|
«Сабақты зерттеу – мұғалімнің уәжін арттыру құралы»САБАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ /РЕВИЗИЯ
|
бет | 5/10 | Дата | 26.01.2023 | өлшемі | 0,93 Mb. | | #41031 | түрі | Сабақ |
| 1Лессон стади5.САБАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ /РЕВИЗИЯ
Сабақты талқылау сабақты өткізіп болған соң жүзеге асырылады. Сабақ топтың әрбір мүшесінің жадында әлі жақсы сақталып, ұмытылмай тұрған кезде сабақты талқылау және талдауға арналған кездесуді өткізу қажет.
Командалар талқылау үшін бірнеше негізгі ережелерді қабылдау мүмкін, мысалы:
зейінді оқушыға аудару (мұғалімге емес);
оқушылар нені, қалай және неліктен еш нәрсе білген жоқ және сабақтан өздеріне еш нәрсе алған жоқ екендігіне талдау жасауға назар аудару;
сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
өзінің эмоциялары және жорамалдарына емес, бақылаудың нақты нәтижелеріне (оқушылардың оқуының фактілеріне) ғана сүйену;
сабақта орын алған «сәтсіздіктерді» ақтаудан аулақ болу.
Сабақты талдау басты үш сұраққа негізделеді:
Оқушылар қалайша сабақ мақсатына жетті?
Сабақты қалайша жақсартуға болар еді?
Бұл тәжірибеден біз не білдік?
Қорытынды жасау барысында қатысушылар өздерінің бақылауларын, интерпретацияларын және сабаққа арналған коментарийлерді ұсынады. Бұндағы мақсат оқушылардың оқуы, олардың ойлауы және қарым – қатынасы тұрғысынан сабақты егжей-тегжейлі талдау және бағалау болып табылады. Қорытынды жасап болған соң топ алдағы ұйымдастыру және нәтижелерді талдау мақсатында қосымша кездесулер өткізеді.
Есте сақтау керек ең маңызды нәрсе: талдау үрдісін оқытудан емес, бақылаудағы және басқа оқушылардың оқуын, білім алғандығын қадағалаудан бастау керек (1 - сурет). Бұл реттілік оқушылардың білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі мұғалімдерге субъективті және кәсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып көрінуі мүмкін.
Талдау нәтижесінде топтар сабақ жоспарында нені өзгерту керек және келесі сабақты кім өткізетіні туралы шешім қабылдайды.
Оқыту материалдарына қатысты мәселелер және оларды тақылау
Басқа оқушыларды оқытуға қатысты мәселелер және оларды талқылау
Lesson Study кезінде бақылаудағы оқушыларды қадағалау
1 – сурет. Lesson Study– ден кейінгі талқылау сабағы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|