Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы



жүктеу 0,53 Mb.
бет1/7
Дата15.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#29757
  1   2   3   4   5   6   7

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысы

 



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйелері болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 130 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4712 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш.Қарақұлова):

1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә.Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 


Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және



қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы

 № 4 қаулысымен бекітілді



 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық

 

 

Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде қабылданған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару жөніндегі стандарттарға сәйкес әзірленді.



 

 

1-тарау. Жалпы ережелер



 

1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында (бұдан әрі - Ұйымдар) барабар тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруға қойылатын, жүргізілетін операциялардың түрлері мен көлемін ескере отырып, тәуекелдерді тиімді анықтауды, бағалауды және шектеуді қамтамасыз ететін тәуекелдерді бақылау әдістемелерін қолдануды көздейтін талаптарды анықтау болып табылады.

2. Ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Ұйым бөлімшелерінің және қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласындағы өз міндеттерін атқаруы үшін жағдай жасайды.



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 168 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

3. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аджастер - функцияларына сақтандыру төлемі жөніндегі өтінішті қарау және сақтандыру жағдайы бойынша келтірілген зиян мөлшерін бағалау кіретін Ұйымның қызметкері;

2) андеррайтинг - актуарий белгілеген шегінде сақтандыру өтемін, сақтандыру шарттарын, франшиза немесе жабу деңгейін және сақтандыру тарифын анықтау мақсатындағы тәуекелдердің бағалануы негізінде өтініш берілген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;

3) басқару есептілігі - ішкі бақылау мен Ұйымның қызметін бағалау құралы;

4) гэп - Ұйымның сыйақы ставкаларының өзгеруіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділік тәуекелін өлшеу әдістері;

5) жекелеп сақтандыру - жеке тұлғаларды сақтандыру;

6) комплаенс-бақылаушы -комплаенс-тәуекелді басқару саясаттың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретіне кіретін қызметкер;

7) корпоративті сақтандыру - заңды тұлғаларды сақтандыру;

8) кіріс қайта сақтандыру шарты - Ұйым қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қабылдайтын қайта сақтандыру шарты;

9) қарсы серіктес - Ұйым ынтымақтасатын (немесе ынтымақтасуды жоспарлайтын), және Ұйым қатысатын мәміленің тарабы болып табылатын ұйым;

10) лимиттеу - қабылданатын тәуекелдердің сапалық, сандық шектеулерін белгілеу, Ұйымның операцияларына (мәмілелеріне) шектеулерді белгілеу.

Лимиттеу кезінде мынадай параметрлер анықталады:

лимит белгіленетін көрсеткіш;

лимит белгіленетін көрсеткішті өлшеу (есептеу) әдісі;

көрсеткіштің шекті (барынша жоғары, барынша төменгі) мәні;

11) мүдделер қайшылығы - қызметкерлердің, құрылымдық бөлімшелердің, комитеттердің мүліктік және өзге мүдделері арасындағы қайшылықтар, оның нәтижесінде бір тараптың әрекеттері (әрекетсіздіктері) басқа тарап үшін жағымсыз салдарын туғызады;

12) нетто-сыйлықақы -актуарийлік әдістер негізінде актуарий бағалаған, өзге де шығыстарын өтеуді есепке алмастан сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөнінде Ұйым қабылдаған міндеттемелері үшін ғана Ұйым төлеуі тиіс ақша сомасы;

13) сақтандыру тәуекелі - шығындарға (шығыстарға) әкелетін болжамдалатын оқиға, оның басталу жағдайына сақтандыру шарты жасалады;

14) стресс-тестинг -Ұйымның қаржылық жағдайына төтенше, бірақ Ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдісі;

15) сыртқы аудитор - қаржылық есептілігі мен Ұйымның қаржылық есептілігімен байланысты басқа ақпараты туралы тәуелсіз пікірін білдіру мақсатында тексеруді жүзеге асыратын, Ұйымның штатында болмайтын тұлға;

16) сюрвейер - функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала қарау мен бағалау кіретін Ұйымның қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес Ұйымға қызмет көрсететін заңды тұлға;

17) тәуекел - Ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу бойынша сенімсіздікті немесе мүмкін еместігін туындататын жағдайлардың пайда болуы, материалдық шығындарға әкелу ықтималдығы;

18) тәуекелдерді басқару жүйесі -тәуекелдерді және олардың Ұйымның мақсаттарына жетуге ықпал ететін салдарын анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу, төмендету мақсатында бүкіл Ұйым шегінде жүзеге асырылатын тұрақты құрылымдалған процесс;

19) тәуекелді бірегейлендіру - тәуекел элементтерін табу, тізбесін құру, және элементтерін сипаттау процесі;

20) тәуекелді өлшеу - тәуекелдің ықтималдығы дәрежесін және әлеуетті зиян мөлшерін анықтау оқиғаның басталуы ықтималдығын және салдарын математикалық жолмен ықтималдылық теориясы мен статистикалық деректер негізінде, үлкен сандар заңын қолдана отырып, бағалау арқылы жүзеге асырылады;

21) тәуекел картасы - бір «ось» бойынша тәуекелдің әсер ету күші мен маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған Ұйым тәуекелдерінің шектеулі санының графикалық және жазба сипаттамасы;

22) тәуекел лимиті - қабылданатын тәуекелдің сандық не сапалық шектеуінің құралы;

23) топ - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйымның және (немесе) оның еншілес ұйымдарының капиталында қомақты қатысуы бар ұйымдардан құрылатын, және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы;

24) шығыс қайта сақтандыру шарты - Ұйым сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін қайта сақтандыруға беретін қайта сақтандыру шарты;

25) ішкі аудит - басқару бақылаудың ажырамас элементі, ол арқылы ішкі аудит қызметі қолданыстағы заңнамаға, белгіленген ішкі ережелерге және критерийлерге, аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі дәрежесін көрсету мақсатында ұйым қызметінің сандық және сапалық бағалауға келетін қаржылық есептілігін, сондай-ақ басқа деректер мен ақпаратты бағалайды;

26) ішкі бақылау - директорлар кеңесімен, басқармамен және Ұйымның басқа қызметкерлерімен жүзеге асырылатын, мынадай санаттар бойынша мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге бағытталған процесс:

қызметінің тиімділігі;

қаржылық және басқару ақпараттың сенімділігі, толықтығы мен уақтылылығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

27) ішкі бақылау жүйесі - бақылау процедураларының, іс-шаралардың және әдістемелердің жиынтығы, олар мынаны қамтамасыз етеді:

Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тиісінше және тиімді жүргізуін;

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуын;

жауапкершілікті тиімді бөлуін;

Ұйым қызметкерлерінің басшылықтың өкімдерін уақтылы және тиісінше орындауын;

мүліктің сақталуын қамтамасыз етуді;

алаяқтық фактілердің және басқарушылық кемшіліктердің алдын алуды және анықтауды;

қаржылық есептілікті және өзге басқарушылық ақпаратты дайындаудың уақтылылығын, шынайлығы мен толықтығын;

28) ішкі саясат -тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастырумен байланысты қызметінің бағыттарын регламенттейтін белгіленген ішкі ережелер мен рәсімдер;

29) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

30) факультативтік қайта сақтандыру - қайта сақтанушыға және қайта сақтандырушыға толығымен немесе ішінара (белгілі үлесін) қайта сақтандыруға берілуі мүмкін тәуекелдерді бағалау мүмкіндігі берілетін қайта сақтандыру әдісі.

4. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Ұйымның тәуекелдері осылайша жіктеледі:



1) сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекелдерге:

андеррайтинг тәуекелі - сақтандыруға қабылданатын тәуекелдерді бұрыс (қателесіп) бағалау тәуекелі;

сақтандыру резервтер тәуекелі - жеткіліксіз (барабар емес) сақтандыру резервтерін құру тәуекелі;

сақтандыру төлемдері тәуекелі - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер;

апатты тәуекел - елеулі көлемді бір оқиға әдеттегіден жоғары сақтандыру төлемдеріне әкеліп соқтыратын тәуекел;

қайта сақтандыру тәуекелі - жеткіліксіз қайта сақтандыру өтеудің немесе қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша төлемді жүзеге асыруға қабілетсіздігі тәуекелі;

2) инвестициялық тәуекелдер (нарықтық тәуекелдер, кредиттік тәуекел, өтімділік тәуекелі) - қайта сақтандыру процесінде және Ұйымның инвестициялық қызметі барысында пайда болатын тәуекелдердің әр түрлері:

нарықтық тәуекелдер — қаржы нарықтарының жағымсыз қозғалыстарына (қаржы құралдарының нарықтық құнының, пайыздық ставкаларының, шетел валюта бағамдарының, қымбат металдардың нарықтық құнының өзгеруі салдарына) байланысты шығындар ықтималдығы. Нарықтық тәуекелдерге валюталық, баға және пайыздық тәуекелдері кіреді:

валюта тәуекелі — шетелдік валюта бағамдарының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;

баға тәуекелі - нарықтық факторлардың ықпалымен қаржы құралдарының және туынды қаржы құралдарының нарықтық құнының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың пайда болуы тәуекелі;

пайыздық тәуекел — Ұйымның активтері, пассивтері бойынша пайыздық ставкаларының жағымсыз өзгеруі салдарынан қаржы шығыстарының (шығындарының) пайда болу тәуекелі;

кредиттік тәуекел - дебиторлардың дәрменсіздігі, Ұйымның инвестициялық портфеліндегі облигациялар эмитенттерінің және басқа делдалдардың кредиттік рейтингтерінің өзгеруі салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;

өтімділік тәуекелі - Ұйымның өз міндеттемелерін өтеу үшін активтерін тез арада сату мүмкіндігінің болмауына байланысты тәуекел;

3) операциялық тәуекел - ішкі процесстерді жүзеге асыру барысында басшы және басқа қызметкерлердің тарапынан болған кемшіліктердің (қателіктердің), ақпараттық жүйелердің (технологиялардың) тиісінше жұмыс істемеу салдарынан, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;

4) комплаенс-тәуекел:

Ұйымның Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ ішкі ережелер мен процедураларының талаптарын орындамауы салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі;

уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдану, ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтандыру қызметін реттеу бөлігінде сақтамауы нәтижесінде елеулі зиян шегу және беделін жоғалту тәуекелі;

мүдделер қайшылығы туындауы не қызметкерлер әрекеттерінің ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарға сәйкес келмеуі салдарынан пайданы жоғалту тәуекелі;

5) ілеспе тәуекелдері:

аудиторлық тәуекел -аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша аудитормен субъективті анықталатын не қаржылық есептілікте, оның шынайлығын растағаннан кейін анықталмаған елеулі бұрмалануы болуы мүмкін, не шын мәнінде бұрмалануы болмаған жағдайда елеулі бұрмалануы бар деп тану ықтималдығы;

топ тәуекелі -құрамына Ұйым кіретін топтың қажылық жағдайының нашарлауы нәтижесінде Ұйымның беделіне, маркетингіне және қаржылық жағдайына жағымсыз әсер ету тәуекелі;

жүйелік тәуекел - басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату нәтижесінде Ұйымға зиян келтіруге байланысты тәуекел;

алаяқтық тәуекелі - қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері нәтижесінде шығындардың пайда болуы ықтималдығымен байланысты тәуекел;

бедел тәуекелі - Ұйымға теріс қоғамдық пікірдің немесе оған деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі;

елдің тәуекелі - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің міндеттемелер бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауапкершілікті көтеру ниетінің болмауы салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі.

5. Ұйым, осы Нұсқаулықтың талаптары критерийлерінің орындалуын бағалау жөнінде есепті жылдан кейін келетін жылдың 15 шілдесіне дейін жарты жылдық және 15 қаңтарға дейін жылдық есептерді уәкілетті органға ұсынады, олар мыналарды қамтиды:

растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қойылатын талаптарға сәйкес келуін дербес бағалауы (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша);

белгілі талап(тар) критерий(лер)іне сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жауапты тұлғалары мен мерзімдері көрсетілген сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар жоспары қоса берілген жазбаша түсініктеме.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Тәуекелдер бойынша стресс-тестингті Ұйым осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негізде есептейді.

Стресс-тестинг қорытындылары уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейін келетін айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

Стресс-тестинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күндегі қаржылық және өзге есептілігінің негізінде жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Ұйымның ұйымдық құрылымы

 

7. Ұйымда директорлар кеңесінің жанында мынадай мәселелер жөніндегі комитеттер құрылуы мүмкін:

ішкі аудит;

тәуекелдерді басқару;

тағайындау мен сыйақылар;

комплаенс;

ақпаратты ашу;

инвестициялар.

Комитет Ұйымның функционалдық міндетіне Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша не директорлар кеңесіне жүктелген өкілеттіктеріне сәйкес негізгі мәселелерді қарау және шешім қабылдау кіретін жұмысшы кеңес органы болып табылады.

Комитеттер құрамы директорлар комитетінің мүшелері мен нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби біліктілігі бар сарапшылардан құралады. Комитеттің құрамы директорлар кеңесінің шешімімен  бекітіледі.

Комитеттің (бөлімшенің) қызметі  мүшелердің (қызметкерлердің) құзыретін, жұмыс тәртібін, құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін анықтайтын Ұйымның ішкі ережелерімен реттеледі.

8. Барабар тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсатында Ұйымда мынадай алқалы кеңес органдары құрылады:



андеррайтинг кеңесі;

активтерді және пассивтерді басқару кеңесі.

Көрсетілген кеңестердің Ұйымның директорлар кеңесімен бекітілетін құрамына мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері және басшы қызметкерлер кіреді.

Көрсетілген кеңестердің шешімдері жай мүшелер дауыстарының көпшілігімен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.  

Көрсетілген кеңестердің шешімдері шешім қабылдау процесін жан-жақты көрсете отырып, хаттамаланады және оған, шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттар қоса беріледі, онда мыналар көрсетіледі:

қаралатын мәселелердің тізбесі мен егжей-тегжейлі сипатталуы;

кеңеске шешім қабылдау үшін берілген құжаттардың тізбесі;

әрбір қаралатын мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары;

мүшелердің пікірлері негіздемесімен қоса беріледі, оның ішінде олардың келіспеуі және ерекше пікірінің болуы жағдайында.

Хаттамаға отырысқа қатысқан барлық аталған кеңестер мүшелерінің қолдары қойылады және ол Ұйымда сақталады.

Директорлар кеңесі аталған кеңестердің және басқарманың жұмысына жылсайынғы жұмыс нәтижесі туралы есептерінің негізінде баға береді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 168 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (ресми


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау