Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



жүктеу 26,45 Mb.
бет14/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136
Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері қолданылған жағдайда дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы

1. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.

2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

 Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3. Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.



Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Құжаттық тексеру қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

5. Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жатқызылуға жатады.

Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

6. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегі болмаған кезде:

1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

4) айыппұлдардың төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.

8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.

9. Салық органы осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар туралы ақпарат осы баптың 7-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігін айқындайды.

Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталған кезеңі осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге де қатысты қолданылады.

2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

4) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.

3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтылататын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.



Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.



Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) мемлекеттік уәкілетті органдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

2) кеден органдарына - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;

3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.

6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау