JK-триггері (J-jerk – қатты қозғалыс, түрткі; K- kill - жою) RS-триггеріне кірулерінің белгілеулерімен ұқсайды, бірақ айырмашылығы: істемейтін комбинациялары жоқ (J=1 және К=1 болғанда шығудағы ақпарат қарама-қарсыға ауысады). Одан басқа ол тек қана динамикалық болады. JK-триггердің жұмысын жағдайлар кестеден көруге болады.
JK-триггердің жағдайлар кестесі
JK-триггер тізбекті қосылған екі бір сатылды С синхронды RS-триггерлерінен құрылады. Мұндай триггер құрылу схемасын «M-S» (master-slave = ие-құл) деп атайды. Екі сатылды JK-триггердің «M-S» схемасында құрылған логикалық схемасы және оның құрылыстық бейнесі 5.14 сүретте көрсетілген. Бірінші триггерге С синхроникалық импульстер тікелей түрінде түседі, ал екіншінің кіруіне – инверсті түрде. JK-триггер ереже бойынша S қондырғысы бар асинхронды кірулері және R жылыспасы болады.
JK-триггердің жұмысын бейнелейтін теңдеу:
Q+ =
JK-триггердің жұмысын бейнелейтін уақыттық диаграммасы 5.15 а) сүретте көрсетілген.
3.15 сүрет JK-триггердің жұмысын бейнелейтін уақыттық диаграммасы а) және интегралды орындаудағы JK-триггердің мысалы б).
К555ТВ6 микросхема JK-триггердің интегралды орындаудағы мысалы. Оның құрылымда 1-ден 0 көркіремесімен бақылайтын екі тәуелсіз JK-триггері бар. Солардың әрбірінде басқа кірулерге қарағанда басымдылығымен S қондырғысы бар асинхронды инверсті кірулері және R жылыспасы болады.
JK-триггердің негізінде статикалық триггерлерден басқа көптеген триггерлерді құруға болғандықтан оны әмбебап деп атайды.
5.8 Асинхронді Т-триггері
Асинхронді Т-триггері (от англ. Toggle – релаксатор) бір ақпаратты (синхронды,есептегіш) Т кіруі (оны кейде С деп бейнелейді)бар. Триггердің өзінде кейде есептегіш деп атайды. Т-триггердің УГОсы және уақыттық диаграммасы 5.16 сүретте көрсетілген.
3.16 сүрет Асинхронді Т-триггердің УГОсы а) және уақыттық диаграммасы б)
Асинхронді Т-триггердің жұмыс алгоритмі мынадай. Кіруде сигналдың 1-ден 0-ге көркіреме сәтінде (немесе триггердің құрылыстық схемасына байланысты 0-ден 1-ге) Т кірудегі ақпарат қарама-қарсыға ауысады және сол жерде өзгермей келесі көркіремеге дейін сақталады.
Т-триггердің жұмысын бейнелейтін теңдеу:
Асинхронді Т-триггерлер D және JK-триггерлердің негізінде құруға болғандықтан интегралды орындауда шығарылмайды. Құру схемалары 5.17 сүретте көрсетілген.
3.17 сүрет Т-триггерлердің JK-триггердің негізінде құрған схемалары а) және динамикалық D-триггердің б)
3. 7 Синхронді Т-триггері
Егер Т-триггерге қосымша жұмысқа рұқсат (синхронды) беретін кіру істесек, онда синхронды (потенциалды) Т-триггер болып шағады. Сондай JK-триггердің негізінде құрылған триггер 5.18 сүретте көрсетілген. V – жұмысқа рұқсат беретін кіру.
3.18 сүрет Т-триггердің JK-триггер негізінде құрған схемасы.
Синхронді Т-триггердің жұмыс алгоритмі мынадай. Рұксат беретін кіруінде бір болғанда Т-триггер аснхронды триггер ұқсап Т кіруімен жұмыс істейді. Рұксат беретін кіруінде нөл болғанда ол сақтау режиміне ауысады және Т кіруіндегі сигналдарды сезбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |