Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Коржикова Мария Досимбековна
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс, қуат тақырыптарына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік . Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы мен қуатының
негізгі есебін шешудегі әр оқушының қабілетін, дағдысын жаттықтыру ша-
раларын ұйымдастыру.
2.Дамытушылық . Қозғалыстарды зерттеу барысындағы оқушының білімін, қабілетін
дамыта отырып, физикалық формулаларды интеграциялау, мате-
матикалық түрлендіру.
3.Тәрбиелік. Физикалық есептерді шығарудың жалпы талаптарын орындай отырып ,
физикалық шамаларды дұрыс таңбалап, формулаларды дұрыс өрнектеу-
ге, есептеуге оқушылардың дағдылануына бағыт беру.
Құрал-жабдықтар, Көрнекі құралдар, деңгейлік тапсырмалар, трек сызбалар,
көрнекіліктер: бағалау кестесі.
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Әдіс – тәсілдер: Материалды топтау, сұрақ – жауап, есептер шығару.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа ұйымдастырып:
Білімінің мазмұнын Елбасымыз Н.Ә Назарбаев: « Білімді азамат –ел ертеңі » ,
« Білікті бірді , білімді мыңды жығады» , «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі-
білім»- дегендей бүгінгі сабақта өз білімімізді қонақтарға көрсетейік.
2. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын
тексеру:
«Кім жүйрік»
Тұрмыста жеке адамдардың жасаған еңбегін не деп атайды?
Жауабы: Жұмыс.
Механикалық жұмыс дегеніміз не?
Жауабы: Дененің бір орнынан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы
механикалық жұмыс деп аталады.
Денеге түсірілген күш атқарылған жұмысқа байланысты ма?
Жауабы: Иә, себебі механикалық жұмыс күшке тура пропорционал.
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қалай атайды?
Жауабы: Қуат.
5. Әр түрлі қозғалтқыштардың қуаты артқан сайын жасалынған жұмыс көп өндіріле ме?
Жауабы: Қуат жұмысқа тура пропорционал.
6. Өлшемдері мен құрылысы бірдей екі кеме әр түрлі қуат өндіреді.Бұл кемелер бірдей
жылдамдықпен қозғала ма?
Жауабы: Бірдей жылдамдықпен қозғалмайды, себебі олар әр түрлі қуат өндіреді.
3. Сен формула білесін бе?
Механикалық жұмыстың формуласы?
Жауабы: A=F-S
Жұмыстың өлшем бірлігі:
Жауабы: Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон (1Н) күштің дененің бір метрге
жылжытқандағы жұмысы алынады.Жұмыстың мұндай халықаралық
бірлігі XIX ғасырдағы ағылшын ғалымы Д.Джоульдің құрметіне
джоуль деп аталады.(Қысқаша Дж- деп белгіленеді)
1Дж=1Н*1м =1Н*м
Жұмыстың джоульден үлкен де, кіші де бірліктері бар:
1килоджоуль (1кДж)=1000Дж=10³Дж
1 миллиджоуль(1мДж)=0,001Дж=10¯³Дж
1 микроджоуль(1мкДж)=0,000001 Дж=10-6 Дж
Қуатты қалай есптеуімізге болады?
Жауабы: N= ; A=N*t;
4. Орташа қуатты қалай есептейміз?
Жауабы: Nорт =
5. Қуаттың өлшем бірлігі?
Жауабы: 1Вт=
Қуаттың мұндай бірлігін бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы
Джеймс Уаттың құрметіне ватт деп атайды.
1кВт =1000 Вт =10³ Вт
1 мВт =0,001 Вт =10¯³ Вт
1 мкВт = 0,000001 Вт=10-6 Вт
Достарыңызбен бөлісу: |