Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы


-тарау. Операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқару



жүктеу 0,53 Mb.
бет5/7
Дата15.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#29757
1   2   3   4   5   6   7
10-тарау. Операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқару

 

77. Ішкі аудит қызметі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына бағалау жүргізеді және жыл сайын мынадай талаптардың орындалуы туралы директорлар кеңесіне есеп береді:

Ұйым қызметінің автоматтандырылуы бойынша;

құжаттамалау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау бойынша.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 77-1-тармақпен толықтырылды



77-1. Операциялық тәуекелдерді басқару ішкі бақылау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

78. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын топ тәуекелін талдайды және директорлар кеңесіне:



акционерлердің және (немесе) бас ұйымның Ұйымды қосымша капиталдандыру мүмкіндігі туралы;

Ұйым қызметінің аффилиирленген тұлғалардың қызметіне ықпал етуі және байланысты болуы туралы;

топ қатысушысы банкроттығының (мәжбүрлеп таратылуының) Ұйымның қаржылық ахуалына және төлем қабілеттілігіне әсері туралы;

Ұйым активтерінің топ ішінде шоғырлануы туралы есеп береді.

79. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жыл сайын жүйелік тәуекелді талдайды, директорлар кеңесіне басқа сақтандыру ұйым(дар)ының мәжбүрлеп таратылуы беделіне, сақтандыру өнімдердің сұранысына, Ұйымның сақтандыру қызметін іске асыру арналарына ықпалының талдамасын ұсынады.

80. Директорлар кеңесі басқармамен әзірленген, тәуекелдерді басқару бөлімшесімен және директорлар кеңесінің жанындағы басқа бөлімшелермен (комитеттермен) келісілген төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын және оған барлық өзгерістерін бекітеді.

Төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарына мыналар кіреді:

Ұйым қызметінің ауқымына және күрделілігіне қарай, Ұйым әлсіздігін танытатын ықтимал сценарийлердің түрлері;

Ұйым қызметінің негізгі бағыттары және төтенше жағдайларға ұшырағыштық дәрежесі;

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жауапкершілігі және төтенше жағдайлар туындағандағы әрекеттерінің сипаттауы;

қағаздағы және электронды құжаттаманың резервтік көшірмелерінің болуын қоса алғанда сақтандыру қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін балама механизмдері.

Басқарма жыл сайын Ұйымның ағымдағы қызметінің оның стратегиялық жоспарына сәйкес келуін ескеріп, Төтенше жағдайларға және Ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын қайта қарайды.

81. Басқарма құпиялы ақпараттың жария етуін және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау бойынша рәсімдерді бекітеді, олар мынадалрды көздейді:



шектеулі қол жетімділігі бар ақпараттық деректердің тізбесін;

қол жетімділікті алу тәртібін;

ақпараттық деректерге қол жетімділігін бақылау тәртібін;

ақпараттық деректерге қол жетімділігі бар тұлғалардың тізбесін.

82. Басқарма жабдықтарға жүйелі инспекциялар жүргізу және жұмыс жөніндегі есептерін тексеру арқылы іркілістерді болдырмау рәсімдерін бекітеді. Ақапарттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес:



автоматтандырылған деректер базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді;

басқармаға техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпарат береді.

 

 

11-тарау. Комплаенс-тәуекелдерді басқару



 

83. Директорлар кеңесі:

1) ұйымдағы комплаенс-тәуекелдерді басқаруына жалпы бақылауды жүзеге асырады;

2) комплаенс-тәуекелдерді басқару саясатын бекітеді, оған сәйкес тұрақты және тиімді комплаенс-функция құрылады;

3) комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындайды;

4) кем дегенде жылына бір рет ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігін бағалайды;

5) комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелерін тиімді және шұғыл шешуін қамтамасыз етуді қоса алғанда комплаенс-тәуекелдерді басқару саясатын іске асырылуын бақылауы жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181 Қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



84. Комплаенс-тәуекелдерді басқару саясаты комплаенс -бақылаушымен әзірленеді және мыналарды белгілейді:

1) комплаенс-бақылаушының Ұйымның директорлар кеңесіне және басқармаға есеп беруін;

2) комплаенс- бақылаушының міндеттері мен өкілеттіктерін;

3) комплаенс- бақылаушының комплаенс-тәуекелді басқару бойынша өздеріне жүктелген функциялары бөлігіндегі дербестігін;

4) комплаенс- бақылаушының тәуекелдерді басқару бөлімшесімен, ішкі аудит қызметімен және Ұйымның басқа бөлімшелерімен өзара қатынасын;

5) тексеру жүргізу және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының ықтимал бұзушылықтарын анықтау және осы міндетті атқару үшін ішкі және сыртқы мамандарды тарту құқығын;

6) тексеру қорытындыларын директорлар кеңесіне және қажет болған жағдайда Ұйымның басқармасына еркіті көрсету және ашу құқығын.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 168 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



85. Басқарма мыналарға жауапты болады:

1) комплаенс-тәуекелді басқару саясатының ережесін қабылдауға және қызметкерлерге мәлімет үшін жеткізуге;

2) комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы есептілігін беруге;

3) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес басшы және өзге де қызметкерлердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жұмыстарына қатысуын қамтамасыз етуді;

4) комплаенс-бұзушылықтарын анықтаған жағдайда тиісті түзету және тәртіптік шаралар қабылдауды;

5) міндетті ішкі бақылауға жататын операцияларды және күмәнді операцияларды уақтылы автоматандырылған түрде анықтау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 168 Қаулысымен 86-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



86. Басқарма:

1) Ұйым қызметінің Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның талаптарына сәйкес келуін;

2) Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өтініштің нысанында Ұйымға жалған мәліметтерді беру салдарына сілтеменің (Қазақстан Республикасының заңнамасына, сақтандыру ережесіне сілтеме жасау) болуын;

3) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлерін алаяқтық индикаторларын және белгілерін оқытуды қамтамасыз етеді.

87. Басқарма шағымдарды, өтініштерді қарау және дауларды реттеу тәртібін бекітеді.



Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) шағымды (өтінішті) берген жағдайда жауапты бөлімше (қызметкер):

1) белгіленген уақыт кезеңінде шағымды алғаны туралы растайды;

2) шағымданушыны шағым қандай тәртіппен қаралатыны туралы түсініктемемен қамтамасыз етеді;

3) дауларды реттеудің ішкі және сыртқы рәсімдері туралы толық ақпарат береді;

4) шағымдарды, өтініштерді қарау және дауларды реттеу тәртібімен белгіленген мерзімі ішінде жазбаша түрдегі түпкілікті жауап беруді қамтамасыз етеді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 168 Қаулысымен 88-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



88. Комплаенс-бақылаушы:

1) комплаенс-тәуекелдерді бақылау бойынша және заңсыз жолымен алынған табыстарды жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін әзірлейді;

2) өзінің бастамасы бойынша кез келген қызметкермен байланыс жасайды және құжаттарға және мұрағатқа қол жетімділігін алады;

3) комплаенс-тәуекелдерді бақылау саясаты бойынша ықтимал бұзушылықтарына тергеу жүргізеді және ұйым қызметкерлерден кеңес алады;

4) бекітілген стратегияға және тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес комплаенс-тәуекелдерді басқарудың басымдықтарын белгілейді;

5) ішкі және сыртқы реттеуші құжаттарға, оның ішінде корпоративті басқару кодексіне сәйкес келуіне байланысты комплаенс-функцияларының және комплаенс-тәуекелдердің жүйелі бақылауын және мониторингін сәйкес келмеу себептерін анықтай отырып, жүзеге асырады;

6) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне анықталған кемшіліктері, жөнсіздіктері, бұзушылықтары туралы ақпаратты қамтыған комплаенс-тәуекелдерге немесе бұзушылықтарға және оларды жоюдың ықтимал жолдарына жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша тоқсан сайынғы есебін, сондай-ақ комплаенс-бақылауды жүзеге асыруды және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру бойынша ұсынымдарын береді;

7) сыртқы және ішкі көздерден алынған ресми емес ақпараттың мониторингін жүргізеді, қажет болған жағдайда қызметтік тергеуді ұйымдастырады;

8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

89. Ұйым шағым талаптарды уақтылы реттеу бойынша қызметін қадағалауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін өзінің статистикалық деректер базасын жүргізеді.



 

 

12-тарау. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру



 

90. Директорлар кеңесі барабар ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және Ұйым қызметкерлерінің ішкі бақылау саласындағы өзінің міндеттерін атқаруы үшін жағдай жасайды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық дербестігін қамтамасыз етеді.

91. Ұйымда ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға жету үшін құрылады:



1) Ұйым қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігі, Ұйымның активтерін және пассивтерін басқарудың тиімділігі мен рентабельділігін тексеруді және шығындар ықтималдығын анықтауды көздейді;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі, толықтығы және уақтылылығы, бұл шынайы және сапалы қаржылық есептілігінің жасалуын тексеруді және шешімдерді қабылдау үшін Ұйыммен пайдаланылатын басқа қаржы құжаттардың тексеруін көздейді;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, бұл Ұйымның заңнаманы, сондай-ақ Ұйымның ішкі саясатын және рәсімдерін анықтайтын құжаттар талаптарының сақтауын тексеруді көздейді.

Осы компоненттердің тиісінше жұмыс істеуі Ұйымның тиімді қызметінің, ақпараттық жүйелері жұмысының және пруденциалдық нормативтерді және уәкілетті органмен белгіленген Ұйымның сақтауы міндетті өзег норамалары мен лимиттердің сақталуының маңызды шарты болып табылады.

92. Ұйымның ішкі бақылау жүйесі өзара байланысты бес компоненттен тұратын үзіліссіз процесі болып табылады:



1) басқарушылық бақылау;

2) тәуекелдерді анықтау және бағалау;

3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

4) хабардар болу және өзара әрекеттесу;

5) мониторинг (ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау) және бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді (кемшіліктерді) жою.

93. Ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай үш кезеңнің үзіліссіз кезекпен өту принципі бойынша жүреді:



1) Ұйымның ішкі регламенттеріне рәсімдерді енгізу арқылы ішкі бақылау жүйесін (тиімділігін бағалау қорытындысын ескере отырып) қалыптастыру;

2) жұмысында Ұйымның ішкі регламенттерін орындау;

3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігінің бағалауын жүргізу.

94. Ұйымның ішкі бақылау жүйесі мынадай рәсімдерді жүргізу жолымен жүзеге асырылады:



1) жауапты бөлімшенің директорлар кеңесіне және басқармаға қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижесі жөніндегі есепті қаржылық қызметінің жоспарлық көрсеткіштерін қоса бере отырып, ұсыну арқылы қойылған мақсаттарға және міндеттерге жету процесін тоқсан сайын тексеру;

2) бөлімше басшыларының бөлімше қызметінің нәтижесі туралы стандартты егжей-тегжейлі есептерін жоспарлы көрсеткіштерден анықталған ауытқуларды, сондай-ақ жоспарлық көрсеткіштерді орындамау себептерін көрсете отырып, ай сайын тексеруі;

3) кассадағы қолмақол ақшаны және қаржы құралдарын қоса алғанда кезең-кезеңімен түгендеу жүргізу;

4) белгіленген тәуекелдер лимиттерін орындауды және анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шараларын іске асыруды тексеру;

5) міндетті түрде авторландыру талап ететін операциялардың тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеу;

6) операциялар шарттарын және тәуекелдерді басқару модельдерін қолданудың нәтижелерін тексеру;

7) жасалған операцияларды есепте және есептілікте көрсетудің уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығын және нақтылылығын тексеру.

95. Ішкі аудит қызметі мынадай мақсаттарда құрылады:



Ұйым қызметінің барлық аспектілері бойынша ішкі бақылау жүйесінің барабарлығын және тиімділігін бағалау, бөлімшелердің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауының жай-күйі туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша пәрменді және тиімді ұсынымдарды ұсыну;

директорлар кеңесінің барабар ішкі бақылау жүйеснінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру барысында туындаған міндеттерді ішкі бақылау жүйесінің объективті бағалауын және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен шешу.

96. Ішкі аудит қызметі өзінің қызметінде Ұйымның жарғысын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және Ұйымның ішкі аудит қызметі туралы ережені, сондай-ақ Ұйымның қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды және осы Нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа алады.

97. Ішкі аудит қызметінің мүшелерін Ұйымның директорлар кеңесі тағайындайды.

98. Ішкі аудит қызметі Ұйымның директорлар кеңесімен бекітілетін ішкі аудит жоспарын және ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

99. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді қарау және талқылау кіреді:

1) ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі;

2) директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметі туралы есептілікті дайындау;

3) ағымдағы жылда ішкі және сыртқы аудит жүргізуді қажет ететін Ұйымның операцияларындағы (мәмілелеріндегі) тәуекел аясы;

4) менеджментке және сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын қаржылық ақпараттың шынайлығы мен нақтылылығы;

5) сыртқы және ішкі аудиторлармен бухгалтерлік есепте немесе ішкі аудитте анықталған кез келген елеулі кемшіліктер.

100. Ішкі аудиттің негізгі функциялары:



1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру және бағалау;

2) Ұйымның тәуекелдерін бағалау әдістемесінің қолдану толықтығы мен тиімділігін және Ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесін тексеру;

3) ережені, бюджетті, ішкі аудит қызметінің жоспарын және бағдарламасын, аудиторлық қорытындысын, Ұйымның қызметін бағалаудың критерийлерін әзірлеу және директорлар кеңесіне бекітуге беру;

4) кез келген бөлімшенің қызметін немесе Ұйымның лауазымды тұлғасының қызметін тексеруді тағайындау және директорлар кеңесіне есепті жүйелі түрде беру;

5) бөлімшелердің уәкілетті органға, басшылыққа және басқа мүдделі тараптарға тапсыратын тиісті есептік немесе сұратылған ақпараттың (оның ішінде қаржылық мониторингке жататын ақпараттың) шынайлығын, толық ашылуын, объективтігін, уақтылылығын тексеру;

6) директорлар кеңесіне ішкі аудиторларға кандидатураларды бекіту бойынша ұсынымдар ұсыну;

7) аудит (ішкі, сыртқы) процесстерінің тиімділігін және дербестігін қамтамасыз ету;

8) бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі ішкі тексерулерді жүргізу арқылы халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін бақылау ортаны қалыптастыру;

9) бухгалтерлік есеп жүргізуді және аудит (ішкі және сыртқы) жүргізуді бақылау;

10) директорлар кеңесіне ішкі аудитті жетілдіру бойынша ұысыныстарды беру;

11) ұйым қызметінің қаржылық тұрақтылығына және төлем қабілеттілігіне жүйелі талдау мен бағалау жүргізу;

12) активтерді және пассивтерді басқару бөлігінде қабылданған басқарушылық шешімдерді орындаудың тиімділігі бағалау;

13) қаржылық есептілікте Ұйымның қызметін көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығын және нақтылығын тексеру;

14) қаржылық есептіліктің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуін тексеру;

15) қаржы құжаттарын талдау, оның ішінде:

жиынтық балансты және пайда және шығындар туралы есепті алдыңғы кезеңмен және жоспарланған қаржы көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде;

қаржы құралдары түрлері бойынша топтастырылған және баланстық пен нарықтық құны, кірістілігі және сатып алудың (сатудың) жалпы сомасы көрсетілген инвестициялар туралы есеп;

16) уәкілетті органмен белгіленген пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті нормалардың және лимиттердің сақталуын тексеру;

17) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін хронологиялық тәртіппен жүргізуді бақылау;

18) сақтандыру портфелі көлемінің кем дегенде елу бір пайызын (сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуін, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды, қайта сақтандырышулардың Ұйым алдындағы міндеттемелерді орындауын қоса алғанда) жыл сайын тексеру;

19) басшылар жол берген акционерлердің (қатысушылардың) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау түріндегі барлық бұзушылықтары туралы акционерлерді дереу хабардар ету;

20) Ұйымның ішкі құжаттарында көзделген ішкі аудит қызметінің құзыреті шегіндегі өзге функциялар.

101. Ішкі аудит қызметі сыртқы аудитордың кандидатурасын алдын ала іріктеуді дербес не Ұйымның жұмыс тобының құрамында жүзеге асырады. Сыртқы аудиторды таңдау жөніндегі ұсыныс Ұйым акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына беріледі.

102. Ішкі аудит қызметінің Басшысы мен қызметкерлері бір мезгілде Ұйымның басқа бөлімшелеріне басшылық (жетекшілік) жасай алмайды, сондай-ақ комитеттердің және Ұйымның басқа органдарының мүшесі бола алмайды.

103. Ішкі аудиторлардың:



1) арнайы экономикалық білімі;

2) кәсіби міндеттерін атқару үшін қажетті және жеткілікті білімі мен дағдысы;

3) берілген тапсырмаларды орындау үшін жеткілікті көлемде автоматтандырылған аудит әдістерін пайдалану дағдылары;

4) жүргізілетін аудиттің объективтігін қамтамасыз ететін кәсіби қасиеті.

104. Ішкі аудиторлар күнделікті жұмыс барысында:



1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;

2) халықаралық аудиторлық стандарттарды басшылыққа алады;

3) алаяқтық салдарынан есептілікті бұрмалау фактілерін анықтау рәсімдерін жүргізеді;

4) аудиторлық шешімдерді және дәлелдерді құжаттамалайды;

5) өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған ақпараттың құпиялылығын сақтайды;

6) алынған аудиторлық дәлелдерді бағалау барысында ұйымның негізгі қызметіне сәйкес келмейтін операцияларды (мәмілелерді) тексеру рәсімдерін жүргізеді, онда операцияның (мәміленің) ұйымның мақсаттарына (мақсаты жоқ) сәйкес келуін алаяқтық жасалуы бойынша бағаланады;

7) аудиторларық айғақтардың сенімділігін бағалау принциптерін басшылыққа алады:

сыртқы көздерден алынған дәлелдер ішкі көздерден алынған дәлелдерден сенімдірек болады;

егер бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері тиімді болса, ішкі көздерден алынған дәлелдер сенімдірек болады;

аудитормен жинақталған дәлелдер субъект берген дәлелдерден сенімдірек болады;

құжаттар мен жазбаша өтініштер нысаныдағы дәлелдер ауызша нысанында ұсынылған дәлелдерден сенімдірек болады.

Дәлелдер бір біріне қайшы келген жағдайда ішкі аудитор шынайы жағдайды анықтау үшін қосымша рәсімдер жүргізеді.

105. Ішкі аудит қызметінің басшысы:



1) жергілікті есеп жүйелеріндегі және автономдық компьютерлік жүйелдергі бар материалдарға, мәліметтерге, құжаттарға (файлдарға) оларға өзгерістер енгізу құқығынсыз шектелмеген қол жетімділігі бар;

2) директорлар кеңесіне ішкі аудиттің ұйымдық дербестігі мен объективтілігі фактісін жүйелі дәлелдейді;

3) егер ішкі аудиторлардың дербестігі немесе объективтілігі теріс ықпалға ұшыраса (мүдделер қайшылығы, құжаттамаға, мүлікке, активтерге қол жетімділігі өкілеттіктерін шектеу), ол туралы ақпарат дереу директорлар кеңесіне ашылады;

4) аудиторлық тексерудің басталуына дейінгі бір айдан кешіктірмей басшы қызметкерлерден мына төмендегілер жайында жазбаша сұрату жібереді:

қаржылық есептілікті елеулі бұрмалау тәуекелін бағалаудың қорытындысын толығымен ашу;

басшылықтың және ішкі бақылау жүйесінде мыңызды роль атқаратын қызметкерлердің (оның ішінде жұмыстан босағандар) тарапынан, және қаржылық есептілікке елеулі әсерін тигізе алатын басқа тұлғалардың алаяқтық әрекеттері немесе алаяқтық күдігі туралы ақпаратты ашу.

106. Ішкі аудит қызметі жыл сайын құрылымдық бөлімшелердің (оның ішінде еншілес және бағынышты ұйымдардың ) тексеруін басқармамен бекітілген жасалған және бұзылған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, сақтандыру төлемдері, комиссиялық ақылар, дебиторлық (кредиторлық) берешектер бойынша операциялар жүргізу техникасын сақтау жөнінде жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 181


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау