Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



жүктеу 26,45 Mb.
бет16/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136
Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде корпоративтік табыс салығы және онымен байланысты жиынтық жылдық табысты түзету сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) қолданылады.

2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 



3-1. Осы Кодекстің 17-1-тарауын қолданған кезде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және осы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарауға салық төлеуші міндетті, ал салық органының құқылы.

Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы және акциз бойынша салық міндеттемесін орындауға қолданылмайды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3-2. Осы Кодекстің 273-1-бабын қолдану мақсатында қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:

1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезеңі үшін - Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылыстар алғаш рет пайдалануға берілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады;

2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі үшін - кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күнге тура келетін салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

Бұл ретте, егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.

Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаппен ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.»

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсiпкерлiк субъектiсiмен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жасалған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын есепке жазуды немесе қайта қарауды салық органы соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмi шегiнде жүргiзедi.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.

Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді



6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының есепке жатқызуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін талап қою мерзімі осы Кодекстің 548-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл болады.

Салық төлеуші осы баптың 2 және 3-2-тармақтарында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ол бойынша қайтару туралы талап ұсынған қосылған құн салығының расталған асып кеткен сомасын салық органдарының қайтару мақсаттары үшін қайтаруды және (немесе) осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы, оның ішінде тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық органы жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табысты түзету сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасын қайта қарауға, есептеуге немесе есепке жазуға құқылы.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде аяқталған жағдайда талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



8. Бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау немесе бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге шағымын қарау немесе бейрезиденттің осы тармақта көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезиденттің шағымын қарау кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



9. Уәкілетті органның осы Кодекстің 226-бабына сәйкес өзара келісім рәсімін жүргізу кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі шет мемлекеттің уәкілетті органы және (немесе) құзыретті органы өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 



10. Салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сауалдар жолдаған жағдайда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі сауалдар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспауға тиіс.

 

 



 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi.

 Салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерi

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



47-бап. Жалпы ережелер

Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту:

1) салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде осы Кодекстің 47-1 - 51, 52 және 53-баптарында айқындалатын тәртіппен;

2) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсiмпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-1 және 52-баптарында айқындалатын тәртіппен;

3) қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-2-бабында айқындалатын тәртіппен;

4) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін осы Кодекстің 51-3-бабында айқындалатын тәртіппен өзгерту арқылы жүргізіледі.

Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеуден босатпайды.

 «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту» мемлекеттiк қызмет стандартын қараңыз

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен кодекс 47-1-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



47-1-бап. Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту

1. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа) және (немесе) өсiмпұлдарды төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту деп танылады.



Салық төлеушінің салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішінде салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылуға тиіс.

2. Өзгертілген мерзімдер бойынша салық міндеттемесін орындау құқығы басқаға берілуге жатпайды.

3. Осы бапта көзделген салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-бап жаңа редакцияда



48-бап. Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.

2. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, жергілікті бюджеттерге толық көлемде келіп түсетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші тіркеу есебіне алынған жердегі салық органы қабылдайды.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)



49-бап. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту тәртібі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді



1. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына банк кепілдігі шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі.

Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

2. Банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс. Банк кепілдігі шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

3. Салық органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1) салық төлеушімен келісілген, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



2) салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың және (немесе) өсiмпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



5. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)



50-бап. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін мүлікті кепілге алу арқылы өзгерту тәртібі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді



1. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына кепіл шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепіл шарты және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі қоса беріледі.

Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

2. Салық органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау