Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)



жүктеу 26,45 Mb.
бет66/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   136
Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



4-3. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:

ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжалпы*Sжер, мұндағы:

ҚҚСтүз - қосылған құн салығын түзету сомасы;

ҚҚСеж - бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;

Sжалпы - жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;

Sжер - иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің ауданы.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.

 

259-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету



1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің ережелеріне сәйкес күмәнді болып танылса, осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес мөлшердегі тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы міндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.

2. Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейін қосылған құн салығын төлеуші тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңіндегі есепке жатқызылуда қалпына келтірілуге жатады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді есептен шығару кезінде, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда



4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеуші - өнiм берушi банкрот деп танылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, онда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші - өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



5. Осы бапта көзделген түзету тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша түзету жүргізілетін айналым жасау кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші жазып беретін шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 260-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 260-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі

2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiге төленуге жататын және импорт бойынша қосылған құн салығы, осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайды.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек әдiспен есепке жатқызылады.

3. Осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналымдар салық салудан босатылатын объектiлер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын айналымдардың және осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдiсiн қолдануға мiндеттi.

2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдары осы Кодекстiң 253-1-бабының 2-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және қалған айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қосылған құн салығын төлеушіде:

салық салынатын айналымдар;

осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар;

басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, осы баптың 3-тармағын қолданатын қосылған құн салығын төлеуші, осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың пропорционалды әдісін қолдануға құқылы.

5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық кезеңiнде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдiстерiн бір мезгiлде пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлер айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындаған кезде есепке жатқызудың бөлек әдiсi қолданылатын айналымдарды ескермейдi.



Бір мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн қолданған кезде айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау үшiн салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың жалпы сомасы ескерiледi.

6. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 100-бабының 12-тармағында белгiленген тәртiппен ескерiледi.

 

261-бап. Барабарлық әдіс



Барабарлық әдіс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.

 

262-бап. Бөлек есептеу әдісі



1. Бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезінде, қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшін алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргізеді.

2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдiсiн пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының кепілдегі мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.

2011 ж. 1 шілдеден бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 70-бабына сәйкес 262-бап 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылды

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, есепке жатқызудың пропорциялы әдiсiн пайдаланатын ұйымның:

мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.

2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын банктің еншілес ұйымының:



күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктің еншілес ұйымы алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



2-3. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды басқа қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 248-бабының 25) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.

3. Қаржы лизингіне мүлікті берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын лизинг берушінің мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.

4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығыстар ретінде қаралады.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 5-тармақпен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды



5-1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда



6. Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.

 

 



35-тарау. ШОТ-ФАКТУРА

 

263-бап. Шот-фактура

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушілер үшін міндетті құжат шот-фактура болып табылады.

1-1. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-2. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-тармақтың қолданысы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2016 ж. 1 шілдеге дейін 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңның 5-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара), 2-тармақтың қолданысы 2016 ж. 1 шілдеден бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңның 6-бабының редакциясында қолданылады

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электрондық нысанда:

1) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;

3) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады



3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

4) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



4) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер жазып беруге міндетті.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген салық төлеушілер:

1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері болмаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;

2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.

Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық нысанда жазылып берілуге тиіс.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:

шот-фактураның нысаны;

шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;

шот-фактураларды куәландыру тәртібі;

түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;

шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.

Уәкілетті орган:

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.

2015.03.12. № 432-V ҚР


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау