11.6. УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 80-беті
11.6.1 Осы ереже университеттің оқу-дістемелік жәнеәкімшілік-басқарма
бөлімдері қызметкерлерінеде қатысты.
11.6.2 ОӘБ Университеттің оқытушыларының, қызметкерлерінің және
әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығының жалпы мерзімі бойынша
шектеулер қоюға құқықты.
11.6.3 Университеттің оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік
қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын жүзеге асырудың ерекше жолы
төмендегі жағдайлар үшін оларды серіктес оқу орындарына жіберу және білім
алуын ұйымдастыру:
-
дәріс оқу, сабақ өкізу және кеңес беру;
-
біріккен тақырыптар төңірегінде ғылыми жұмыстарға қатысу;
-
біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу;
-
шығармашылық демалыс кезінде машықтанудан өту;
-
конференциялар мен семинарларға қатысу.
11.6.4 Іс-сапарға шығарудың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын негізгі
құжат техникалық тапсырма болып табылады. Техникалық тапсырмаға іс-сапарға
шығушымен, кафедра (зертхана, бөлім) меңгерушісі, құрылымдық бөлімше
жетекшісімен қол қойылып және Универсиет ректорымен бекітіледі.
11.6.5 Университет оқытушыларын, қызметкерлерін және әкімшілік
қызметкерлерін қызметтік сапарға жіберу Ректордың бұйрығы негізінде жүреді.
11.6.6 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік
қызметкерлерінің шетелдік сапарға кетуі мерзімінде олардың оқу жүктемелерін
және лауазымдық міндеттерін орындау ҚР заңнамасына сәйкес ақысы төлену
арқылы басқаларға жүктеледі.
11.6.7 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік
қызметкерлерінің басқа оқу орындарына немесе мекемелерге өз ықыласымен кетуі,
ережеге сай, жеке сапар ретінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда Университет
әкімшілігі құжаттар рәсімдеуде көмек көрсете алады.
11.6.8 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік
қызметкерлерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде
өткен іс-сапарының қорытындылары, және нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу туралы
ұсыныстар
кафедраның
(зертхананың,
бөлімнің)
немесе
«Сырдария»
университетінің ғылыми кеңесінің отырысында тыңдалады
11.6.9 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік
қызметкерлерінің кінәсі бойынша құжаттарды тиісті түрде рәсімдеусіз шетелге іс –
сапарға шығу жұмысқа келмеу ретінде есептелеті және тәртіптік ықпалға әкеліп
соқтырады. Аталмыш пікір кезекті демалыс немесе еңбекақысы сақталмай шыққан
демалыс кезіндегі жағдайға қатысты емес.
11.6.10 Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу үшін
проректорларды және декандарды іс-сапарға жіберу туралы шешімді Университет
ректоры қабылдайды
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 81-беті
Достарыңызбен бөлісу: |