Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 13-бабына сәйкес 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. 2014.07.03. № 177-IV ҚР Заңның 2-бабына сәйкес 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 ж. 1 қаңтардан 2013 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі редакцияны қараңыз
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 59-бабына сәйкес (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2-тармаққа өзгерістерді қараңыз:
2012.26.11. № 57-V ҚР Заңын (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2014.07.03. № 177-IV ҚР Заңын (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2014.07.03. № 177-IV ҚР Заңның 3-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
2. Мынадай жағдайларда:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) борышкер — жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға қайтыс болған;
3) осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4-1) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-2) 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) борышкер — дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;
2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банк борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға;
күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына;
егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;
8) 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) осы Кодекстiң 106-бабының 1-3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
11) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредитке (қарызға) және ол бойынша сыйақыға байланысты үмітсіз берешекті кешірген жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.
Осы тармақтың ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан:
негізгі борыш бойынша берешектен;
2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.
Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;
2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;
3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;
4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:
бейрезидентке берілген:
шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;
борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;
шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;
шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы;
шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты;
резидентке берілген:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;
банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.
Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:
ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;
талап ету құқығын басқаға беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүдделерін білдіретін немесе осындай банктің мүдделерінде мүлікті басқару үшін шет мемлекеттің соты тағайындайтын тұлға арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;
банктің басқару органы мыналардың:
Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;
кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;
борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер:
кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі - борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:
осы Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған;
табысқа осы Кодекстің 131 және 132-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;
борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда;
5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;
6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;
7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді.
Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:
1) кредит дерекнамасының нөмірі;
2) кредиттің (қарыздың) берілген күні;
3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;
4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) және банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
2-2. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ережелер өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
2-3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасын провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танымайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кредит (қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап ету құқықтары басқаға берілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлға құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 23 бабына сәйкес 90-баптың 3-тармағының қолданылуы 2012 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 91-бап өзгертілді
91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға берген күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым үшін борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі - өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма мұндай талап ету құқығы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктен сатып алынған жағдайда, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 92-бап өзгертілді
92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс
Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.
Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 119-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады.
93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс
Егер осы Кодекстің 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететін табыстардың мөлшері салық кезеңінің басында салық кезеңінде жұмсалған шығыстар ескерілген жеке топтың мөлшерінен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшері салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 94-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
Бұл ретте жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жылдық жиынтық табысты түзету сомасына азайтылады.
95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар
1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрінде алынған табыстарға:
1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейінгі салық кезеңдерінде өтелген, күмәнді деп танылған талаптар сомасы;
2) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;
3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;
4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.
Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңінің табысы болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Жеке тұлға олар бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салық кезеңдерінің салық салынатын табысын азайтуға жатқызылған осындай шығыстар бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған сол салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 96-бап өзгертілді; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 96-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
96-бап. Өтеусіз алынған мүлік
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.
3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.
5. Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.
97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс
1. Әлеуметтік сала объектілеріне осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын, салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі мүлік жатады.
2. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерін:
1) медициналық қызметті;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті;
3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптар қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі енгізіледі.
3. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.
98-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал)
1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мыналарды:
егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтіндерді;
мұндай дивидендтер корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға (Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан ұйымды қоспағанда) төлейтіндерді қоспағанда, дивиденттер;
1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)
2-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдікті жарналар сомасы;
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)
4-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысы аяқталғаннан кейінгі төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
11) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры астық қабылдау кәсіпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;
14-1) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-2) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-3) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістері алып тастауға жатады.
Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
17) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
18) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық кірістері;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
19) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу үшін ғана нысаналы аударым түрінде бюджеттен алған кірісі алып тастауға жатады.
2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 62-бабына сәйкес 99-бабының 1-тармағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды
Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.
2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеуші осының алдындағы салық кезеңінде қолданған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және теріс айырма сомасына азайтылуға жатады.
Салық төлеуші тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдісіне ауысуды салық кезеңінің басынан бастап жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |