4.2.2 МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МАГИСТРАТУРАҒА
ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫН, КТ ӨТКІЗУ
4.2.2.1 Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген
тұлғалар қабылданады.
4.2.2.2 Магистратураға түсуші адамдар күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 11
қыркүйегі аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (Университеттің қабылдау
комиссиясы арқылы) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы
(бұдан әрі – портал) арқылы осы
«Сырдария» университетіне оқуға
қабылдаудың ережесінің
1-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
(бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көзделген
құжаттар топтамасын тапсырады.
4.2.2.3 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын,
мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 39-беті
қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
келтірілген.
4.2.2.4 Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім
туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік
көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден
"электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.
4.2.2.5 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын
қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар
топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін
қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды
қабылдаудан бас тартады.
4.2.2.6 Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті
алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды
қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет
нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
4.2.2.7 Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған
құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда
өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы
"жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
4.2.2.8 Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге
құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Университетке қабылдау үшін
құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың
түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 11 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынады.
4.2.2.9 Құжаттарды қабылдағаннан кейін ректор көрсетілетін қызмет
алушыны университеттің магистранттар қатарына қабылдау туралы бұйрық
шығарады.
Көрсетілетін
қызметті
беруші
Мемлекеттік
көрсетілетін
қызмет
Стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тартады.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-
тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету
мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы
мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының
атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органға берілуі мүмкін.
4.2.2.10 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-
тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен
көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс
күні ішінде қаралуға жатады.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 40-беті
4.2.2.11 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының
шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
4.2.2.12 Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда,
көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4.2.2.13 Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын,
неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні
бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ
немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
4.2.2.14 Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар
ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен
және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс
немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
4.2.2.15 КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді
тестілеу өткізудің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4.2.2.16 КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі
- ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы
өткізеді.
4.2.2.17 КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҚР
БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.
4.2.2.18 Түсу (шығармашылық) емтихандарын және КТ-ны тапсырған жылы
оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
4.2.2.19
Шет
тілін
меңгерудің
жалпыеуропалық
құзыреттеріне
(стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық
сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет
тілі бойынша тестінен босатылады:
- ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал
Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;
- IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов
Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP
(ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов
Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test
(Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;
- TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test
of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;
- Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95;
- неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче
щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-
Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 41-беті
- француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ
(TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес),
Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF
(ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди
де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест
де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
4.2.2.20 "Педагогикалық ғылымдар" білім беру салаларының білім беру
топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Бизнес және басқару" кадрларын
даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Ереженің 2-
қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд
экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық
сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін
магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.
4.2.2.21 "Педагогикалық ғылымдар" білім беру салаларының білім беру
топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Бизнес және басқару" кадрларын
даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Ереженің 3-
қосымшаға сәйкес балдармен GraduateRecordExaminations (грэдуэйт рекорд
экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық
сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін
магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.
4.2.2.22 "Бизнес және басқару" мамандарын даярлау бағыттарының білім беру
бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Ереженің 4-
қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Management AdmissionTest (грэдуэйт
мэнэджмент адмишен тест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы
халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде
жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.
4.2.2.23 Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды
тапсыру кезінде, сондай-ақ Университетке қабылдау кезінде ұсынылатын
сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін Университеттің
қабылдау комиссиялары тексереді.
4.2.2.24 Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша
тест тапсырғаны туралы сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға республикалық
бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын
тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде
Университетке қабылданған кезде 50 балл есептеледі.
4.2.2.25 Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде
шетелдік ЖЖОКБҰ аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және
(немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының
мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде оқыту қазақ немесе
орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ тестілеуінің "Шет тілі" (ағылшын тілі)
бөлімін тапсырудан босатылады.
4.2.2.26 Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір
тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 42-беті
4.2.2.27 КТ, түсу (шығармашылық) емтихандарының нәтижелері өткізілген күні
жарияланады.
4.2.2.28
Магистратурада кадрлар даярлау университеттің білім беру
бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте «кіруде»
магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім беру
бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі оқыту нәтижелері
автоматты түрде танылады; магистратураның білім беру бағдарламасы бейіні
жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, игеру үшін
пререквизиттер белгіленеді.
4.2.2.29 Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін
университет дербес анықтайды. Унивеситет ректоры бұйрығымен бекітіледі.
Пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.
4.2.2.30 Пререквизиттер ретінде магистрант тануды университет ҚР «Білім
туралы» Заңның 5-бабының 38-3 тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын тиісті
деңгейдің формалды емес білім берудегі оқыту нәтижелерін ұсынады.
4.2.2.31 Жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту
нәтижелері бейінді бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламаларына сәйкес
оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |