«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 74-беті
11 АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
11.1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
11.1.1 Осы Ереже «Сырдария» университетінде академиялық ұтқырлық
бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша төмендегідей талаптарға сәйкес
әзірленген:
11.1.2 Сырдария университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын
жүзеге асыру туралы аталмыш ереженің мақсаты мен міндеттері Болон
декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді.
11.1.3.Академиялық ұтқырлық ЖОО-ның халықаралық іс-әрекетіндегі маңызды
бағыттардың бірі болып табылады және білім
берудің сапасын жақсартуға,
студенттердің, магистранттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарының тиімділігін жоғарылатуға, олардың кәсіби,
мәдени және
білім деңгейлерінің өсуіне, басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі
интеграциялық қатынастарды орнатуға, «Сырдария»
университетінің міндетін
орындауға септігін тигізеді.
11.1.4.Академиялық
ұтқырлық
–
бұл
«Сырдария»
университетінің
студенттерінің,
магистранттарының
және
оқытушыларының
белгілі
бір
академиялық мерзімге (семестр немесе оқу жылына) Қазақстанның немесе Шетелдік
жоғары жоғары оқу орынына білім алу (немесе зерттеу жұмыстарын жүргізу) үшін
ауысуы.
11.1.5. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру студенттер,
магистранттардың басқа білім ордаларында, сонымен қатар, шетелдік оқу
орындарында бір семестр/оқу жылы және жеке пәндердіоқи алуы. Мұндай жағдайда
білім беру мекемелерінің арасында академиялық
ұтқырлық бағдарламасының
шеңберінде білім беру бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшарт
болуы тиіс.
11.1.6
«Сырдария»
университеті
студенттері,
магистранттары
және
оқытушыларының белгілі бір академиялық мерзімдегі (семестр немесе оқу жылы)
академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асырудың жолы - білім
алушыларды серіктес-жоғары оқу орындарына жіберу болып табылады:
-
оқу орындары арасындағы ынтымақтастық негізінде (екінші диплом
берілмейді), сонымен қатар, академиялық ұтқырлық
бағдарламалары негізіндегі
қамтылған білім беру;
-
іс-тәжірибеден өту (сонымен қатар, тілдік);
-
оқу немесе өндірістік тәжірибеден өту;
-жазғы мектептерге (семестрге) қатысу.
11.1.7. Академиялық ұтқырлықты енгізу отандық білім беру бағдарламаларын
және оқу жоспарларын Еуропалық стандарттармен сәйкестендіруге; ота
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 75-беті
біліктіліктер мен академиялық деңгейлерді қабылдауға; Қазақстандық студенттердің
кредиттерін шетелдік университеттерде қайта есептеуге және керісінше, ортақ білім
беру бағдарламаларын жүзеге асыруға.
11.1.8. Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық қамтиды:
11.1.8.1 «Сырдария» университеті студенттерін, магистранттарын берілген
дайындау бағыты (мамандық) бойынша оқудың нормативті мерзімін ұлғайтпай, оқу
мерзімін қабылдай отырып, шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту.
11.1.9 Оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерінде
қызмет етуі
.
11.1.10 Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық қамтиды:
11.1.10.1 Студенттерді, магистранттарды
берілген дайындау бағыты
(мамандық) бойынша оқудың нормативті мерзімін ұлғайтпай, оқу мерзімін
қабылдай отырып, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқыту.
11.1.10.2 Оқытушылардың Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу
орындарында қызмет етуі.
11.1.11 Жеке академиялық ұтқырлық- білім алушының белгілі бір мерзімге
басқа білім беру мекемесіне (Қазақстанда немесе шетелде) білім алу үшін ауысуы.
Достарыңызбен бөлісу: