  экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ету 
жағдайындағы 
қоғамды 
экологияландыру 
мәселесі 
қамтылады. 
Қоғамды 
экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам 
көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі. Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның 
өмір тіршілігінің, қызмет әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестері [1, б.18]. 
Олар  адамзаттан  әлдеқайда  бұрын  пайда  болған,  адам  санасынан  тыс  және  тәуелсіз  өмір 
сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және 
ауқымды  ықпал  ете  алатын  құдіретті  өзгертуші  күшке  айналады.  Мұны  ғылымда  «екінші 
табиғат»  деп  атайды.  Демек,  табиғат  заттарының,  процестерінің,  құбылыстары  мен  жәй-
күйлерінің  болмысы  өткінші,  өтпелі.  Олардың  болмысы  (болмыссыздығы)  ауыспалы, 
қалыптасу,  даму,  өзгеру  процесі  кезектесіп  отырады.  Олардың  болмысы  –  сақталатын  да, 
жоғалатын  да  болмыс.  Эрнест  Гегель  қалыптасу  процесін  саралай  отырып,  оны  жоғалатын 
болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен болатын. [2, б.66] 
Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін 
жалғасын  табатын  процесс,  қазіргі  «өмір  бойы  білім  алу»  қағидасы  білімнің  үздіксіздігі 
идеясының заңды жалғасы. Демек, «үздіксіз білім беру» термині әлемдік практикада осыдан 
алпыс  жыл  бұрын  қолданысқа  енгенімен,  оның  негізгі  идеялары  екінші  дүниежүзілік 
соғыстан кейінақ жариялым алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы «өмірлік білім беру» 
идеясының  орнына  «өмір  бойы  білім  алу»  идеясын  басшылыққа  алудың  дұрыстығы  заман 
талабынан  туындап  отыр.  [3,  б.19]  Н.А.Лобановтың  сөзімен  айтқанда  «үздіксіз  білім  беру» 
біріншіден,  жеке  тұлғаның  даму  кезеңдеріне  үздіксіз  білім  берудің  белгілі  бір  басқыштары 


185 
мен  деңгейлері,  оның  нақты  мақсаттарыніске  асыру  шарттары  мен  мүмкіндіктері  сәйкес 
келеді. Екіншіден, білім беру жүйесін біріңғай үздіксіз білім беру жүйесіне айналдыру үшін 
бірқатар  ұстанымдарды  негізге  алу  керек,  атап  айтқанда:  үздіксіздік,  демократиялық, 
жалпылық және т.б. ұстанымдар. Үшіншіден, үздіксіз білім беру жүйесі оның сатылық және 
көп  құрамдық  құрылымынан  көрінеді:  білім  берудің  көп  деңгейлілігі  (  отбасы,  балабақша, 
бастауыш,  орта,  жоғары  және  жоғарыдан  кейінгі);  мамандарды  даярлаудың  көп  сатылығы; 
оқу  орындарының  көп  қызметтігі  (оқытуды  ұйымдастырудың  түрлі  формалары);  білім 
бағдарламалары мен құрылымының вариативтігі. Осы қағидалардың негізінде үздіксіз білім 
беру  жүйесінің  барлық  сатыларын  қамтитын  кешен  қолданылады.  Бұл  кешенде 
сабақтастықтың  екі  принципі  сақталады:  төменнен  жоғарыға  дейін;  жоғарыдан  төменге 
дейін.  Ал,  бұл  білім  беру  сатыларының  сабақтастығы  жүйесін  қамтамасыз  етеді:  отбасы 
кейінгі  білім  (Білім  жетілдіру).  «Жоғарыдан  төмен»  жүйесі  оқу  орындарының  басқару 
қызметін білдіреді.  
Жоғарыда  айтылғандарға  байланысты  үздіксіз  білім  беру  процесіндегі  экологиялық 
тәрбие  сабақтастығының  мақсатына,  мазмұнына,  түрлеріне,  жаңа  педагогикалық 
технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап, бағамдау үшін біз үздіксіз білім 
беру  процесіндегі  экологиялық  тәрбие  сабақтастығының  философиялық,  педагогикалық 
генезисіне мән бердік.  
Экологиялық  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруға  ұсынылатын  материалда  балалардың 
жас  ерекшеліктерін,  психологиялық  физиологиялық  қабылдау  мүмкіндіктерін  ескеріп  оны 
тәрбие процесінде тиімді пайдаланған дұрыс.  
Бұл бағыттар сабақтастық факторлары мен сабақтастықтың белгілі бір педагогикалық 
шарттарын  сақтаған  кезде  ғана  жүзеге  асады.  Жүзеге  асырылған  экологиялық  тәрбие 
сабақтастығы  құрылымы  аталған  мәселелерге  жеткілікті  көңіл  бөледі,  пәндік  жүйені 
жетілдіре отырып, оның кемшіліктерін жоюға мүмкіндік туғызады. Ол оқушыларға қызығу 
туғызатын,  мағыналы  түсінікті  материал  арқылы  берген  кезде  пайдалы  болады;  пәндер 
арасындағы сабақтастықты тереңдетеді, сол арқылы жалпы идеяға біріктірілген және уақыт 
бойынша  шоғырландырылған  әртүрлі  ақпараттарды  көбірек  қабылдауға  мүмкіндік  береді. 
Сондықтан жетекші идея болып саналатын: қоршаған орта, табиғат құбылыстарын түсініп -
білу,  экологиялық  проблемалар,  даму  және  олардың  идеялары  бірлігі.  1.  Мектептегі  орта 
буында биология пәні негізінде жеткіншектердің қоршаған орта, табиғатты тану процесіне өз 
үлестерін  қосады.  Сондықтан  пәндерді  жетекші  идея  негізінде  жақындастырудың,  бірлікте 
үйлестірудің  әртүрлі  нұсқалары  болуы  мүмкін.  Ол  идея  білімнің  әрбір  аймағында  сол 
жалпылықты, яғни жекеліктің көп түрін табуға мүмкіндік береді, өйткені сол жалпыны тану 
арқылы  табиғатты,  адамдардың  табиғатқа  деген  жағымды  қарымқатынасын  көру 
қалыптасады.  2.Биология  пәні  әуел  бастан  сабақтастық  негізге  құрылған,  яғни  адам-қоғам-
табиғат  бөлімдерінен  тұрады.  Зерттеу  жұмысы  еңбекке  үйрету  пәнімен  сабақтастықтың 
нәтижелі  екендігін  көрсетті.  Екінші  шарты:  білімді  әр  пәндерден  зерделенетін  ұғымдық 
жалпылығына 
сүйене 
отырып 
сабақтастықта 
жүргізу 
мүмкіндігі. 
Бұл 
бірлік 
тұжырымдамалық  (ұғымдардың  жалпылығы),  феноменалдық  (құбылыстардың  ортақтығы) 
және  проблемалық  болуы  мүмкін.  [3,  б.23]  Экологиялық  тәрбие  сабақтастығы  қамтылатын 
тақырыптар, қойылған мақсат пен міндеттердің жалпылығы (тәрбиелік және дамытушылық) 
мұғалімге  оқушылардың  өздерінің  белгілі  бір  іс-әрекеттерін  ұйымдастыруда,  әр  оқушыда 
табиғатқа  деген  жағымды  көзқарастың  әрбір  қырын:  зиялылық,  адамгершілік,  эстетикалық, 
этикалық  қалыптастыруда  ықпалы  зор.  Жалпы  стандарт  негізгі  басымдықтарды  анықтауға, 
барлық  пәндерге  ортақ  экологиялық  тәрбие  сабақтастығы  қамтамасыздандырылатын 
тақырыптарды бөліп алуға мүмкіндік береді. Үшінші шарты: қоршаған орта мен табиғаттағы 
мінезқұлық  ережелері  мен  пайдалы  іс-әрекет  дағдыларын  дамытудың  әртүрлі  әдістерін 
қолдана  отырып,  балалардың  табиғат  жөніндегі  шығармашылық  әрекетке  баулу  мүмкіндігі 
деп  білеміз.  Балалардың  экологиялық көзқарасын,  табиғаттағы  өз  орнын  түсінуі  әртүрлі  іс-
әрекет  тәсілдерімен,  таным  әдістерімен  қамтамасыз  етіледі.  Эксперименттік  оқыту 
процесінде  түрлі  әрекет  тәсілдері  (оқу,  сұрақжауап,  тестпен,  суреттермен,  кестелермен) 
жұмыс, 
сонымен 
қатар 
эвристикалық, 
шығармашылық 
әдістер 
қолданылады. 
Шығармашылық  тапсырмалар,  қоршаған  ортадағы  жағымды  және  жағымсыз  құбылыстар 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау