Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қолма-қол ақшаны және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) салық төлеушіге:
фискалдық жұмыс режимі белгіленген және салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын;
деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;
қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітаптарын;
бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде:
бақылау-касса машинасы компьютерлік жүйе болғанда - салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;
бақылау-касса машинасы деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болғанда - салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.
8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша көрсетіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 647-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
647-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу
1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қойған жерi бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
1) өзгерген мәлiметтердi көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;
2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуге міндетті.
2. Тіркеу карточкасын ауыстыруды:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргізеді.
Осы тармақшада көзделген жағдайда, салық төлеуші салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда - оның көшірмесін қоса береді.
Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық органының лауазымды адамы салықтық өтiнiш салық органында қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының өзгертілген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын ресiмдейдi және салық төлеушiге бередi.
4. Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушінің бақылау-касса машинасының аталған тіркеу карточкасын жоғалту (бүлдіру) жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.
648-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару
1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
2) бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің орналасқан жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап ететін;
3) техникалық ақауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен шығарған;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне алмастырылған;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына және салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған, жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қоспағанда, салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салық органы орнатқан пломбасымен бірге фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын немесе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;
2) бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;
3) нөмірленген, тігілген, салық органы басшысының қолымен және мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын;
4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті, бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасын табыс етеді және «Салық инспекторының жұмыс орны» модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық органының лауазымды адамы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш салық органында тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүргізеді, ол үшін:
1) фискалдық есепті алады;
2) камералдық бақылау жасайды және қолма-қол ақша есебі кітабының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен және тауар чектері кітабының деректерімен салыстырып тексеру жүргізеді;
3) қолма-қол ақша есебі кітабы мен тауар чектері кітабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусынан салық органының пломбасын алып тастауды жүргiзедi;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) салық төлеушіге:
бақылау-касса машинасын;
қолма-қол ақша есебінің кітабы мен тауар чектері кітабын;
бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;
бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын, деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде салық органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
649-бап. Фискалдық есепті алу және бақылау чегінің мазмұнына қойылатын талап
1. Фискалдық есепті салық органдары:
1) салықтық тексерулер жүргізген;
2) фискалдық жадының блогын ауыстырған;
3) бақылау-касса машинасы есептен шығарылған;
4) фискалды жадыға кіру паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасын жөндеу жүзеге асырылған;
5) қолма-қол ақша есебінің кітабы толығымен толтырылған;
6) қолма-қол ақша есебінің кітабы жоғалған (бүлінген) жағдайларда алады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:
1) нөмірленген, тігілген, салық органы басшысының қолымен және мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің және тауар чектерінің кітаптары;
2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер табыс етіледі.
Фискалдық есепті алу кезінде деректері салық органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілуге жататын фискалдық есепті алу актісі жасалады.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, бақылау-касса машинасының бақылау чегі мынадай ақпараттарды:
1) салық төлеушінің атауын;
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) фискалдық белгіні;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.
Аппараттық-бағдарламалық кешендердің (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) бақылау чегі осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс.
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының бақылау чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
4. Бақылау чегі қосымша бақылау-касса машиналарын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, соның ішінде қосылған құн салығы сомасы туралы деректерді қамтуы мүмкін.
650-бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушінің жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бақылау-касса машинасын пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты енгізуді жүзеге асырады;
2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауарлық чек толтырады және береді;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) фискалдық деректердің операторы ұсынатын телекоммуникациялар желісі уақытша болмаған жағдайда, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының автономды жұмыс режимін пайдаланады;
3) қолма-қол ақша есебінің кітабын толтырады;
4) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті алу (Z-есеп) жолымен «ауысым соңы» рәсімін орындайды.
Ауысымдық есептер, қолма-қол ақша есебі және тауарлық чектер кітаптары, сондай-ақ олар бойынша жою және қайтару операциялары жүргізілген жою, қайтару чектері мен бақылау чектерін салық төлеуші оларға мөр қойылған немесе толық толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.
Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
2. Қате енгізілген соманы жою немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаларды қайтару операциялары бақылау чегінің түпнұсқасы және қолма-қол ақша есебі кітабында жүргізілген жазба болған кезде бақылау-касса машинасының моделін жасаушының техникалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Қолма-қол ақша есебі кітабының деректері тиісті күнге ауысым есептерінің көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Төлем карточкалары пайдаланылған кездегі төлемдер сомалары ескерілген кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері фискалдық есепті алған кездегі кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомаларына сәйкес келуге тиіс.
Осы Кодекстің 649-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кассаның ағымдағы жай-күйі туралы фискалдық есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаны есептеуді салық төлеуші (оның лауазымды адамы) салық органының тексеруші адамының қатысуымен жүргізеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |