Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша уақытша иелік етуге және пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
4-3) өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанға ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым өткізетін мүлікті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тарату жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды;
2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнінде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Кеден одағының кеден аумағына кеден аумағында өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауларға байланысты жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда: тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру), Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi жөнелту жөнiндегi жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетудің, әуежай қызметінің көрсетілетін қызметтерін; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер:
1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;
2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулерді;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 пайызын мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайызын) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;
14) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1) егер осы баптың 16) тармақшасында және осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық алтын бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған:
инвестициялық алтын құймалар мен тілімдер түрінде болған;
инвестициялық алтынмен мәміле қор биржасында жасалған кезде не мәміле тараптарының бірі:
екінші деңгейдегі банк;
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы - заңды тұлға болған кезде;
17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулерді;
18) осы Кодекстің 249-254-баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілген ақшалай нысандағы қарыз операциялары;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді
21) бажсыз сауда кедендік рәсімiне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар;
22) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі;
Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесі мен оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
25) келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26) мемлекет атынан алушы үшін:
жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан өткізушінің өткізуі;
жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
27) жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның шығыстарын өтеу қосылған құн салығынан босатылады;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
28) 2016 жылғы 1 қарашаға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде еркін қойма аумағында шығарылған және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін көлік құралдарын;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
29) бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
тауар индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілсе;
осындай тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның растауы болса, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Растау нысанын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
249-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар
1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) мүліктік жалдау (жалға беру), оның ішінде қосалқы мүліктік жалдау (жалға беру), мыналарды:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышында (бұдан әрі - Сыныптауыш) көзделген, тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді немесе мүліктік жалдауды (жалға беруді) қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) мүліктік жалдау (жалға беру) кезінде қолданылмайды;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Сыныптауышта көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) мүліктік жалдау (жалға беру) кезінде қолданылмайды.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) тек тұрғын емес үй-жайдан тұратын тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін өткізуді немесе мүліктік жалдауды (жалға беруді) қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы мүліктік жалдау (жалға беру) қосылған құн салығынан босатылады.
Мыналар:
1) автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесін беру үшін төлем;
2) қонақ үй қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесін мүліктік жалдау (жалға беру), оның ішінде қосалқы мүліктік жалдау (жалға беру) қосылған құн салығанан босатылмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 250-бап өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға:
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) лицензия негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:
депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу
жеке және заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетілген металл шоттарын ашу және жүргізу;
аударым операциялары;
банктік қарыз операциялары;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерлігін және өзге де міндеттемелерді беруі;
банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (
Достарыңызбен бөлісу: |