Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
УЕ-ХҚТУ-069-2014
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
“Университеттің ішкі құжат айналымы” ережесі
32 беттің 14–ші беті
департаментінің, оқу ісі жөніндегі Вице-президенттің, Қызметкерлер
үшін:бөлім, басқарма, департамент бастығының, Вице-президенттің тиісті
резолюциясы талап етіледі;
15.5 Өтініш қайталанып түскен кезде оған кезекті тіркеу нөмірі беріледі және
оң жоғарғы жағына «Қайталанған» белгісі қойылады; егер тұлға, бір мәселе
бойынша екі реттен кем емес өтініш жолдаған болса, алғашқы жолдаған
өтінішіне алған жауабымен келіспейтін болса, егер өтініш келіп түскен
уақытынан қарау мерзімі өтіп кеткен болса , өтінішті қарау және мәселелерді
шешуде кемшіліктер кеткен болса, ондай жағдайда өтініш қайталанған деп
есептеледі.
15.6 Бір тұлғаның бір мәселе бойынша әртүрлі мекен жайға бағыттаған,
сөйтіп қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері қиғаш сызық арқылы
реттік нөмір қосылып, бірінші өтінішінің тіркеу нөмірімен есепке алынады;
15.7 Өтініштің авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде
электрондық цифрлық қолтаңбасы , арыз берушінің пошталық мекен-жайы
жоқ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері иесі (аноним) өтініш болып
есептеледі және қарастыруға жатпайды; мазмұнында дайындалып жатқан
немесе жасалған қылмыстарға
және
мемлекеттік немесе қоғамдық
қауіпсіздікке қатысты мәліметтер бар өтініштерден басқасы; Лауазымдық
міндеттерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жұмыс істеу
көрсетілген, лауазымдық тұлға ондай өтініштерді кешіктірмей құзіретті
мемлекеттік органдарға жолдауы тиіс;
15.8 Сұрақтың мазмұны баяндалмаған жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері қаралмайды;
15.9 Жеке және заңды тұлғалардың өтінішінің мазмұны көлемді, өтініш
авторлары көп болса – азаматтар фамилиясының әліпбилік көрсеткіші
жасалады.
16.
МӨРЛЕРДІ, МӨРТАБАНДАРДЫ ЖӘНЕ БЛАНКІЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН
САҚТАУ
16.1 Университет атауы көрсетілген мөрлер, мөртабандар мен бланкілер
міндетті түрде есепке алынуы және сейфтерде немесе жанбайтын шкафтарда
сақталуы тиіс.
16.2 Елтаңбалы мөрлерді сақтау және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құқықтық-нормативтік актілерімен реттеледі.
16.3 Басшылықтың келісімінсіз қызметтік құжаттар көшірмелерін басқа
біреуге беруге үзілді-кесілді тыйым салынған. Құжаттардың сақталуын
қамтамасыз етуге және қызметтік ақпараттардың сыртқа жайылып кетпеуіне
құрылымдық бөлімше басшылары мен құжатты орындаушылар жауапты
болады.
16.4
Университет атауы көрсетілген мөрлерді, мөртабандарды және
бланкілерді есепке алу тиісті тіркеу-есепке алу нысандарында 9-қосымшаға
сәйкес жүргізіледі;
16.5 Бүлінген бланкілерді жою тиісті тіркеу-есепке алу нысанына белгі салу
арқылы акті бойынша жүзеге асырылады .
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
УЕ-ХҚТУ-069-2014
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
“Университеттің ішкі құжат айналымы” ережесі
32 беттің 15–ші беті
17. ІСТЕРДІҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫН ӘЗІРЛЕУ,ІСТЕРДІ ЖАСАҚТАУ
ЖӘНЕ ҰЙЫМНЫҢ ВЕДОМСТВАЛЫҚ МҰРАҒАТЫНА ТАПСЫРУ
Істердің номенклатурасы:
17.1 Істер номенклатурасы орындалған құжаттарды істерге топтастыру,
істерді жүйелеу мен есепке алу, олардың сақтау мерзімдерін анықтау және
тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақтаудағы істердің тізімдемесін
құрастыруға негіз болады, сонымен қатар, уақытша (10 жылға дейінгі)
сақтаудағы құжаттарды есепке алу үшін арналған;
17.2 Істер номенклатурасын әзірлеген кезде құрылтайшылық құжаттарын,
жасалған құжаттардың түрлері, құрамы және мазмұны зерттеледі;
құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, құжаттардың сақтау мерзімдері
көрсетілген үлгілік, салалық (ведомствалық) тізбелерін, істердің үлгілік (үлгі)
номенклатураларын , құрылымын (штат кестесін) басшылыққа алады, ұйым
қызметінде
17.3 Құрылымдық бөлімшелердің істер номенклатуралары бөлімшесіндегі іс
жүргізуге жауапты қызметкерлерімен құрастырылады (ағымдағы жылдың 15
қарашасынан кешіктірмей) ӘКБ бастығымен келісіледі, бөлімшенің басшысы
қол қояды және (АРСБ) жіберіледі;
17.4 Жаңадан құрылған бөлімшелер 1 ай мерзім ішінде істердің
номенклатурасын әзірлеп және оның АРСБ-на ұсынуға міндетті;
17.5 Істер номенклатурасы 2(екі) данада жасалады; бекітілген номенклатураны
1 данасы сол бөлімде, 1 данасы университеттің Аккредитация және сапа
менеджменті басқармасында сақталады;
17.6 Істер номенклатурасы жыл соңында нақтыланады, университет
басшысымен бекітіледі және келесі іс жүргізу жылының 1-қаңтарынан
қолданысқа енгізіледі;
17.7
Істер
номенклатурасының
бөлімдерінің
атаулары
бекітілген
құрылымымен (структура) және штаттық кестеге сәйкес орналастырылған
құрылымдық бөлімшелердің атаулары болып табылады;
17.8 Бұл ретте Кеңсе бөлімі басшылықтың өкімдік құжаттарын шығарушы
және сақтаушы ретінде істер номенклатурасында бірінші болып орналасады;
18. ІСТЕРДІҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫН РӘСІМДЕУ:
18.1 Істер номенклатурасының бірінші бағанында номенклатураға енгізілген
істердің реттік саны;
18.2 Істер номенклатурасының екінші бағанында номенклатураға енгізілген әр
істің индексі қойылады; істің индексі құрылымдық бөлімшенің цифрлық
белгілерден және құрылымдық бөлімше шегіндегі номенклатура бойынша
істер тақырыбының реттік нөмірлерінен құрылады; индекстің элементтері бір-
біріне дефис арқылы ажыратылады; номенклатурада әр түрлі құрылымдық
бөлімшелер шегінде бір тектес істер үшін бірдей индекстер сақталады;