Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Студентерге жамбас ақаулары туралы, себебі, жіктелуі, емдеу негізі, құрсақтағы бала және ана жағынан асқынулар жайлы мәлімет беру. Фельдшерлерге акушерлік тәжірибеде босану кезінде әйел жамбас өлшемдерімен нәресте басының сәйкес келмеуінің алдын алу шараларының маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылық: «Жамбас ақаулары» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін терең дамыту, оны физиологиялық және патологиялық акушерліктегі тақырыптарымен байланыстырып, ой өрісін кеңейту. Студенттердің клиникалық ойлау қабілетін жетілдіру және осы патологияға байланысты мейірбике ісі, анатомия, физиология, терапия пәндерінен алған білімдерін жалғастырып, жетілдіру.
Тәрбиелік: Білім алушыларға медицина қызметкерлеріне сай ұқыптылық, әдептілік, адамгершілік, жауапкершілік, қайырымдылық сияқты қасиеттерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |