Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)



жүктеу 26,45 Mb.
бет46/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136
бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)

18) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

19) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.

6. Бейрезидент заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы бейрезиденттің табыстарына төлем көзінен салық салынады.



 

194-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері



Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 6 бабына сәйкес 194-бабы 1) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы баптың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар -20 пайыз;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар - 20 пайыз;

3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 пайыз;

4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 пайыз;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар - 5 пайыз;

6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти -15 пайыз.



 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 195-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



195-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аударудың тәртібі мен мерзімдері

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Бейрезидент заңды тұлғаның кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке:

1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша - кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;

2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңіндегі соңғы күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.

Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

3) алдын ала төлем төленген жағдайда - төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Егер бейрезиденттің табысының есептелген сомасы осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте бейрезидентке мұндай табысты төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.

3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.



Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезиденттің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



196-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету

Салық агентi өзiнің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:

1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін - бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;

2) төртінші тоқсан үшін - бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге мiндеттi.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 196-1-бап толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері

Табыс салығын осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында белгіленген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етеді.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді



197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлiктi және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



1. Осы бап мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бейрезидент заңды тұлға шығарған акцияларды және бейрезидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезiнде бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.

Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:

1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткізу кезінде - мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;

2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткізу кезінде - осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.

Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1-1. Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкінің үлесі акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.

Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлкінің үлесі қатысу үлестерін өткізу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:

1) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;

2) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.

Дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтері баланстық құнының сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.

Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе ондағы қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:

1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің;

2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде - дивидендтер төлеу немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.

2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды:

1) сәйкестендіру нөмірін және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогын және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізуші және сатып алушы заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағаларын;

3) жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күнін;

4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді;

5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізуші тұлғаның үлестестігі туралы мәліметтерді (тікелей немесе жанама қатысу мөлшерін) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.

4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.



Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.

Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті болып танылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



5-1. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде табыс алатын бейрезидент осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Салық агенті болып табылатын бейрезидент осы Кодекстің
жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау