Сборник дидактических материалов по информатике 5 класс «№1 Ақсу орта мектебі» мм информатика пәні мұғалімі



жүктеу 2,63 Mb.
бет4/5
Дата01.01.2018
өлшемі2,63 Mb.
#6445
түріСборник
1   2   3   4   5

Тест тапсырмалары

IV. Қарапайым графиктік редактор

1. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?


А) Жобалау
В) Оқу, кітап
С) Сурет, сурет салу
Д) Музыка, ән салу.
2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
В) Нүктелерден
С) Сызықтардан
Д) Символдардан.
3. Қандай пішіімдегі кескіндер ең сапалы болады?
А). bmp
В). jpg
С). png
Д). gif.
4. Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
В) Бастау Стандарттық Paint
С) Менің құжаттарым Менің суреттерім Paint
Д) Жұмыс үстелі Қоржын Paint.
5. Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?
А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау
В) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетінде Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау
С) Тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту
Д) Esc пернесін басу.
6. Палитраның неше түсі бар?
А) 256
В) 2
С) 30
Д) Қанша керек болса да.
7. Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?
А) Түстер тобы Түстерді өзгерту
В) Сурет Түстерді қайтару
С) Саймандар Түспен толтыру
Д) Файл Құру.
8. Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?
А) Сары, сұр, қан қызыл
В) Көгілдір, қызыл, қара
С) Ақ, қызғылт сары, ақшыл көк
Д) Жасыл, қызыл, көк.
9. RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді?
А) Қызыл
В) Жасыл
С) Көк
Д) Қара.
10. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
В) 1
С) 0
D) 4.
11. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
В) Ctrl
С) Shift
D) Delete.
12. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті
В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес
D) Жұмсақ және қатты.
13. Жай күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты
D) Файлдың көлемі.
14. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау Басқару тақтасы
В) Paint Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
D) Бастау Басқару тақтасы Экранның шешімділігін баптау.
15. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?
А) Сызуға болады
В) Болмайды
С) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
D) Адамның мүмкіндігіне байланысты.
16. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:
А) Контекстік мәзір пайда болады
В) Ерекшеленген фрагмент жоғалады
С) Фрагмент басқа түске боялады
D) Ештеңе болмайды.
17. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
А) Қиып алу
В) Көшіру
С) Бейнелеу/бұру
D) Түсін алмастыру.
3. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?
А) Экранның ортасына
В) Төменгі оң жақ бұрышына
С) Жоғарғы сол жақ бұрышына
D) Экранның төменгі жағына.
18. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?
А) Esc
В) Tab
С) Ctrl
D) Shift.
19. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
А) Өшіргіш
В) Мәтін
С) Қарындаш
D) Қылқалам.
20. Мәтіннің түсі?
А) Өзгертілмейді
В) Фонның түсімен бірдей
С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады
D) Әрқашан қара.
21. Егер алмасу буферінен мөлшері Paint - тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады?
А) Сурет қырқылады
В) Қате туралы хабарлама шығады
С) Сурет салу аймағы кеңейеді
D) Түк те болмайды.
22. Суретті вертикаль бойынша 2 есе ұлғайту үшін не істеу керек?
А) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 2 - ні жазу
В) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 200 - ді жазу
С) Суретті тышқанмен созу
D) Масштабтан 200% таңдау.
23. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) Түрлену, алмасу
В) Компьютер
С) Тышқан тетігі
D) Принтер.
24. Масштабы өзгермеген сурет мәтінінің мөлшері өзгере ме?
А) Өзгемейді
В) Өзгереді
С) Мәтін жоғалып кетеді
D) Жартылай өзгереді.
25. Алдын ала қарау бұйрықтары қайда орналасқан?
А) Менюде Paint батырмасының мәзірінде
В) Бас тіркеме бетінің Басып шығару тобында
С) Windows - тың Бас мәзірінде
D) Түр тіркеме бетінің Басып шығару тобында.
26. Алдын ала қарау терезесінде нені баптауға болады?
А) Жұмыс істеу аймағы
В) Беттің экранда көрсетілу масштабын
С) Беттің толтырылу бағытын
D) Беттің мөлшерін.
27. Басып шығару қағазының мөлшері:
А) Принтерден тәуелді
В) Әрқашан А4
С) Кез келген
D) Беттің параметрлері терезесінің Масштаб өрісінде өзгертіледі.

Практикалық тапсырмалар

4.2 Мәтіндік редактор және мәтіндік процессор

А деңгейі

4.2.1-тапсырма. Әртүрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша

«Информатика» деген сөзді бейнелеңіз



Информатика Информатика

Информатика Информатика Информатика

Информатика Информатика
4.2.2-тапсырма.

1. Word Pad мәтіндік редакторын жүктеңіз.

2. Маркерлеу тәртібінде апта күндерінің атауларын қазақ тілінде және

қасына ағылшынша нұсқасын жазыңыз.

3. Екі тілде жазылған әр апта күндерінің қаріппін өзгертіңіз және әр жол

үшін 10 пункттен бастап бір қадамға өсіре отырып, әріп өлшемін орнатыңыз.

4. Апта күндерінің атаулар қасына ағымдағы аптаның күнің жазыңыз,

құжатты Менің құжаттарым бумасында «Апта» деген атпен сақтаңыз.

5. Мәтіннің жиектерін өз қалауыңыз бойынша параметрлер қойып, оларды

жолдын ортасынан орнатыңыз және сол атпен құжатты сақтаңыз.


4.2.3 -тапсырма.

1) Үш абзацтан тұратын мәтін теріңіз, мәтінді екі бағанға бөліңіз.

2) Төмендегі параметрлерді бетке орнатыңыз:

- бет бағдары: кітап беті түрі; өрісі: барлығы 1,5 см; парақ түсі: ақшыл

көк;

3) Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: әріптер өлшемі 14, Arial, К



қаріпі, мәтін ені бойымен орналасады; екінші абзац: әріптер өлшемі 16, Comic

Sans, қаріп, мәтін беттің ортасында орналасады

4) Жоларалық интервал – 1,5

5) Абзацтан кейін аралық – 0

Теңге алу.

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу».

Ол – ұлттық ат спорты ойыны.

Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуыпжетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса,қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл –қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көкбөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.

Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысыныңжаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әркоманда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100

метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.



В деңгейі

4.2.4-тапсырма.

4.2.3 тапсырмаға төмендегідей пішімдеу параметрлерін енгізіңіз

1. «Қыз қуу» деген сөзді ерекшелеп, қаріппін жартылай қалың қаріпке

ауыстырыңыз

2. «Көкпар» сөзін ерекшелеп, қаріппін курсивке ауыстырыңыз.

3. «Ұлттық» деген сөзді ерекшелеп, қаріпті жартылай қалың қаріпке

ауыстырыңыз (кегль – 14 пункт).

4. Мәтін бойынша «спорт» деген сөзді тауып, қаріпті жартылай қалың

курсивке ауыстырыңыз және биіктігін (16 пункт) жасаңыз.

5. Әр абзацты өз қалауыңыз бойынша маркерден бастаңыз.

6. Беттің өрістерін 2 см қылдырыңыз.

7. Соңғы абзацты ерекшелеп, оның қаріппін жартылай қалың сызылған

курсивті қаріпке ауыстырыңыз.

8. Екінші абзацтың қаріп түсін өзгертіңіз.



4.2.5-тапсырма.

Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, бөлуді орнатыңыз.

Беттің параметрлерін өзгертіңіз: - бет бағдары: кітап сияқты; өрістері:

барлығы 1,5 см; беттің түсі: жасыл;

Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: 14, қаріп – Arial, туралануы ені

бойынша - тақырып: әріптерінің өлшемі 16, қаріпі –ComicSans, жартылай

қалың, ортада орналасады.

Жоларалық интервал – 1,5



Абзацтан кейінгі интервал – 0

4.2.6-тапсырма. Келесі командалар атауын жазыңыз (5-сурет) [3]:

5-сурет – Құралдар тақтасы

1. __________________________________________

2. __________________________________________

3. __________________________________________

4. __________________________________________

5. __________________________________________

6. __________________________________________

7. __________________________________________

8. __________________________________________

9. __________________________________________

10. __________________________________________

11. __________________________________________

12. __________________________________________

13. __________________________________________

14. __________________________________________

15. __________________________________________

16. __________________________________________

17. __________________________________________

18. __________________________________________



С деңгейі

4.2.7-тапсырма

1. Жаңа құжат ашыңыз.

2. Кесте сызыңыз: 6 жол және 6 баған.

3. Барлық кестені ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп,



ашылған мәзірден Кесте қасиеті пунктін таңдаңыз (6-сурет):

6-сурет – Кесте қасиеті



  1. Ашылған терезеден Шекара мен құюды таңдаңыз (7-сурет):

7-сурет –Шекара мен құю

5. Ашылған терезеде сызықтың типі мен түсін өз қалауыңыз бойынша

таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз (8-сурет).



8-сурет – Сызықтың типі мен түсі



6.Ұяшықты белгілеңіз (9-сурет):

9-сурет – Ұяшық

7. Лентадағы Құю әрекетін таңдаңыз және бағыттаушыға басып, ашылған

терезеден қажетті түсті таңдаңыз (10-сурет).

8. Кесте ұяшықтарын шахмат ретімен бояңыз.

9* Есік пен терезе салу үшін қажетті ұяшықтарды біріктіріп, үй төбесін



қосаңыз (11-сурет)

10-сурет – Құю



11-сурет – Үй



10** Суретті үлгі бойынша көркемдеңіз (12-сурет):

12-сурет – Дайын үй




жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау