Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет95/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   156

192 
оқушының қызығуы бір нәрсеге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан 
көрініп  отырады.  Оқушы  бойына  осындай  пәнге  деген  қызығушылықты  ұялату,  әрине  ең 
алдымен  мұғалімнің  кәсіби  педагогикалық  шеберлігі  мен  психологиялық  сауаттылығына 
байланысты [2].  
Бастауыш  сынып  жасы  шет  тілін  оқытуға  өте  қолайлы  кезең,  өйткені  бұл  жастағы 
балалар  тілдік  құбылысты  қабылдау  қабілеттілігімен  ерекшеленеді  және  өзінің  сөйлеу 
тәжірибесін,  тіл  «құпияларын»  байқау  қызығушылығы  пайда  болады.  Олар  лезде  берілген 
шағын  материалды  меңгеріп  алып,  оны  өте  жақсы  кері  айтып  бере  алады.  Бірақ  ол  ең 
алдымен өз ұлтының ана тілін толық және дұрыс меңгеруі қажет. Сондықтан ана тілін толық 
меңгермейінше  өзге  тілді  қабылдау  бастауыш  сынып  оқушысы  үшін  қиындық  туғызуы 
мүмкін.  
Шет  тілін  үйретудегі  лингвоэкологиялық  мәселелер:  тіл  жағдайы,  тіл  және  сөз 
аномолиясы,  тіл  «аурулары»,  тілдік  эрозия,  лингвистикалық  мониторинг,  тілдік  нигилизм. 
Тілді меңгеруді үйрету мен оқытуда сөйлеу, тыңдап түсiну, оқу талаптарымен қатар аударма 
және жазу техникасы бойынша арнайы бiлiктер жоспарланып мiндеттi түрде берiледi. Тілді 
терең  меңгерту  бағытындағы  мектептерде  оқу  мен  сөйлеу  басты  әрекет  бола  отырып, 
оқытудың  тәрбиелiк,  бiлiмдік,  дамытушылық  мақсаттары  төмендегiдей  бөлімдерде 
нақтылана түседi: 

 
 жаттығулардың  негiзгi  компоненттерiн  меңгерту  (жалпы  дамытатын  және  арнайы 
жаттығулардың кейбiр түрлерiн қоса); 

 
 тілді  қабілдауда  оқушының  саналы  түрде  қатынасы,  өзiнiң  болашақ  өмірінде  шетел 
тiлдерiн күнделікті қажеттілікпен қолдана бiлу икемділігін сезiнуге бағыттау; 

 
 оқушының өз біліміне деген қажеттi жалпы мәдени ой-өрiсiн кеңейту; 

 
 таным процесiнде оқушының ойлауы, есте сақтауы, тiл мәдениетi, сөйлеу мәдениетiн 
дамыту; 

 
 оқушыларды  ауызша  және  жазбаша  түрде  тұрмыс  тіршілігіне  байланысты  өзара 
мәдени қарым-қатынас жасай бiлуге дайындау [3]. 
Лингво экология өз кезегіне қарай тілдер арасында өзара сәйкестікті зерттейтін (тілдік 
алуан  түрлілікті  сақтау  мақсатында)  «тіл  экологиясын  (тілдер)»  және  терминдер  мен 
ұстанымдарды  экологиядан  терминге  аударатын  бөлімді  (мысалы,  экожүйенің  түсінігі) 
оқытатын  «экологиялық  лингвистиканы»  атап  кетуге  болады.  Бұл  қазіргі  таңда,  білім  беру 
жүйесінде  шет  тілін  үйретуді  ұйымдастыруда,  оқушылардың  өздігінен  білімді  меңгеру 
әрекетіне  қызығушылығын  арттыру  мен  тілді  үйренудегі  экологиялық  сауаттылығына 
жағдай  жасау  деп  қарастыру  керек.  Оқу  сабақтастығы,  психологиялық  ахуал,  ана  тілін 
терең  сауатты  меңгеруі,  педагог  пен  оқушы  арасында  орнатылған  ерекше  карым-
қатынас.  Оқытушы  тілді  үйретуде  тек  дайын  білімді  түсіндіріп  коюшы,  бақылаушы 
немесе бағалаушы емес, танымдык іс-әрекетті ұйымдастыратын топтық жұмыстың ұйтқысы. 
Тек осындай білім беру мен оқыту ғана оқушы интеллектісін дамытып, оның творчествалық 
қабілетін қалптастыру. 
Мектепте  шетел  тілі  -  ерекше  пән.  Басқа  елдің  тілін  игеруде  оқушылар  ұзақ  үйрену 
жолынан  өтеді.  Ал  мұғалім  оқушылардың  сол  әрекетті  қиындықсыз  меңгеруіне  тікелей 
ықпал  етеді.  Күнделікті  жаңа  сөздермен  танысу  және  оны  жаттау,  аудармен  сөздіктермен 
жұмыс, грамматикалық конструкцияларды талдау т.б.  
Оқу  үдерісіндегі  технология  ерекшелігі,  оқу  әрекетінің  негізгі  себебі  танымдық 
қызығушылығымен  сипатталады.  Ал  білім  беру  оқу  орындарында  көптеген  нұсқауларды 
және  оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалануда.  Бірақ,  кеңінен  колданылатын  жаңа 
технологиялар  өзінің  жүйелілігін,  сонымен  қатар  жүйелі  ұйымдастырып,  бір  жақты 
топтастыруын қажет етеді. Осы мәселені кеңес зерттеушілері В.М.Максимова, Г.К.Селевко, 
А.Я.Савильев т.б. еңбектерінде қарастырған. 
Осы орайда оқудың жаңа технологиясын В.М. Максимова төмендегідей топтастырған: 

 
Әр түрлі пәндік білімнің интеграциясы - интеграциялық технология; 

 
Құрылымды- логикалық технология; 

 
Ойын технологиясы; 

 
Психологиялық тренингтік технология; 


193 

 
Ақпараттық-коммуникативтік технология; 

 
Диалогтік технология. 
Қазіргі білім беруде жоғарыдағы оқуты технологияларын ұйымдастыру, бұрынғы кезге 
қарағанда жекеленген, кеңейтілген және жүйеленіп, бір бағытқа топтастырылған.  
Ал  Г.К.Селевконың  еңбектеріндегі  оқытуды  ұйымдастыру  мазмұны  басқа 
технологиялардың  мазмұны  және  қолданылу  тәсіліне  ұқсас  келеді.  Олай  болса  жаңа 
технологияларды талдай келе мынандай қорытынды жасауға болады: әр мұғалімнің өзіндік 
кәсіби  шығармашылығы  педагогикалық  үдерісте  жарияланып  отыруы  қажет,  ал  осыдан 
мынадай  анықтама  белгілі  болады:  «жаңа  педагогикалық  технология  –  ол  педагогикалық 
үдерістің  теориялық  және  қолданбалы  жақтарын  қалыптастыратын,  педагогтің  және  білім 
алушьның жеке тұлғасын дамытуға әсер ететін олардың білім мен тұлғалық қасиетінң даму 
нәтижесін байқауға, кезең бойынша өлшеу мен бағалауға болатын үрдісті» айтамыз. 
Оқушының  шет  тілін  үйренуде  жаңадан  қабылдаған  заттары  мен  түсініктерін  талдау 
және  саралау  мүмкіндіктері  онда  заттардың  жекелеген  тікелей  қасиеттерін  анықтау  мен 
айырудан  гөрі  күрделілеу  қызмет  түрінің  қалыптасуымен  байланысты.  Ал  мектептегі  оқу 
үдерісінде бақылау деп  аталатын бұл іс–әрекет түрі қалыптасады. Сабақ барысында оқушы 
қандай да бір пәннің жаңа материалдарын қабылдау міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де 
кең  түрде  тұжырымдайды.  Осының  арқасында  қабылдау  арнайы  жоспарланған  мақсатқа 
бағытталады.  Сондықтан  пән  мұғалімі  бұл  құбылыстарды  көру  немесе  есту  әдістерін 
(олардың қасиеттерін анықтау ережесі, қол көмегі мен көздің қимыл бағыттарын және т.б.), 
бекітілген  қасиеттерді  жазу  құралдарын  оқушыларға  үздіксіз  көрсетіп  отырады.  Ол  түрлі 
әдіс–тәсілдерді қолданғанда ғана көздеген мақсатына жете алады [4]. Оқу үдеріс жұмысының 
жемісті  болуы  –  оқушыда  шет  тілін  үйренуге  деген  қызығушылықтың  нәтижесі  болып 
табылады. Қызығушылықты келесі 3 маңызды процес анықтайды: 
1.  Оқу материалының мазмұны мен жаңалықтар; 
2.  Оқытудың проблемалық сипаты, оқушылардың шығармашылық және практикалық 
жұмыстарды өздігінен орындау, көрнекі құралдар мен техникалық құралдар т.б. бұл оқудың 
әдістері мен формалары. 
3.  Педагог 
пен 
оқушылар 
арасындағы 
педагогикалық 
қарым-қатынастың 
психологиялық  ерекшеліктері.  Сабақта  мұғалім  мен  оқушылар  арасында  үйлесімді 
педагогикалық қарым-қатынастың болуы, мұғалімнің жағымды эмоциялық күйі, мейірімілігі, 
оқушылардың бірін-бірі қолдауы, өзара жағымды байланысты ұйымдастыру. 
Оқушыларға тілді меңгертіп, оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды 
т.б біліктілікті үйреткенде, біз оларға басқа халықтың мәдениетіне жол ашамыз, яғни басқа 
халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызамыз. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Әлкебаева Д. Сөз мәдениеті. Алматы, 2011. – 196 б. 
2 Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - М.: Логос.- А., 2005. – 453 б. 
3 Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М., 1991. 
4 Щацкий С.Т. Энциклопедия современного учителя. - М.: АСТ.- 2000. -200 с. 
5  Бәкірова  А.  Байланыстырып  сөйлеуге  арналған  көрнекіліктер  пайдалану  жолдары.  //  Бастауыш 
мектеп №10, 1997  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау