Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



жүктеу 22,18 Mb.
бет26/53
Дата21.12.2017
өлшемі22,18 Mb.
#5160
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір. Реттік сан есімге қандай сөздер жатады? Есептік сан есімге ше? Мысал келтір.ҮІІ. Үйге тапсырма: 35-жаттығу, 210- бет.ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

Ою

Жанар жасынан әсемдікке үйір болды. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болатын. Сырмақ, текеметке ою салатын. Жанар әжесінен ою оюды үйретуін өтінді. Әжесі келісті. Жанар қуанды. Әжесінің айтқанын бұлжытпай орындап жүрді. Көп кешікпей Жанар бұл өнерді игеріп алды. Ол да атақты оюшы болды. Оны барлық адамдар оюшы деп атады.(51 сөз)



Тапсырма. 1. Алғашқы сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып жазу. 2.Соңғы екі сөйлемнен тұрлаусыз мүшелердің астын сызу. 3. Мәтіннен тасымалданбайтын төрт сөзді теріп жаз.

ІҮ. Үйге тапсырма: 3-сөйлем құрастыру, пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

120. Тақырыбы: Қатемен жұмыс



Мақсаты: Оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу; танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз қатемен жұмыс жасаймыз, дәптерлерін тарату, сабақтың мақсатын толықтай хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктантта кімнің қандай қате жібергендігін анықтау, талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жазу, ережелерге сүйене отырып сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесе ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері болады? Пайымдау мәтіні деп нені айтамыз? Әңгімелеу мәтінін ше?

Сөздік диктант: Алмұрт, өрік, жүзім, қауын, қияр, қарақат, күнбағыс, алма, бүлдірген, қарбыз, шие бидай жүгері, арпа, сұлу.

Тапсырма. 1. Дәнді дақылдардың астын сыз. 2.Алмұрт, күнбағыс сөздерін қалай тасымалдауға болады. 3. Өзіне ұнайтын өсімдікті басшылыққа ала отырып, әңгімелеу мәтінін құрастыр. ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

121. Тақырыбы: Сан есім туралы түсінікті пысықтау:



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сан есімдер туралы алған білімдерін пысықтауға, ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 35-жаттығу, 210- бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сұрақтармен жұмыс: 1. Сан есім дегеніміз не? Олар қандай сұрақтарға жауап береді? 2. Есептік және реттік сан есімдер дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 36-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазу: Асқар тоғыз жаста. Ол үшінші сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа үш жүз теңге тұрады. Асқардың ағасы – атбегі. Оның баптаған аты үш рет бәйге алды.

Сөздік жұмыс: Атбегі – атты баптап, бәйгеге қосатын кісі. Тапсырма сан есімдерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін анықтау.

37-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: Сан есімдердің қайсысы заттың санын, қайсысы ретін білдіріп тұрғанын сұрақтар қою арқылы дәлелдеу. 38-жатығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2.Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: өлеңде берілген сұраққа жауап беру.

ҮІ. Бекіту Терме диктантың ұйымдастыру:

Жұмбақтар

1. Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ,қара ғып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар. (Шахмат)

2. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.

(Жыл, ай, тәулік, күн мен түн) Сан есімдерді теріп жаз? Оларға сұрақ қой. Сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір. Реттік сан есімге қандай сөздер жатады? Есептік сан есімге ше? Мысал келтір.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 39-жаттығу, 213- бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
122. Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. Тест жұмысы

Мақсаты: Оқушылардан тест жұмысын ала отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, өз ойларын толық тексере білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз тест жазамыз. Тестті жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: тесттің бір ғана жауабы дұрыс болады, әр сұрақта бір жауап сондықтан сұрағы мен жауаптың саны сәйкес келу керек. Тест әр оқушыға жеке беріледі

ІІІ Білімдерін тексеру: Тест:


1. Сын есімдерді тап

а) алды


ә)көгілдір

б) балабақша

2. Туынды сын есімді белгіле

а) өнерлі

ә) көк

б)ақ


3. Төрт буынды сөзді тап

а) аударыспақ

ә) далада

б) оқушы


4. Берілген сөйлемде зат есімді тап

Балалар көшеге шықты.

а) көшеге

ә) Балалар

б) шықты

5. Қай сөз дұрыс жазылған

а) екватор

ә) экватор

б) икватор


6. Дауыссыз дыбыстан басталған сөзді белгіле

а) іні


ә)арық

б)цирк


7. Зат есімдердің сұрақтарын тап

а) кім? Кімдер? Не? Нелер?

ә) Не істеді? Қайтты?

б) Қандай? қалай?

8. Қарсы мәндес сөздерді белгіле

а) әлемі, сұлу

ә) жуан, жіңішке

б) биік, үлкен

9. Мағыналары жуық сөздерді белгіле

а) үлкен, кіші

ә) жасыл, көк

б) сұлу, көркем

10. Қоян сөзінде неше дыбыс бар?

а) 4


ә) 5

б) 6


ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
123 Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау Мәтін. Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 39-жаттығу, 213- бет

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Мәтін дегеніміз не? Олар қандай түрге бөлінеді? 2. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қанша түрі бар? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу, 1-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Мәтін не туралы? Тапсырмаларды орындау: қарамен жазылған сөздің түбірін тап: халқы – халық. 2-жаттығу әр бөлікті оқу, қайсысы мәтін, қайсысы сөйлем болып табылады? Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріпжазу: Жылы сүтті мәйек салып ұйытады. Содан соң суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік қызыл сары түске айналады. Енді оны дорбаға салып, желге кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмайды. Көп сақталады. Неліктен екінші бөлік мәтін болып табылады?

3-жаттығу, Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: Мәтінде неше сөйлем бар? Мәтінге қандай ат қоюға болады? Мәтіндегі сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгі қойып көшіріп жаз. ҮІ. Бекіту. 4-жаттығу сызбаға сүйеніп әңгімелеу мәтінін құратыру.

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? ҮІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 215- бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
124. Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау Пайымдау мәтіні

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін құрылымы, түрлері, тірек сөздер туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 5-жаттығу 215 бет Сурет бойынша әңгіме құрастыру, суреттің реті бойынша сөйлемдер жазу.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Мәтін дегеніміз не? Олар қандай түрге бөлінеді? 2. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қанша түрі бар? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 6-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: жоспарға сүйеніп, оның бөліктерін анықтау.

7-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: мәтінге тірек сөздерді табу.



8жал-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Отанды неліктен қастерлеп, қорғауымыз керек екен? Тапсырмаларын орындау: өлеңге қандай ат қоюға болады? байланыстырып тұрған көмекші сөз қандай? Соңғы шумақтағы сызықша туралы не айтасың?

ҮІ. Бекіту 9-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: Пайымдау мәтіннің бөліктерін тап.

Сызбаға сүйеніп мәтін түрлерін түсіндіру, сурақтарға жауап алу.



І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 10-жаттығу, 217 бет.ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
125. Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау Сипаттау мәтіні

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жай сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 10-жаттығу, 217 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қанша түрі бар? Мысал келтір.


Тірек сызбаларды пайдаланып алған білімдерін тиянақтау.



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 11-жатығу мысалды дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау. берілген сыбаны пайдаланып қарға туралы сипаттау мәтін құрастыру. 12-жаттығу Көп нүктенің орнына бастуыш болатын сөз тауып жазу, бұлар жай сөйлемнің қай түріне жатады? 13-жаттығу сөйлемдерді көшіріпжазу, сөйлем мүшелеріне талдау. Сөйлем мүшелерінің астын қалай сызып, белгілеуші едік?

ҮІ. Бекіту 14-жаттығу. Мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу. Мақалда қандай болу керек дейді? Сөйлемдерді сөйлем мүелеріне талдау.

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сөйлемнің қандай түрлері болады екен?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 15-жаттығу, 219 бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
126. Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау Сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз мағынасы туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 15-жаттығу, 219 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Сөз дегеніміз не? Сөздің айтылу мақсатына қарай қандай түрі бар? Мысал келтір.

Тірек сызбаны пайдаланып алған білімдерін тиянақтау.



Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 16-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: үні сөзіне мағынасы мәндес сөзді табу: әуен, дыбыс. Соңғы сөйлемнен мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу: үлкен-кіші. 17-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқ жазу. жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі сөздерді табу, астын сызу:

Жайлауды бір жылқышы, Жылқышы - әнші жыл құсы.

18-жаттығу Өзіндік жұмыс ретінде сөздікті пайдаланып жұмыс жасау, дұрыс жасауларын қадағалау. ҮІ. Бекіту 20-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: балапанның өсу өсу жолдарын есте сақтайық.

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сөйлемнің қандай түрлері болады екен?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 19-жаттығу, 221 бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Жыл соңындағы қайталау Сөз 26-30 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз құрамы туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 19-жаттығу. 221 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Сөз дегеніміз не? Сөзді құрнамына қарай талдау дегеніміз не? 21-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Жаттау, жазу. Тапсырмаларын орындау: сөз құрамына талда, түбір мен қосымшаны тиісті белгімен белгілеу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 22-жаттығу сөздерді оқу, сөздердің түбірін анықтау. Жұрнақтар сөздің мағыналарын қалай өзгертеді? 23-жаттығу сөздерді оқу, түбір мен қосымшаға ажырату.

Орағы, жүгі, бөрқі, орны, бүгу, жағу, оқиды, бекиді. 24-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулардықою, мәтінді сөшіріп жазу: Қазақстандағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мұнда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірімен тату. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді. 25-жаттығу сөздерді кестеге сөз құрамын талдай отырып түсіру. 26-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Жаттау, жазу. Тапсырмаларын орындау: қарамен жазылған сөздердің түбірін тап, сол сөздерге түбірлес сөздер табу.



ҮІ.Бекіту.27-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: кішілеу, тұяқты, жерлерді, сағатына сөздерді сөз құрамына талдау.

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сөзді құрамына талдау дегеніміз не?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 28-жаттығу, 223 бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
128. Тақырыбы: Жыл соңындағы қайталау. Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз таптары туралы, негізгі және туынды зат есімдер туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 28-жаттығу, 223 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Сөз таптарына нелер жатады?

Тірек сызбаны пайдаланып, түсіндіру, білімдерін еске түсіру.



Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 29-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап. Гүлдер, өңірді деген зат есімдердің түбірін, қосымшаларын тап. 30-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: Терме диктантын ұйымдастыру: туынды зат есімдерді теріп жаз. Бақташы, малшы, сауыншы, орманшы, қорғаншы, аспазшы, бақшашы.

ҮІ. Бекіту 31-жаттығу көп нүктенің орнына негізгі зат есімді табу: кезек-кезекші, сый-сыйлық, көл-көлшік, іс-іскер, сөз-сөздік, дос-достық. 32-жаттығу сын есімдерге жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есімдер құрастыру: адалдық, жақсылық, жаңалық, тазалық, әділдік. І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Негізгі зат есім дегеніміз не? Туынды зат есім дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмасы бар ма?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 33-жаттығу, 225 бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
129. Тақырыбы: Жыл соңындағы қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістік туралы, негізгі және туынды етістіктер туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 33-жаттығу. 225 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Сөз таптарына нелер жатады? Етістік дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Негізгі және туынды етістіктер туралы не айтуға болады? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 34-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: көшіру, етістіктердің астын сыз. Сұрағын үстіне жаз. 35-жаттығу етістіктерді оқу, негізгі және туынды етістктерді ажырату.

36-жаттығу берілген сөздерге тиісті жұрнақтар жалғау арқылы, туынды етістіктер жасау. Тазала, сыйғыз, сызды, алды, арқанда, биле. Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрау. 37-жаттығу берілген етістіктерді болымсыз етістіктер жасау: бар-барма, кел-келме, кес-кеспе, аш-ашпа, жон-жонба, үз-үзбе. Юолымсыз етістіктерқалай жасалды? Болымсыз етістіктер жасайтын жұрнтарды ата.



ҮІ. Бекіту 38-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Қарамен жазылан сөздердің мағынасын түсіндіру, туынды етістіктерді сөз құрамынаталдау: аралады, жағалады, тағалады. Болымсыз етістіктерді пайдаланып, ұйқасын табу:

Асаба! Жаңсақтық жасама. Арман, секірме жардан.

Жұлдыз көрінбейді күндіз. Шекер сөйлемейді бекер.

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Етістік дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Негізгі және туынды етістіктер туралы не айтуға болады? Мысал келтір.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 40-жаттығу, 227 бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
130. Тақырыбы: Жыл соңындағы қайталау Сын есім мен зат есімнің байланысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сын есімдер туралы, негізгі және туынды сын есімдер туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 40-жаттығу. 227 бет. Сөздерді оқу, оларды төрт бағанға орналастырып жазу.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Сұрақтармен жұмыс:1.Сөз таптарына нелер жатады?

Сын дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Негізгі және туынды сын есімдер туралы не айтуға болады? Мысал келтір.



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 41-жаттығу Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану. Берілген тапсырманы орындау:жұмбақты көшіру, сын есімдердің астын сызу. Оларды сөз құрамына талдау. 42-жаттығу берілген сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап, туынды сын есім жаса.1. жаздай, көргіш, білгіш, айтқыш. 2. Балдай, дәулетті, өнерлі. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру. 43-жаттығу Тиісті сөздерді қойып сөйлемдерді көшіріп жазу. Сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.

44-жаттығуда берілген суреттегі заттардың алдына оның негізгі сипатын білдіретін сөздер жазу. 45-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Жаттау, жазу. Тапсырмаларын орындау:сын есімдерді табу, оларға сұрақтар қою.



ҮІ. Бекіту. 46-жаттығу суреттегі заттардың белгілерін атау: Доптың түсі ала. Өзі домалақ. т.б. І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 47-жаттығу, 229 бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
131. Тақырыбы: Жыл соңындағы қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сан есімдер туралы, есептік және реттік сан есімдер туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 47-жаттығу, 229 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сұрақтармен жұмыс: 1. Сөз таптарына нелер жатады? Сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Оның қандай түрлері бар? Мысал келтір.



жүктеу 22,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау