- бюджетке артық түскен және бересі сомасына талдау, салық төлеушілерінің мониторингін көрсетілген тізім бойынша жүргізу;
- бюджетке және жинақтаушы зейнетақы қорына түсетін түсімдердің толық есептеліп және түсуінің бақылауы үшін ақпаратпен қамтитын барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен салыстыру және өзара ақпаратпен алмасу жүргізеді;
- қала басшыларына және басқа да мемлекеттік органдарға бюджеттің кірістер жөнінде ақпараттар дайындайды.
Заңды тұлғалар аудиты бөлімі.
- салық төлеушілердің салық төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын бақылау ҚР Салық және басқа да төлемдер туралы Заңымен жүзеге асырады;
- бюджеттік төлемдер жөніндегі Заңдар мен нұсқаулардың жобасын дайындау жұмыстарына қатысады;
- салық төлеушілерден түскен хат,өтініш және арыздарды талқылайды;
- салық төлеушілердің құқығын және мемлекет мүддесін қорғайды;
- 2-Н формалы есепті және түсініктеме запискасын дер кезінде орындалуын қамтамасыз етеді.
Өндіріп алу бөлімі.
- салық төлеушілердің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы және толық төленуін қамтамасыз етеді;
- салық төлеушілердің салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындалуына бақылау жасайды;
- салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдана отырып жүзеге асырады;
- салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін бағалау үшін керекті материалдар дайындайды;
- салық төлеушінің құқығын және мемлекет мүддесін қорғайды;
- заңды және жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы қорына төленетін
жарнаның уақтылы төлеуіне бақылау жасайды және уақытында төленбеген жарна берешегін өндіру мақсатында Заңдарда қаралған өндіріп алу шараларын қолданады;
- салық берешегі бар салық төлеушілерді анализдеу арқылы дерек базасын жасайды;
- салық берешегі бар заңды тұлғаларда мониторингалық жұмыстар жасайды және бақылайды;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден берешегі бар төлеушілерден берешек қарыздарын өндіріп алу мақсатында қаржы полициясы, кеден басқармасы және басқа да құқық қорғау органдарымен жұмыс жасайды;
- облыстық салық комитетіне, Жезқазған және Сатпаев қалаларының әкімшіліктеріне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің берешегінің туындауының себептері жайында ақпарат дайындайды.
Өндірістік емес төлемдер бөлімі:
- өндірістік емес төлемдерде салым төлеу сұрақтарында мемлекеттің және салық төлеушілердің құқығын және ережесін сақтау керек;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге және салымшыларға салық заңдарының ережесін , бөлім кірістерін ескерту;
- салық төлеушілердің информациялық құпиясын саќтау;
- өз қызметтерін жүзеге асыру барысында бөлім жұмыскерлері құқылы;
- заңды және жеке тұлғаларға өндірістік емес төлемдердің бюджетке дұрыс есептелуін тексеру;
- бақылау ҚР Салық және басқа да төлемдер туралы заңымен жүзеге асырады;
- жергілікті және атқарушы органдармен жұмысты орындау.
Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу бөлімі.
- салық төлеушінің құқығын және мемлекет мүддесін қорғайды;
- жеке тұлғалардың арыздары бойынша берешегі жоқ ретінде анықтама беріледі, теңестіру актысы және оның орындалуы есеп бөліміне тапсырылады және заңмен көрсетілген мерзімінде орындалуы бөлімге жүктеледі;
- салық төлеушілердің хат, арыздар және өтініштері қаралады;
- Қазақстан Республикасының салық заңын орындалуын және мүлік, жер, көлік салықтырын тиімді түсуі мұқият зерттеледі;
- мүлік, жер және көлік салықтары толық түсу үшін жергілікті уәкіл етілген органдармен қарым-қатынас шараларын өткізу;
- мүлік, жер және көлік салықтарын жинау болжауын орындалуына динамикалық бақылау жүргізу;
- жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтарын дұрыс есептеуін қадағаланады;
- мүлік, жер және көлік салықтарын қалыптастыру және оны деректі базаға енгізу, яғни аналитикалық тағыда басқа есептер қолданылады;
- 2-Н бойынша есеп беру және оған пайымдау жазбасы дайындалады;
- Қарағанды облысының салық басқармасының тапсырмаларын уақытында және сапалы орындау.
Қазақстан Республикасы салық комитеттерінің құрылымдары бірдей принципте құрылады. Басқармасының құрылымын құрудың бір принципі орынбасарлар арасында қадағаланатын бөлімдерді нақты бөлу, бұл өз кезегінде белгілі бір міндеттерді орындағанда жеке жауапкершілікті жоғарлатады.
Салық басқармасының әрбір құрылымдық бөлімшесінде айқындалған функционалдық бағыты бар және олар оқшауланған блокқа енеді немесе өзі секторларға бөлінеді.
Салық төлеушілермен жұмыс істеу мен кеңес беру бөлімі салық төлеушілер үшін неғұрлым жақынырақ болады. Олар тұрғындарды және шаруашылық қызмет жүргізетін субъектілерді салық заңымен және жалпы салық жүйесімен кіріспелік таныстыруды қамтамасыз етеді және салық төлеушілердің тіркелуін жүзеге асырады. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін ақпаратты қабылдау және есепке алу бөлімі де жақынырақ болады. Тұрғындардың сенімділігін арттыру мақсатында, салықтық әкімшілік мемлекеттік «клиенттерін» толығымен ақпараттандыру принципінің негізінде құрылуы керек. Бұл салық төлеушілермен жұмыс істеу мен кеңес беру бөлімінің басты міндеті болып табылады. Ақпаратты қабылдау және есепке алу бөлімі салықтық есептіліктерді қабылдайды және үш бөлімшеден тұрады. Бұл бөлімшелер заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және сәйкесінше жеке тұлғаларға маманданған.
Сонымен қатар, аудит бөлімі, өндіріп алу бөлімі ағымдық, рейдтік, құжаттық, кешенді тексерістерді және басқа да тексеріс түрлерін жүзеге асырады. Салық аудиторының жұмысын жеңілдету үшін жеке және заңды тұлғаларға, сәйкесінше жеке тұлғалар аудитінің бөлімі мен заңды тұлғалар аудитінің бөлімі тексеріс жүргізіледі. Жоғарыда аталған бөлімдер ішінен алынған ақпарат салық түріне байланысты тиісті инстанцияға бағытталады. Жергілікті салық қызметінің компетенциясында салықтардың бір бөлігі ғана орналасқан. Осыған сәйкес жергілікті салықтармен жанама салық бөлімі, өндірістік емес төлемдер бөлімі айналысады. Салықтың басқа түрлері бойынша ақпарат облыстық салық комитетіне бағытталмай республикалық мәліметтер базасына сол сәтте электронды түрде келіп түседі.
Құрылымындағы үшінші орынбасар Салық басқармасының ішкі ортасымен тікелей жұмыс істейтін бөлімшелерге басшылық етті. Оларға келесі бөлімдер жатады:
ұйымдастыру және кадрлар бөлімі, ол персонал қызметінің және жоспарлау бөлімінің функцияларын орындайды;
құқықпен қамтамасыз ету бөлімі, оның жұмысшылары соттық қараулар кезінде комитетің мүддесін қорғайды және СК қызметінің заңдылығын бақылайды;
қаржыландыру, бухгалтерлік есеп пен мемлекеттік сатып алулар бөлімі, ол берілген мекеменің шығындар есебін жүргізуге және берілген бюджеттік қаражаттарды тиімді бөлуге тағайындалған;
ақпаратпен қамтамасыз етілу бөлімі, оның штатына программистер немесе ақпараттық технология мамандары енеді;
құжаттық қамтамасыз ету мен бақылау секторы, басқаша айтқанда канцелярия;
есепке алу мен сводтық талдау бөлімі – бұл бөлім барлық бөлімдер бойынша ақпараттарды жинайды, оны топтайды, алынған мәліметтер жоғары тұрған салық органдарына есеп құру үшін қолданылады.
Қазақстан Республикасы салық басқармасының құрылымдары бірдей принципте құрылады. Комитеттің құрылымын құрудың бір принципі орынбасарлар арасында қадағаланатын бөлімдерді нақты бөлу, бұл өз кезегінде белгілі бір міндеттерді орындағанда жеке жауапкершілікті жоғарлатады.
Салық басқармасының әрбір құрылымдық бөлімшесінде айқындалған функционалдық бағыты бар және олар оқшауланған блокқа енеді немесе өзі секторларға бөлінеді.
Салық төлеушілермен жұмыс істеу мен кеңес беру бөлімі салық төлеушілер үшін неғұрлым жақынрақ болады. Олар тұрғындарды және шаруашылықтық қызмет жүргізетін субъектілерді салық заңымен және жалпы салық жүйесімен кіріспелік таныстыруды қамтамасыз етеді және салық төлеушілердің тіркелуін жүзеге асырады. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін ақпаратты қабылдау және есепке алу бөлімі де жақынрақ болады. Тұрғындардың сенімділігін арттыру мақсатында, салықтық әкімшілік мемлекеттік «клиенттерін» толығымен ақпараттандыру принципінің негізінде құрылуы керек. Бұл салық төлеушілермен жұмыс істеу мен кеңес беру бөлімінің басты міндеті болып табылады. Ақпартты қабылдау және есепке алу бөлімі салықтық есептіліктерді қабылдайды және үш бөлімшеден тұрады. Бұл бөлімшелер заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және сәйкесінше жеке тұлғаларға маманданған.
Сонымен қатар, аудит бөлімі, өндіріп алу бөлімі ағымдық, рейдтік, құжаттық, кешенді тексерістерді және басқа да тексеріс түрлерін жүзеге асырады. Салық аудиторының жұмысын жеңілдету үшін жеке және заңды тұлғаларға, сәйкесінше жеке тұлғалар аудитінің бөлімі мен заңды тұлғалар аудитінің бөлімі тексеріс жүргізіледі. Жоғарыда аталған бөлімдер ішінен алынған ақпарат салық түріне байланысты тиісті инстанцияға бағытталады. Жергілікті салық қызметінің компетенциясында салықтардың бір бөлігі ғана орналысқан. Осыған сәйкес жергілікті салықтармен жанама салық бөлімі, өндірістік емес төлемдер бөлімі айналысады. Салықтың басқа түрлері бойынша ақпарат облыстық салық комитетіне бағытталмай республикалық мәліметтер базасына сол сәтте электронды түрде келіп түседі.
Құрылым бойынша үшінші орынбасар Салық басқармасының тек ішкі ортасымен айналысады. Оған келесі бөлімдер кіреді:
ұйымдастыру – кадрлық жұмыстар бөлімі, қызметкерлер қызметінің және бөлім жоспарының қызметтерін орындайды;
заңдық бөлім, соттық талқылауларда комитеттің мүддесін қорғайтын және Салық басқармасы қызметінің заңдылықты жағын бақылайтын жұмыскерлер;
қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі, берілген мекеменің шығындарын есептейді және берілген бюджет қаражаттарын ұтымды бөледі;
ақпаратпен қамту бөлімі, штатына программистер, ақпараттық технологиялар мамандары кіреді
құжаттармен қамту және бақылау секторы, басқаша айтқанда кеңсе
есепке алу және жиынтық талдау бөлімі, бұл бөлім басқа бөлімдер бойынша барлық ақпараттарды жинап, оларды топтастырады және осы алынған дерекетерді пайдалан отырып, жоғарғы салық органына есеп береді
Достарыңызбен бөлісу: |