Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет16/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   112
academ-sayasat

 
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
2.1 Осы Академиялық саясат (әрі қарай – Саясат) «Сырдария» университетінің 
нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 18-беті 
2.2 Саясат Ережелері білім беру бағдарламаларының талаптары қайта қаралып, 
Қазақстан Республикасы, Университет Жарғысы мен стратегиясының білім беру ісін 
реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда қайта қаралуы 
мүмкін. 
2.3 Саясат Университетте білім алушыларға, профессор-оқытушы құрамына, 
оқу үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Университеттің құрылымдық 
бөлімшелерінің басшыларына және басқа да қызығушылық танытатын тұлғаларға 
арналған. 
2.4 Университет сапалы әрі қолжетімді білім алу үшін барлық білім 
алушыларға бірдей мүмкіндіктер жасайды. 
2.5 Университет білім алушылардың ерекше қажеттіліктеріне қатысты нәсіліне, 
ұлтына, этникалық, діни белгілеріне, жынысына, сондай-ақ әлеуметтік, отбасылық 
жағдайларына, жасына немесе басқа да субъективті критерийлеріне қарай 
кемсітушіліктерге жол бермейді. 
2.6 Оқу жылы академиялық кезеңдерден, емтихан сессияларынан, іс-тәжірибе 
мен каникулдардан тұрады. Университетте академиялық кезеңдер (бітіруші курсты 
есепке алмағанда) күзгі, көктемгі, жазғы семестрлерден тұрады. Бітіруші 
курстардың оқу жылына қорытынды аттаестаттау кезеңі кіреді. 
2.7 Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі әр оқу пәні бойынша оқу 
жылының 
өн 
бойында 
меңгерілетін 
кредитпен 
өлшенеді. 
«Сырдария» 
университетінде білім алған кезеңде білім алушы сол білім беру бағдарламасында 
анықталатын қажетті кредиттер санын меңгеруі тиіс. Ережеге сай, бакалавриаттар 
үшін меңгерілуге тиісті кредиттер 4 оқу жылында, кешкі бөлім үшін 5 оқу жылында 
жүзеге асырылады. 
2.8 Жоғары білім беру бағдарламасының мазмұны үш цикл пәндерінен тұрады 
– жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП), базалық пәндер (бұдан әрі – БП) 
және бейіндеуші пәндер. ЖБП циклі міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары 
оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – 
ТК) пәндерін қамтиды. БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК және ТК пәндерін 
қамтиды. Әр блокта міндетті және таңдау компоненттері бойынша кредиттер саны 
берілген пәндер тізімі көрсетіледі. Әр пән, ережеге сай, бір семестр көлемінде 
оқытылады, бірақ оқу жоспары пәндерді оқытудың реттілік принципіне қарай және 
әр пәнді оқытуда пререквизиттерді қатаң есепке ала отырып құрылады. 
2.9 Оқу жылы аралық бақылау, қорытынды бақылау (емтихан сессиясы), 
қорытынды аттестация (бітіруші курстар үшін), іс-тәжірибе мен каникулды 
қамтитын академиялық кезеңдерден (семестр, триместр, квартал) тұрады. 
Теориялық оқу семестрінің ұзақтығы жазғы семестрді есепке алмағанда 15 аптадан 
тұрады. 
2.10 Жазғы семестр ұзақтығы 6 аптаны құрайды, оның ішінде қайталап оқу 
пәндері (Retake) бар, оның 5 аптасы – теориялық оқу, 1 аптасы – қорытынды 
бақылау (емтихан сессиясы). Жазғы семестрге білім алушының оқу бағдарламасын 
игермеген пәндері, сондай-ақ басқа білім беру бағдарламасы мен басқа 
Университеттердің студенттеріне арналған пәндер енгізіледі. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 19-беті 
2.11 Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі өту балын 
жинай алмаған білім алушы үшін оның үлгерімінің орташа балын (GPA) көтеру 
мақсатында жазғы семестрде жекелеген пәндерді ақылы негізде қайтадан оқуға 
және қайтадан емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі 
2.12 Жазғы семестрде оқыту тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Жазғы 
семестр білім алушыға пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз F бағаны жоюға, оқу 
жоспарындағы пән айырмасын тапсыруға, пререквизиттерді өз уақытында оқыту 
есебінен жеке жоспарға түзетулер енгізуге, үлгерімнің орташа балын (GPA) 
көтеруге мүмкіндік береді. Жазғы семестр кезінде талап етілетін кредиттерді игеру 
үшін білім алушының кредиті 18 кредиттен аспауы тиіс және ол жазғы семестр 
басталмастан бір апта бұрын тіркелуі қажет. 
2.13 Емтиханды қайта тапсырып, оң нәтиже көрсеткен жағдайда қорытынды 
баға қайтадан есептеліп, емтихан ведомосына, сынақ кітапшасына және транскрипт 
құжатына қойылады. Үлгерімнің орташа балын есептеу барысында оқу пәні 
бойынша соңғы бағалар қойылады. 
2.14 Транскрипт құжатына қайта тапсыру кезінде алған оң бағалар мен барлық 
қорытынды бағалар қойылады. 
2.15 Әр оқу жылының ұзақтығы мен мерзімі Академиялық күнтізбеде 
көрсетіліп, білім алушылар мен оқытушыларға оқу жылы басталмастан үш ай бұрын 
таныстырылады. Академиялық күнтізбені Ғылыми кеңес шешімінің негізінде 
Университет ректоры бекітеді. 
2.16 Университет ұсынған элективті пәндер бойынша толық ақпарат алу үшін 
оқу жоспарының әр блогы бойынша Элективті пәндер каталогы шығарылады. 
Каталогты кафедра жасайды, Оқу-әдістемелік басқарма үйлестіреді және білім 
алушыларға таныстырады. 
2.17 Білім беру қызметінің сапасын бақылауды және жетілдіруді бірізділендіру 
мақсатында Академиялық саясат Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-
исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз 
ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі 
қамтамасыз ету жүйесінің контексінде әзірленді. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 20-беті 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау