Сабақтарды бақылау бағдарламасы:
I тип. Үйрену (зерделеу) және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы есте сақтауларын ұйымдастыру.
II тип. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушының білімін және қызмет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету.
III тип. Білім мен қызмет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Мақсаты: оқушылар кешенді білімдері мен қызмет тәсілдерін өз беттерімен қолдануларына мазмұнды және ұйымдастырылған жағдай жасау.
IV тип. Білім мен қызмет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы.
Мақсат: оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін жинақтауды ұйымдастыру.
V тип. Білім мен қызмет тәсілдерін тексеру, бағалау, өңдеу сабағы.
Мақсаты: оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру; оқушыларды өз білім мен қызмет тәсілдерін өңдеуін ұйымдастыру;
Сабақтың жалпы педагогикалық талдауын жасау үлгісі
Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
Сабақты ұйымдастыру:
а) сабақтың типі;
ә) сабақтың құрымы, оның бөлек элементтері, оның жүйелігі және уақытты мөлшерлеу; сабақтың құрастырылуы оның мазмұны мен мақсатының сәйкестігі;
б) сынып оқушыларының сабаққа дайын болуы;
в) сабақ бойы оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру; сабақта жаппай, топтық, ұжымдық жұмыстарды үйлестіру;
г) сабақтың тығыздығы; уақытты ұтымды қолдану.
Сабақтың мазмұны:
а) материалдың ғылымилығы;
ә) оқушылардың әр түрлі әрекет түрлері мен сабақтың кезеңдерінде материалдарды дұрыс қолдану;
б) сабақ мазмұны мұғалім жұмыс істейтін бағдарлама талаптарына сәйкес болуы;
в) сабақтың тәрбие бағыттылығы;
г) теорияны тәжірибемен байланыстыру; мұғалім теорияның тәжірибелік қажеттілігін ашу; оқушыларды алған білімін практикада (тәжірибеде) қолдануды үйрету;
д) жаңа оқып жатқан материалды алдында өткенмен байланыстыру; өткенді қайталау жолдары;
е) пәнаралық байланыс;
ж) мұғалімнің тілі: сауаттылығы, сезімділігі, тіл байлығы;
з) оқушының білім, біліктілік және дағды сапасы;
и) оқушылар тілі.
Сабақ өткізу әдістемесі:
а) сабақ жабдықтары, сабақтың әр кезеңінде көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану;
ә) сабақтың әр кезеңінде мұғалім қолданатын әдістері мен жолдары;
б) сабақтың мазмұны мен мақсатарына, оқушылардың жасы мен деңгейіне әдістерднің сәйкес болуы; қолданған әдістердің тиімділігі;
в) оқушылар алдында сабақ мақсатын қою және қорытындысын шығару;
г) сабақта үлгермейтін және нашар үлгеретін оқушылармен атқарылған жұмыстар;
д) мұғалім белсенді оқыту әдістерін меңгеруі; осы әдістерді сабақта қолдануы мақсатқа лайықтылығы;
е) мұғалімнің оқушылар білім сапасын бағалау жүйесі; оның педагогикалық құндылығы.
5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
а) жеке оқушылардың және сыныптың белсенділігі;
б) оқушылардың сабаққа деген көзқарасы, сабақ материалына қызығушылығы;
в) оқушылардың мұғалімге көзқарасы;
г) оқушылардың тәртібі мен ұйымдасқандығы;
д) оқушылардың тілі; қойылған сұрақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |