ӘОЖ 37.01:37.036.5:373.3 Қолжазба құқығында
САРТАЕВА НАЗГУЛЬ ТАШКЕНБАЕВНА
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда 2012 ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент
М.К.Жайлауова
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент
Ә.С.Боранбаев
Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген.
Ұзақ жылдар бойы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасы түрлі ғылым салалары – философия, педагогика, психология, лингвистика т.б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Бұл қазіргі қоғамның жаңа проблемаларды қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті, игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты. Себебі бүгінгі күні талант пен шығармашылық дарындылық – экономикалық өркендеу кепілі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік көзі ретінде адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия, психология, педагогика ғылымдарында қарастырылған: Шығыс ойшылдары әл-Фараби, Ж.Баласағұн және қазақ ойшылы А.Құнанбаев, философтар Ғ.Есім, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, М.Орынбеков еңбектерінен кең орын алған. Сонымен бірге шетел философтары Платон, Гегель, И.Фихте, Декарт, Д.Дьюи, И.Кант, Г.Лейбниц, Б.С.Гершунский және т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған.
Педагогика және әдістеме саласы бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін Ж.А.Қараев, С.Қ.Қалиев, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Қожахметова, К.Оразыханова, Б.А.Тұрғынбаева, М.М.Жанпейісова, Ә.С.Әмірова, К.М.Нағымжанова, Д.Н.Исабаева және т.б. зерттеген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Бастауыш сынып оқушыларында әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі - аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, жеке адамның шығармашыл тұлға ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Бастауыш мектеп кезеңі – тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуына ең қолайлы жас кезеңі. Бұл жас кезеңіне мыналар тән:
-барлық үдерістердің өту белсенділігі;
-рефлексия мен сынның аз көрінуі, баланың жаңа әлеуметтік топтарға енуі, мотивация мен өзін-өзі танудың дамуы;
-ересек адамның бағалауының қажеттілігі;
-қиял еркіндігі, сезімталдық;
-жаңа әсер алуға ұмтылу.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың дәстүрлі емес шешім қабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығушылықтары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай - үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады.
Зерттеудің көкейтестілігі шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы – креативті даму мен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін шығармашылық таным негізінде жеке бастық даму сапаларымен, объектіге деген шығармашылық танымды тұтастық жүйесінде мәнді қабілеттер мен қажеттіліктерді таратуға бағытталған шығармашылық іс-әрекеттің негізінде қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін саралап, зерделеу нәтижесінде төмендегідей қарама-қайшылықтар туындады:
қоғамға мәселелерді жүйелі, ретімен және сапалы шешуге қабілетті шығармашыл белсенді тұлғаның қажеттілігі мен тұлғаның шығармашылық әрекетін ұйымдастыру үдерісінің тиімділігін арттыратын педагогикалық жағдайлардың жеткіліксіздігі;
бастауыш сынып оқушыларының игеруі қажет білім деңгейіне қойылатын талаптардың артуы, оларды қолдануға дайындығы мен бастауыш мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру жүйесінің оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмауы;
бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың әлеуметтік мәні мен оқушылардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жеткілікті деңгейде жасалынбауы;
оқушылардың шығармашылық әрекеттерін объективті түрде бағалау қажеттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекет нәтижелерін бағалау үшін қолданылып жүрген педагогикалық құралдардың жеткіліксіздігі.
Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми негіздеу.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерісі.
Зерттеу болжамы: сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тиімді болады, егер:
баланың шығармашылық ойлауының еркін көрінуіне ықпал ететін шынайы шығармашылық ахуал жасалса;
бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетке қатысуы қамтамасыз етілсе;
шығармашылық қабілеттерді дамыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылса.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу үдерісінде қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлға қалыптастыру міндеті көзделген.
Зерттеу барысында төмендегі міндеттер шешілді:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерісінің психологиялық-педагогикалық мәнін айқындау.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту критерийлері мен деңгейлерін анықтау.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың практикалық тәжірибесін талдау.
Сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді шарттарын айқындау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулердегі шығармашылық іс-әрекет теориясы, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және жалпы орта білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.), педагогтардың ғылыми еңбектері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерді дамытудағы озық тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену және талдау; педагогикалық бақылау; сауалнама; әңгімелесу; психологиялық-педагогикалық эксперимент; эксперименттік зерттеу мәліметтерін математикалық өңдеу.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Қызылорда қаласындағы №10 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде жүргізілді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысына 211 оқушы қатысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
жүйенің құрамды компоненті ретінде көрінетін объектілерді, жағдаяттар мен құбылыстарды тану, жасау, қайта өңдеу мен қолдануға бағдарланған шығармашылық әрекетті ұйымдастырумен ерекшеленетін шығармашылық тапсырмалар жүйесін құру және жүзеге асыру;
оқу үдерісінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жұмысты тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, теориялық негіздеу және тәжірибеде тексеру.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; сабақта бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық шарттар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады. Шығармашылық әрекет деңгейлерінің сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады.
Күтілетін нәтижелер:
Жаңа педагогикалық технологиялар мен тұлғаға бағдарлап оқытуды қолдану негізінде оқушының балалық шағының қалыпты өтуі үшін барлық жағдай жасалады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен олардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті жағдай жасалады.
Әрбір оқушы өзін жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттері бар жеке тұлға ретінде сезінеді.
Оқу үдерісі барысында оқушылардың интеллектуалдық деңгейі жоғарылап, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, психологиялық, физикалық жағдайы жақсарады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Бастауыш сынып оқушыларының сабақтағы шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары:
- бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың шығармашылық әрекетін оқытудың мақсаты ретінде түсінуі;
- бастауыш білім беру мазмұнына оның айрықша компоненті ретінде шығармашылық әрекеттің ендірілуі;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетінің еркіндігі, оның педагогикалық ұйымдастырылуы, мұғалімнің басқаруы;
- проблемалық оқыту әдістерінің шығармашылық әрекетті ұйымдастырудың жетекші тәсілдері ретінде көрінуі;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті нәтижелерін диагностикалау;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін түзету.
Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі: оқушыларда шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша теориялық талдау тереңдігі және көлемімен, экспериментті-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау жүйесінің өзара байланыстылығымен, математикалық статистикалық әдістерді қолданумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:
1. Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. «Шығармашылық қабілеттер» ұғымының мәні. // «Жастар және қазіргі замандағы әлемдік мәселелер» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды, 2011. – 72-74 бб.
2. Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. // «Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда, 2011. - 207-210 бб.
3. Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың практикалық тәжірибесін талдау. // «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда, 2011. – 516-523 бб.
Диссертация жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Зерттеу жұмысында 10 кесте, 7 сурет берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шығармашылық қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда қабілеттерді «тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері» дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды». «Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский.
«Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», - деп жазады академик Т.Тәжібаев.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ үдеріске айналатынын айтады.
Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.
«Шығармашылық қабілеттер» ұғымы «шығармашылық», «шығармашылық әрекет» ұғымдарымен тығыз байланысты.
Шығармашылық – нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылықтар болатын әрекет; психикалық белсенділіктің жоғары формасы, жаңа бір нәрсе жасауға қабілеттілік. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық әрекет нәтижесінде шығармашылық қабілеттер дамиды және қалыптасады. Шығармашылық әрекет - өте күрделі үдеріс және ол адамға ғана тән. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.
«Шығармашылық қабілеттер» немесе «креативтілік» деген не? Латын тілінен аударғанда креативтілік «ойлап табу, жасап шығару» дегенді білдіреді.
Шығармашылық ─ өте күрделі психологиялық үдеріс. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
- шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік және жеке адамға тән мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның даралық қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде әр түрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу», - дей келе, – ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» - делінген.
Соңғы кезде «шығармашылық» сөзі мен «жаңалық» сөзі мәндес, астарлас болып табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей «бұрын болмаған жаңалық» деу үзілді-кесілді мүмкін болғанымен, ерекше соны жаңалық, жаңа жол, жаңа шешім екенін мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті жаңалық, ол тек қана өзі үшін жаңалық болып табылады.
Е.П.Торренстің пікірінше, креативтілік - білімдердегі кемшіліктерді, олқылықтарды қабылдауға қабілеттілік. Ғалым шығармашылық әрекеттің құрылымында төмендегілерді бөліп көрсетеді:
Проблеманы қабылдау.
Шешімді іздеу.
Болжамның пайда болуы және көрінуі.
Болжамды тексеру.
5. Олардың өзгерісін тексеру.
6. Нәтижелерді табу.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде – бәрінде шығармашылықтың табиғи үдерістері үздіксіз жүріп жатады. Табиғат ішкі шығармашылық үдерістерді өзі басқарады. Сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой санасына, қызметіне байланысты. Сыртқы факторлардың бірі – оқыту және тәрбиелеу жүйесі.
В.С.Шубинский шығармашылық үдерісті үш сатыға бөліп, ондағы көрінетін қабілет – қасиеттерді көрсеткен:
1. Жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білу, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой талдауға бейімділік, жан-дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни шығармашылық көңіл-күйдің туу кезеңі.
2. Интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі.
3. Өзіндік сын, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни сын, дәлелдеме сатысы.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғынбаева өз диссертациясында шығармашылық үдерістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:
Жаңалықпен бетпе-бет келу.
Шығармашылық екіұштылық, белгісіздік.
Шешімнің жарқ етуі.
Шығармашылық акт.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық қабілеттілік – баланың өз бетінше жаңа бір бейне құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті оның оқу үдерісіне араласуын арттырады, білімдерді табысты игеруге ықпал жасайды, интеллектуалдық күш-жігерді, өзіне деген сенімділікті ынталандырады, көзқарастардың тәуелсіздігін тәрбиелейді.
Шығармашылық әрекетті тиімді ұйымдастырудың негізгі принциптері:
Қандай деңгейдегі шығармашылық әрекет жасағанына қарамастан баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, құрметтеу.
Бастауыш сынып оқушыларының барлық шығармашылық белсенділігінің көрінуіне мұқият назар аудару.
Баланың психологиялық еркіндігі: таңдау еркіндігі, сезімдерін көрсету еркіндігі, өз бетінше шешім қабылдау еркіндігі.
Өзін-өзі бағалаудың артуы мен нығаюы.
Шығармашылыққа толы білім беру ортасын құру.
Мұғалімнің шығармашылық позициясы.
Аталмыш психологиялық-педагогикалық принциптер бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірін-бірі толықтыру арқылы біртұтас ізгілендіруге бағдарланған жүйе құрайды. Оның мақсаты – тұлғаға бағдарлап оқыту арқылы оқушыны шығармашылық тұлға ретінде қалыптастыру.
Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттары:
а) пәнге үйретудің еркіндігі. Бұл шарт оқушыларға өз әрекетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;
ә) сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық, шығармашылық әрекеттің де жан-жақты болуына әсер етеді;
б) оқушының мұғаліммен бірлесе отырып, өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы, шығармашылық жұмыстардың белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі, оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.
Бастауыш сынып оқушылары олармен жұмыс жасайтын мұғалім мен шығармашылық мүмкіндікті дамытуға бағытталған бүкіл мектептің жұмыс жүйесі ұсынған төмендегідей шығармашылық жұмыс түрлеріне міндетті түрде қатысуға ұмтылады:
● интеллектуалдық марафон
● интеллектуалды олимпиадалық ойындар
● шығармашылық интеллектуалдық конкурстар
● отбасылық интеллектуалдық брейн-рингтер
● интеллектуалдық клубтар
● оқушылардың қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер.
Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалім дәл осы жас кезеңі ақыл-ой әрекетіне қызығушылық пен қажеттілікті тудыратынын естен шығармауы тиіс. Егер ол бастауыш мектепте қалыптаспаса, жасөспірім шақта шығармашылық бағытта жұмыс жасау өте қиынға соғады.
Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары:
● Ойын әрекеті
● Шығармашылық құрастыру
● Шығармалар мен диктанттар
● Сабақтардың сюжетті және тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар
● Интеллектуалдық ойындар.
1- сурет. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу моделі
Танымдық қы-зығушылық-тың көрінуі, шығармашы-лық жұмысқа бейімділік, жаңа, тың нәрсені сезіну
Шығармашылық іс-әрекеттің мәнін түсіну, өз ісіне сын көзбен қарау, өз ісіне ләззаттану сезімінің пайда болуы, тұлғаның дамуы
Әр түрлі мәліметтер мен деректер арасындағы байланысты білу, берілген мәліметті өңдеп, басқа күйге келтіру, шығармашылық іс-әрекетте қажетті психикалық құрылымның қалыптасуы
Шығармашылық әрекеттің нәтижесі
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.)
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру т.б.)
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы жұмыс түрлері:
1. Балаларды мұражайға апару, түрлі кездесулер өткізу.
2. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
3. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақта үнемі пайдалану.
4. Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.
Үнемі осындай жұмыстарды жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Оқу үдерісінің шығармашылық сипаты оқушылар жетістігінің арта түсуіне әсер етеді. Баланы шығармашылық үдеріске тарту олардың белсенділігін арттырады, интеллектуалдық біліктілігін, зерттеушілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, білімді сапалы меңгеруін дамытады.
Оқу үдерісі балалар өздерін зерттеуші ретінде сезінетіндей етіп жоспарланады. Оқушылардың шығармашылық жұмысы түрлі формада ұсынылады: жоба, тұсаукесер, слайд-шоу, журнал, қысқа қойылым. Шығармашылық жұмыс жасауға балалар үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен, шығармашылық дамудың өз мүмкіндіктерін көрсетудің алғашқы қадамы екенін түсіне отырып қарайды. Балалар өздерінің шығармашылық интеллектуалдық «өнімдерін» пән апталықтарында, интеллектуалдық оқуларда, конкурстарда көрсете алады. Ұжымдық әрекет формасында балалардың білім қорын жинауға белсенді кірісуі сыныптан тыс жұмыстарда да интеллектуалдық біліктілігінің дамуына, шығармашылық қабілетінің көрінуіне мүмкіндік береді.
1-сыныпта «Негеш» интеллектуалдық конкурсы (қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу пәндерінен), «Не? Қайда? Қашан?» (дүниетану пәні бойынша) білгірлер конкурстары жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әр түрлі дамытушылық және шығармашылық жобалар қолданылады. Мысалы, түйінді құзіреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтау үшін жүргізілетін конкурстардың бірі - «Ойлан, тап» интеллектуалдық марафоны. Марафонның мақсаты: ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ашу; бастауыш сынып оқушыларында ойын әрекетіндегі алғашқы коммуникативтік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру; оқу пәндеріне деген ерекше қызығушылықты қолдау; жас таланттарды анықтау. Бұл марафонға қатысу арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, өз білімін, тапқырлығын, логикалық ойлауын стандартты емес жағдаяттарда қолдану, шектеулі уақыт ішінде топта жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Қызылорда қаласындағы №10 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа 211 оқушы қатысты. Бақылау тобында да, эксперимент тобында да үлгірім және жалпы даму көрсеткіштері бірдей оқушылар болды.
Эксперимент берілген критерий, көрсеткіштер мен оны өлшеу құралдары бойынша жүргізілді. Анықтау эксперименті нәтижесінде алынған диагностикалық мәліметтер төмендегідей:
1-кесте. Бақылау және эксперименттік топтардағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейлері
Топ
|
критерийлер
|
когнитивтік
|
мотивациялық-қажеттілік
|
іс-әрекеттік
|
жоғары
|
орта
|
тө-мен
|
жоға-ры
|
орта
|
тө-мен
|
жоға-ры
|
орта
|
тө-мен
|
Бақылау
|
30,1%
|
58,4%
|
16,3%
|
35,1%
|
49,5%
|
15,4%
|
25,6%
|
63,4%
|
11%
|
Экспери-менттік
|
25,3%
|
58,4%
|
16,3%
|
30,2%
|
54,2%
|
15,6%
|
19,6%
|
70,7%
|
9,7%
|
Анықтау экспериментінің нәтижелері екі топта да тек мотивациялық-қажеттілік критерий бойынша даму көрсеткішінің жоғары екендігін, яғни оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындауға қызығушылығы мен өзін шығармашыл тұлға ретінде көрсетуге ұмтылысының бар болғанымен, оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейінің төмен екендігіне байланысты қалыптастырушы эксперименттің жүргізілу қажеттілігін көрсетеді.
Эксперимент және бақылау сыныптары бойынша қорытынды нәтижесі шығармашылық тапсырмаларды қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуын анықтау мен бекіту кезеңіне байланысты берілді. Анықтау кезеңінде арнаулы құрастырылған тапсырмалар, бақылау, диагностикалық тест т.б. зерттеу әдістері оқушылардың шығармашылық қабілетінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызды. Мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерін бақылаудан оқу үдерісінде шығармашылық жұмыс түрлерінің жүйелі түрде жүргізілмеуі мен оқушылардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталмағандығы айқындалды.
Шығармашылық оқушының алдына қойған міндеттерін шешу барысында мақсатты түрде жүзеге асыратын әрекеті болып табылатынын ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдерге қойылатын педагогикалық талаптар айқындалды:
мұғалім сабақты шығармашылықпен ұйымдастыру үшін мүмкін деңгейдегі тапсырмаларды шығармашылық деңгейге дейін жеткізіп құра білу;
шығармашылық тапсырмаларды орындату үшін оларды талдатып, өзінің көзқарасын білдіруге жағдай туғызу;
жаңа білімді меңгеруде ойлауды белсенді ету әдістері, бақылау сұрақтарын шығармашылықпен құра білу, ережелерді практикалық жолмен меңгертудің жолдарын іздестіру;
эмпирикалық әдістерді (сауалнама, интервью, әңгімелесу, бақылау, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізуді) жете меңгеру;
оқушының шығармашылық әрекетіне әділ баға беріп, оны өз ісінде жаңа нәтиже алуда жауапкершілікке жетелеуі;
әрбір сабақтың тақырыбы мен мақсатына, шығармашылық тапсырмалардың түрлері мен деңгейлеріне сәйкес құра білуі.
Қалыптастыру эксперименті барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі мен оны ұйымдастыру формалары сараланды. Оның нәтижесінде оқушылардың шығарашылық қабілеттерін дамытуда шығармашылық жұмыс түрлерін қолдану мынадай тұжырым жасауға ықпал етті: оқу үдерісі шығармашылық сипатта өтетіндіктен, оқушы оқу материалын тез қабылдайды; оқушының сабаққа қатысу ынтасы артады, енжар оқушы белсенді оқушыға айналады, баланың жауапкершілік сезімі артады, құрбысынан қалмауға тырысады, баланың оқу материалын толықтай меңгеруіне жол ашылады, оқушылар жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге тырысады, баланың өз ойын жеткізе білу қабілеті, оқуға қызығушылығы артады; оқушылардың сөздік қорын, ауызша, жазбаша тілін дамытады; танымдық үдерістері (жады, ойлау, зейін, қиялдау мен елестету қабілеттері) дамиды.
Ұсынылған тапсырмалар жүйесінде тапсырмалар біртіндеп күрделендірілді. Олардың орындалуы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін көрсетті.
Анықтау және қалыптастыру эксперименті нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейінінің салыстырмалы көрсеткішінің нәтижесі төмендегідей болды:
2-кесте. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері
Деңгейлері
|
Экспериментке дейін, %
|
Эксперименттен кейін, %
|
Бақылау тобы
(105 оқушы)
|
Эксперимент тобы (106
|
Бақылау тобы
(105 оқушы)
|
Эксперимент тобы (106
|
2-кестенің жалғасы
|
|
оқушы)
|
|
оқушы
|
Жоғары
|
30,2
|
25,1
|
31,5
|
42,8
|
Орта
|
57,1
|
61,1
|
57,7
|
52,5
|
Төмен
|
12,7
|
13,8
|
10,8
|
4,7
|
2–сурет. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың салыстырмалы нәтижесі
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында нәтижелерді талқылау оқу үдерісінде шығармашылық жұмыс түрлерін ұйымдастыру негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейі эксперименттік топта жоғарылағанын көрсетеді.
Эксперименттік топтағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейі 17,7% -ға артқан, төмен деңгейдегі оқушылар саны 9,1%-ға кеміген. Эксперимент барысында экспериментке дейін шығармашылық қабілетінің даму деңгейі төмен болған оқушыларды орташа деңгейге дейін көтеруге қол жеткізілді. Эксперименттік топқа қарағанда бақылау тобында өзгерістер байқалмады.
Сонымен, эксперименттік топтағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың барлық көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілгендігін көрсетті. Зерттеу барысында белгіленген мақсаттар мен міндеттер жүзеге асырылды.
Педагогикалық эксперимент зерттеу жұмысының болжамының дұрыс екенін дәлелдеді, яғни бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық міндеттер шешілетін шығармашылық әрекетке қатысуы қамтамасыз етілсе; шығармашылық қабілеттерді дамыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылса, сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тиімді болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыруға басты назар аударылуда.
Зерттеу барысында «қабілет» ұғымының мәні, оның теориялық аспектілері мен мектеп жағдайында шығармашылық қабілеттерді дамыту үдерісіне педагогикалық басшылық жасау мәселелері қарастырылды.
Шығармашылық тапсырмалар жүйесі тиімділігінің педагогикалық шарттарының бірі – тапсырмаларды орындау үдерісіндегі мұғалім мен оқушылардың өзара тұлғалық әрекеттестігі. Оның мәні - тура және кері байланыстың үздіксіздігі мен субъектілердің бір-біріне әсер етуінің үйлесімділігінде.
Шығармашылық әрекетті ұйымдастыру үдерісінде мұғалім мен оқушылардың өзара тұлғалық әрекеттестігі оқытуды ұйымдастыру формаларының үйлесуі, шығармашылық әрекет әдістері мен стилін таңдауға бинарлық қатынаспен түсіндіріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздерін және педагогикалық шарттарын анықтай отырып, біз төмендегідей қорытынды жасадық:
Шығармашылық іс-әрекет деп біз оның нәтижесінде жаңа нәрсе жасалатын іс-әрекетті түсінеміз.
Педагогтардың практикалық тәжірибесін, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және шығармашылық іс-әрекетін белсендіру үшін бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі мүмкіндіктерінің зор екендігін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту шарттарын қарастыру сабақ барысында оларды жүзеге асыру және дамыту жолдарын көрсетуге мүмкіндік берді. Біріншісі – оқу үдерісінде шығармашылық оқу міндеттерін қою және шығармашылық сипаттағы педагогикалық жағдаяттарды құру, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмысын ұйымдастыру. Екінші жолы - әдебиеттік оқу сабақтарында оқушыларды көркем шығармашылық әрекетке тарту.
Шығармашылық қабілеттерді дамыту критерийлері (когнитивті, мотивациялық-қажеттілік, іс-әрекеттік) анықталды, критерийлерге сәйкес даму деңгейлері сипатталған және диагностикалау құралдары іріктеліп алынған. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы бастауыш сыныптарда шығармашылық тапсырмаларды пайдалану нәтижесінде эксперименттік сыныптардағы төмен деңгейдегі балалар саны азайғанын, жоғары және орта деңгейдегі балалар саны артқанын көрсетті. Бақылау сыныптарында өзгерістер болған жоқ. Екі сыныптың нәтижелерін салыстыра отырып, біз эксперименттік сыныптарда шығармашылық қабілеттердің даму деңгейінің жоғары екені жайлы қорытынды жасай аламыз.
Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары төмендегі басылымдарда жарияланған:
Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. «Шығармашылық қабілеттер» ұғымының мәні. // «Жастар және қазіргі замандағы әлемдік мәселелер» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды, 2011. – 72-74 бб.
Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. // «Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда, 2011. – 207-210 бб.
Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың практикалық тәжірибесін талдау. // «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда, 2011. – 516-523 бб.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – Алматы: Ғылым, 1994. – 360 б.
Педагогикалық және жасерекшелік психологиясы. Ред. басқ. А.В.Петровский. - Алматы, 1987. – 271 б.
Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту. // Қазақстан мектебі. - 1999. - №2. - 4-5 бб.
Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту. // Бастауыш мектеп. – 1997. - №4. – 15-16 бб.
Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы, 1978. – 344 б.
Тұрғынбаева Б.А. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. – Алматы, 1997. – 212 б.
Нағымжанова Қ.М. Креативтілік феноменінің педагогика және психологияда дамуы. // Білім.- №5 – 2006 – 10 б.
Кішібаева Д., Сихынбаева А. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын арттыру жолдары. // Бастауыш мектеп. - №3. – 2009. – 13 б.
Тұрғынбаева Б.А. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту: канд. дисс. автореф. – Алматы, 1998. – 401 б.
Guilford J. The nature of human inteligece. - N.Y., 1967. – 119 р.
Орақова А.Ш. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары: канд. дисс. автореф. – Алматы, 2006. – 30 б.
Қадірова Б.Н. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту – ғылыми-педагогикалық проблема. // Білім-Образование. – 2004. - №2. – 16-20 бб.
Жанатбекова Н. Шығармашылық қабілеттілік – даму негізі. // Қазақстан мектебі. – 2006. - №2. – 15-17 бб.
Әмірова Ә.С. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру. – Алматы, 2009. – 52 б.
Кубасова О.В. Развитие воссождающего воображения на уроках чтения. // Начальная школа. – 1991. - №9. – С. 14-16.
Түйін сөздер: шығармашылық қабілет, шығармашылық әрекет, шығармашылық үдеріс, шығармашылық өнім, шығармашылық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық белсенділік, шығармашылық деңгей, шығармашылық құрастыру, шығармашылық тапсырма, шығармашылық жұмыс, шығармашылық клуб, шығармашылық бірлестік, шығармашылық зертхана, шығармашылық іс-шара, шығармашылық қасиет, шығармашылық бастама, шығармашылық шешім.
РЕЗЮМЕ
Сартаева Назгуль Ташкенбаевна
Педагогические условия развития творческих способностей младших школьников
на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности 6М010200 – Педагогика и методика начального обучения
Актуальность исследования. В связи с проблемой внедрения новой образовательной парадигмы в XXI веке возрастают требования к развитию творческой личности, которая должна обладать гибким продуктивным мышлением для решения сложнейших задач, которые выдвигает жизнь. В обществе происходят бурные изменения. Человек вынужден реагировать на них адекватно и, следовательно, должен активизировать свой творческий потенциал. Цель исследования: выявить и научно обосновать организационно-педагогические условия развития творческих способностей младших школьников. Предмет исследования: процесс развития творческих способностей младших школьников. Методы исследования: педагогическое наблюдение; анкетирование; беседа; психолого-педагогический эксперимент; математическая обработка данных опытно-экспериментальной работы.
Научная новизна исследования заключается в том, что:
разработана и реализована система творческих заданий, особенностью которой является организация творческой деятельности, ориентированной на познание, создание, преобразование, использование в новом качестве объектов, ситуаций, явлений, находящих отражение в компонентном составе системы;
выявлен, теоретически обоснован и экспериментально проверен комплекс педагогических условий эффективного функционирования системы творческих заданий в учебном процессе.
База исследования: №10 общеобразовательная средняя школа имени Ы.Алтынсарина г. Кызылорда.
Теоретическая значимость исследования состоит в обобщении современных представлений об особенностях творческой деятельности младших школьников.
Практическая значимость исследования определяется тем, что выявленные в нем педагогические условия способствуют развитию творческих способностей младших школьников. Характеристики уровней творческой деятельности, разработанные в диссертации, могут быть использованы учителями начальных классов, школьными психологами, а также в процессе профессиональной подготовки будущих учителей начальных классов.
Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы (125 наименований) и приложений (10).
SUMMARY
Sartayeva Nazgul Tashkenbayevna
Pedagogical conditions of progress of creative capacities of younger pupils
on acquiring for the scientific degree of the magistr of pedagogical sciences speciality 6M010200 – Phedagogics and methods of elementary classes training
Urgency of research. In connection with a problem of introduction of a new educational paradigm requirements increase in XXI century to progress of the creative person which should possess the flexible productive thinking developed by active imagination for the decision of the most complicated problems which are put forward with a life. In a society there are violent variations. The person is compelled to respond to them adequately and, consequently, should make active the creative potential.
Objective of research: to reveal and scientifically to prove organizational-pedagogical conditions of progress of creative capacities of younger pupils.
Object of research: development of creative capacities of younger pupils.
Investigative techniques: studying and the analysis of the psychological-pedagogical literature on a problem of research; pedagogical supervision; questioning; conversation; psychological-pedagogical experiment; mathematical data processing of skilled-experimental work.
Scientific novelty of research consists that:
- The system of creative tasks which feature is the organization of the creative activity focused on knowledge, creation, transformation, use in new quality of objects, situations, the phenomena finding reflection in componental structure of system is developed and realized;
- The complex of pedagogical conditions of effective functioning of system of creative tasks in educational process is revealed, theoretically proved and checked experimentally up.
Base of research: №10 general educational high school of a name of Y.Altynsarina in Kyzylorda.
The theoretical importance of research consists in generalization of modern concepts about features of creative activity of younger students; to development of levels of creative activity of younger pupils at a lesson.
The practical importance of research is defined by that the pedagogical conditions revealed in it sold at a lesson, assist progress of creative activity and creative capacities of younger pupils. Characteristics of levels of the creative activity, developed in the dissertation, can be used by teachers of initial classes, school psychologists, as well as during vocational training the future teachers of initial classes.
Structure of the dissertation. The dissertation will consist of the introduction, two chapters, the conclusion, the list of the used literature (125 names) and appendices (10).
Достарыңызбен бөлісу: |