Сақтандырудың үлгі шарттары


БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ



жүктеу 43,76 Kb.
бет6/10
Дата07.01.2022
өлшемі43,76 Kb.
#36987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сақтандыру шрты

БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ


  1. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу Сақтанушыға (Сақтандырылушыға, Пайда алушыға) жүктеледі.

  2. Сақтандыру жағдайының белгілері бар және (немесе) оның салдары сақтандыру жағдайының басталуы мүмкін оқиға басталған кезде Сақтанушы (Сақтандырылушы) міндеттері:

  1. қысқа мерзімде, бірақ кез келген жағдайда сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап 2 (екі) сағаттан кешіктірмей Сақтандырушыға болған оқиға туралы хабарлау және оның уәкілетті өкілінің ЖКО орнына келуін күту не оның одан әрі нұсқауларын алу. 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған ақпаратты жазбаша растауға тиіс. Егер Сақтанушы дәлелді себептермен аталған әрекеттерді орындауға мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжатпен растауға тиіс. Егер Сақтанушы Сақтандырылған болып табылмаса, мұндай міндет Сақтандырылушыға жүктеледі;

  2. қалыптасқан жағдайда талап қоюға себеп болуы мүмкін оқиғаға байланысты шығындарды азайтуға орынды және қол жетімді шаралар қабылдау. Мұндай шараларды қабылдай отырып, егер олар Сақтанушыға хабарланса, Сақтандырушының нұсқауларын ұстануға тиіс;

  3. әкімшілік полиция органдарында оқиғаны құжаттамалық ресімдеуді қамтамасыз ету (оқиға болған жерге әкімшілік полицияны шақыру міндетті болып табылады);

  4. Сақтандырушының талап етуі бойынша медициналық куәландырудан (сараптамадан) өту;

  5. өзіне белгілі болған күннен бастап дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға құзыретті органдардың зиян келтіру фактісі (тергеу, қылмыстық іс қозғау, сотқа шақыру және т. б.) бойынша іс-қимылының басталғаны туралы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың және (немесе жолаушылардың) сотқа шақыру туралы, талап арыз бен т. б. беру туралы барлық қойылатын талаптар туралы хабарлау;

  6. зақымдалған мүлікті тексеру жүргізгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын Сақтандырушыға оның өткізілетін орны мен уақыты туралы жазбаша хабарлау;

  7. зақымдалған мүлікті сақтандыру жағдайынан кейін болған жағдайға қарау үшін Сақтандырушының өкіліне талап қоюды қамтамасыз ету;

  8. Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасамауға, сондай-ақ өтем төлемеуге, зиян келтірілуіне байланысты қойылған талаптарды Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз ішінара немесе толық мойындамау;

  9. Сақтандырушыға (оның сұратуы бойынша) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, сақтандыру жағдайымен байланысты мәліметтерді беру;

  10. Сақтандырушыға (оның талап етуі бойынша) Сақтанушының сотқа дейінгі және сот тәртібімен талаптарын реттеу жөніндегі өкілеттігін беру.

    1. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының белгілері бар және (немесе) оның салдары сақтандыру жағдайының басталуы мүмкін оқиғаның басталуы туралы шартты мерзімде хабардар етпеу, сондай-ақ Сақтандырушы өкілінің зақымдалған КҚ-ны тексеруін қамтамасыз етпеуі оған сақтандыру төлемінен бас тартуға құқық береді.




  1. жүктеу 43,76 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау