Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Бұрылу бұрышы φ рпімен белгіленеді.
Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы.
ɷ=φ/t Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы
[ɷ]=1рад/1с=1 рад/с
Шеңбер бойымен толық бір айналым 2П радианды құрайды. Нүктенің толық бір айналым кезіндегі уақыт t=T болғандықтан бұрыштық жылдамдықты мына өрнектермен де анықтауға болады.
ɷ=φ/t=2π/Τ=2πν
υ=ɷR Сызықтық жылдамдық
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус боиымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтанда оны центрге тартқыш үдеу деп атайды.
ац.т. = υ2 /R
|