Әрекеттік уәждеме Бүгінгі сабақта алған білімдері акушерия және гинекология саласында жүкті, босанушы, босанған әйелдерді қарап тексеру кезінде, медициналық көмек көрсету кезінде және . алдағы еңбек қызметінің сәтті өтуіне көмектеседі.
3. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу).
Фронтальды сұрау
1.Сұрақ: Өздігінен түсік ұғымына анықтама бер?
Жауап: Өздігінен түсік дегеніміз әр түрлі себептерден пайда болатын және мединалық қызметкерлердің араласуынсыз жүретін жүктіліктің үзілуін айтамыз.
2.Сұрақ: Түсіктердің жіктелуі?
Жауап: Түсік қауіпі, басталған түсік, жолдағы түсік, толық түсік, толық емес түсік, дамымай қалған түсік.
3.Сұрақ: Истмико - цервикальды жеткіліксіздікм деп?
Жауап: Жатыр мойнының истмикалық бөлігінің шамасыздығы.Истмико - цервикальды жеткіліксіздік кезінде жатырдың ішкі аңқасының тарылу механизмі жойылып жатыр ішінде ұрықтық жұмыртқаның ұсталу қабілеті жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |