Білу және түсіну
«Жариялау» әдісі
Жеңіл элементтерді (сутегі, гелий, литий т.б.) жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда, олардың бейтарап атомдары тұтастығын жойып, ядролар мен электрондарға ыдырайды. Нәтижесінде оң зарядты ядролардан, теріс зарядты электрондардан тұратын ерекше орта – жоғары температуралық плазма пайда болады. Мұндай плазмада ядролар кулондық тебіліс бөгетін (барьерін) жеңе алатын кинетикалық энергияға ие болады:
Мұндағы 𝓀 – Больцман тұрақтысы, Т – плазманың температурасы, m және – бөлшектің массасы мен жылдамдығы.
Миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы термоядролық реакция немесе термоядролық синтез деп аталады.
Жер бетінде алғаш рет термоядролық реакциялар 1950 жылдардың басында Қазақстанда ( Семей полигоны) сутегі бомбасын жару арқылы жүзеге асырылды. Қолдан басқарылатын термоядролық реакцияларды іске асыру зор қиындықтарға кезікті. Оларды жүзеге асыру үшін негізгі үш мәселені шешу керек.
|