5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер: (1-ші қосыманы қараңыз)
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5,5%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)
Әртүрлі антигендерге қарсы бағытталған иммундық реакциялар тек қана қорғаныс қызметін атқармай,сол аймақтағы тіндерді де зақымдап,иммундық патология негізін қалайды.
Тіндердің иммундық зақымдануы гуморалдық немесе жасушалық иммунитет негізінде жүреді. Олар жоғары сезімталдық реакциялары деп аталып төрт түрге бөлінеді.
Иммундық кешендік аурудың жергілікті түрінің классикалық үлгісі ретінде Артюс феноменін мысалға келтіруге болады.Бұл реакция алдын ала сенсебилизацияланған жануарлардың терісіне антигеннің шешуші дозасын артқанда туындап қанда иммундық кешендердің пайда болуымен сипатталып,төмендегі сатылардан өтеді: 1.Иммундық кешендердің түзілуі. 2.Осы кешендердің комплементпен байланысуы. 3. Иммундық кешендердің лейкоциттерді өзіне тартып алуы ( хемотаксис ). 4. Лейкоциттердің иммундық кешендерді жұтуы ( фагоцитоз ). 5. Лейкоциттерден лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың бөлініп шығуы. 6. Осы заттардың әсерінен қан тамырлары кемерінің зақымдануы, тығындалып (тромбоз ) қалуы, айналасының ісініп, қан құйылуы ошақтарының пайда болуы және тіндердің некрозы.
Жоғарғы сезімталдық реакциясының бірінші ( анафилаксиялық ) түрі алдын ала сенсебилизацияланған организмге антигеннің шешуші мөлшері түскенде өте жедел түрде дамиды. Оның себебі IgJ – нің лаброциттер мен базофилдер сыртындағы ?с-бөлшектерімен байланысуы. Байланыстыру қызметін комплемент компоненттері – С5aжәне C3a атқарады. Нәтижеде лаброциттер түйіршіксізденіп ( дегрануляцияланып ),көптеген біріншілік медиаторлар ( гистамин, аденозин, эозинофилдер мен нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары, протеазалық ферменттер, қышқыл гидролазалар )және екіншілік медиаторлар ( арахидон қышқылының метаболиттері –лейкотриендер мен простагландиндер, тромбоциттерді белсендіруші факторлар, кейбір цитокиндер ) бөліп шығады.
Осы медиаторлар әсерінде жергілікті және жүйелі анафилаксиялық реакция дамиды.
ЖЖТ – ның жүйелі түрі клиникада анафилаксиялық шок түрінде көрінуі мүмкін. Ол кейбір дәрі – дәрмектерді ( пенициллин, новокаин, дифтерияға қарсы сарысу, құтыруға қарсы сарысуы және т.б. ) организмге енгізгенде дамиды. Бірнеше минуттан соң аурудың терісі қызарып, қышып, тыныс алуы тарыла бастайды.Тыныс алудың қиындауы жедел дамыған бронхоспазммен байланысты. Сонымен қатар, көмей шырышты қабаты ісініп, бронхтарда секрецияның жедел күшеюі, іш өту байқалады, тамыр соғуы әлсіреп, ауру есінен танып қалады.Шок нәтижесінде өлген адамдардың мәйіттерін ашып көргенде өкпенің ісінуі, қан құйылуы ошақтарын,көмейдің ісінуі немесе өкпенің жедел эмфиземасы мен жүректің оң қарыншасының кеңейіп кетуі көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |