Кітаппен жұмыс.
106-жаттығу. Есімдіктерді түрлендіріп, сөйлем құрау.
107-жаттығу. Мәтін ішінен есімдіктерді теріп жазып, мағыналық түрі мен тұлғасына қарай талдаңдар.
Семантикалық картамен жұмыс
Сабақты қорытындылау:
Белгісіздік есімдіктері деген не?
Олар қалай түрленеді?
Белгісіздік есімдіктері қандай сөйлем мүшесі бола алады?
Үйге тапсырма: 1. Белгісіздік есімдігінің түрленуі
2. 108-жаттығу.
Оқушыларды бағалау:
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«______» ________20___ ж
Күні: 20.11.2012
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушылардың өткен тарау есімдіктердің түрленуі тақырыбынан алған теориялық білімін пысықтау;
Дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.
Сабақтың түрі:туыстық сабағы
Типі : іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар,жекжат-жұрағаттар атауы
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылрды тексеру.
ә) Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын қадағалау.
ІІ Үйге берілген тапсырма. «Іште пікір өлгенше ...» («Теледидар бағдарламалары туралы
Көрермен ретіндегі пікірім»).
Жасұлан «Бармысың,бауырым?» бағдарламасы туралы пікірін білдірді.Бұл бағдарламада әркім өз жақынын,туғанын іздеп жатады.
Біз бүгінгі «Туған бар,табылатын жаныңнан» тақырыбындағы сабағымызда есімдіктердің түрленуін нысана ете отырып,туыстық атаулар туралы сөз қозғамақпыз.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар,құдағи қалтаның не екенін білесіңдер ме? (құда болған екі жақтың бір-біріне сыйы салынған қалта)
Сендерге бүгінгі сабақ тапсырмалары осы құдағи қалтадан алынады.
Көрініс.
Әзілдері жарасқан бұл екеуі кім? (нағашы-жиен)
Ендеше «Нағашы», «Жиен» тобы болып жұмыс атқарамыз.
Құдағи қалтадан алынатын алғашқы тапсырма
Кітаппен жұмыс.117-жаттығу.Мәтінді оқып,есімдіктерді теріп жазып,тұлғасына ажырату.
Мен – жіктеу есімдігі,атау тұлғасында.Ешқандай – болымсыздық есімдігі,еі түбірден құралған.Не – сұрау есімдігі,атау тұлғасында т.б. (Отырған туыстар өздерін таныстырады)
2-тапсырма. Кеспе қағазбен жұмыс.
1-кеспе қағаз
Сөйлемнен есімдікті тауып,тұлғасына талдау жасау.Сөйлемге синтаксистік талдау жсау.
Төркін – қыздың өз жұрты,туған үйі,ауыл-аймағы.
2-кеспе қағаз
Сөйлемнен есімдікті тауып,құрамын ажырату.Сөйлемге синтакистік талдау жасау.
Өзі барған сайын төркіндеген келіншек жалғыз келмейді.
3-кеспе қағаз
Оған тустары қайын жұртынан ере барған қайын інілеріне,қайын сіңілілеріне құрмет көрсетеді.
3-тапсырма. «Өз орнымдамын ба?» «берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жазу)
Мысалы: Қазақ қыз баланы «үй құты» деп отбасынд,оған сый-құрмет көрсетеді бағалап.
Дұрысы: Қазақ отбасында қыз баланы «үй құты» деп бағалап,сый-құрмет көрсетеді.
4-тапсырма. «Біріңді-бірің тыңдап ал!» Фариза Оңғарынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу,тұлғасына талдау.
І топтың 1-оқушысы ІІ топтың 1-оқушысы
Әкем- менің тәңірім, Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
пайғамбарым,ұмтылатын Хандардың да қалпағын әпермедім.
биігім,сайран бағым. Әділ шешім ататын барлық істе
Ол білмейтін дүниеде біздің үйде бас қазы - әкем менің.
құпия жоқ,
біліп алған,япыр-ай,
қайдан бәрін?!
2-оқушы 2-оқушы
Күшті де жоқ дәл ондай Әкем барда,арқам кең,жоқ
жер бетінде, алаңым,
сұлу мүсін, бір мін жоқ бәрі орнында:шаруаң,қора-малың
келбетінде!
Батыр,дана сол ғана.Асығамын Төрт жағымыз құбыла.Мен өскенде
әкеме ұқсап тезірек ер жетуге. Қиындау-ау әкемдей бола аларым ...
5-тапсырма. «Ән – көңілдің ажары» (үнтспадан «Жігіттер» тобының орындауындағы «Жеңешемнің мінезі» әнін тыңдап,есімдіктерді теріп жазу,құрамын талдау.
IV. Дамыту кезіндегі тапсырма. Шығармашылық жұмыс «Менің жеңгем».
V. Бекіту. Топтастыру стратегиясы бойынша «Есімдіктің түрлену ерекшеліктері».
Қорытындылау.Сабағымызды Фариза ақынның мына өлең жолдарымен түйіндесек:
Ағаларым – асқар тау,қарлы шыңдар,
Жеңгелерім – жанымның жайлауы еді.
Інілерім – шым болат шалғысыңдар,
Сіңлі,келін – періште тілеулесім,
Барлығың да әйтеуір,бармысыңдар!
VI. Үйге тапсырма. Туыстық тақырыбында мақал-мәтелдер жазып келу.
VII. Бағалау. (Берілген бағалау парақтарына топ үлкені баға қояды)
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«______» ________20___ ж
Күні: 20.11.2012
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдауж ұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім
жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру;
Тәрбиеліксауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір-бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау, сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: есімдіктің жасалу жолына арналған естелер,сөзжұмбақ, плакаттар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) түгелдеу;
б) сыныпты сабаққа даярлау.
Үй тапсырмасын тексеру.
а) Қызығушылығын ояту
Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»
1.Етікі тігетін аспабының бірімен ұқсас есмдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)
2.Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктер)
3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен.сен)
4. Көпшіл және көңілшек
Ештемені бөліп жармайды.
Көптік ұғым беріп,
Көпшлікті қармайды. (Жалпылау есімдіктері)
5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.(Болымсыздық есімдіктері)
Жаңа сабақ.
а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық»
«Есімдік» деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса,есімдіктің түрлері де сонша.Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.Шақпаққа мыналарды жазсаңыздар ерекше тордағы сөзді оқисыздар.
Сұрақтары: 1. Жіктеу есімдігі (сен)
2.Сілтеу есімдігі
3.Сұрау есімдігі
4.Көмектем септігіндегі өздік есімдігі І жақ (көпше түрі),тәуелденіп тұр
5.Сілтеу есімдігі шығыс септігінде
6.Белгісіздік есімдігі
7.Жалпылау есімдігі.
-
|
с
|
Е
|
н
|
|
|
о
|
с
|
ы
|
|
|
к
|
і
|
м
|
|
ө
|
з
|
і
|
м
|
м
|
е
|
н
|
о
|
с
|
ы
|
д
|
а
|
н
|
|
ә
|
р
|
к
|
і
|
м
|
|
|
б
|
ү
|
к
|
і
|
л
|
|
ә) Сатылай кешенді талдау.
Бұл жерде ешкім сырымды білмейді. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат үйіне жиналды.
б) Кіттаппен жұмыс:
116-жаттығу
Есімдіктерді теріп жаз
Қарамен жазылған сөздерге тұлғалық талдау жаса
в) Үй тапсырмасы: «Бүкіл әлемге бейбітшілік тілеймін» атты (есімдіктерді қатыстырып) шығарма жазып келу.
г) Бағалау
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Көктемде
Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім.
Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып ,шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке,қап,жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем пешпеті бар.
Оның жүзі сабырлы,салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл-үстіне жыртық шекпен киген ,белін арқан жіппен буған,басында көнетоз қалпағы бар,үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темер ілмекпен сеңдерді серпіп қояды. (122 сөз)
Мәтінді оқып беремін,оқушылар тыныс белгілерін қояды
Үйге тапсырма : қайталау
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б
Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Күрделі сан есімді тап.
А) мыңдап В) елулерде С) жүз Д) екеу Е) екі бүтін оннан үш
2. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу Д) төрт мың Е) үш төрт
3. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
4. Шығыс септігінде тұрып,пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?
А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау
5. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап.
А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың
6. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
А) X –сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды
7. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді тап.
А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп. В) Екі жастың қуанышы тойланды.
С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.
Д) Екеуіне сүйсінумен өтермін. Е) Ән айтатын өнерпаздар—осы үшеуміз
8. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?
А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.
С) Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.
Д) 30-40-тай адам жиналған екен. Е) Біз 2-еу едік.
1. Күрделі есімдіктер қатарын тап.
А) күллі,барша,тегіс В) өзім,өзді-өзі, өздеріңіз С) қашаннан? Қайсысы?
Д) әркім, қайсыбір,ешқашан Е) мынау,осыңыз,соным
2. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті тап.
А) Олар жиналысқа түгел қатысты. В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды. С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді. Д) Бұлардың ойы іске аспады. Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.
3. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.
А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен,қылығың—бала-шаға.
Д) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Е) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш.
4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін тап.
А) кіміңіз? Несі? В) бұнысы,мынауымыз С) соның,анаған Д) өздерің,өзіңіз Е) барлығынан,бәрінің
5. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?
А) әркім,кейбіреу,әлденеше В) олар,мен,бі С) кім, қашан, неше Д) біреу, ешбір,қайсыбір Е) бәрі,түгел,барша
6. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын тап.
А) Еш уақытта, еш қашан В) әлде кім,әр адам С) әркім,ешқайда Д) кей ағаң, кей біреу Е) бүгін,еш теңе
7. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.
А) толықтауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш
8. Болымсыздық есімдігін көрсет.
А) бірнеше В) саған С) дәнеңе Д) әлдекім Е) түгел
9. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті тап.
А) осынау В) оған С) әрне Д) кейбіреулер Е) ештеңе
10. Дұрыс септелген есімдікті тап.
А) менге В) сенмен С) сода Д) бұдан Е) сеннің
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«______» ________20___ ж
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;
ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың әдісі: cұрақ-жауап, талдау, іздендіру
Сабақтың түрі: ұжымдық,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,үлестірме қағаздар т.б.
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ә)Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
Есімдік дегеніміз не?
Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Есімдіктер қалай түрленеді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп,зат есімдерше септеледі,және жіктеледі.
Мен,сен,ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1) ілік,барыс,табыс,шығыс септіктерінде түбірдегі л,н дыбыстары түсіп қалады.
2) жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н-ға айналады
3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында –ы,-і дәнекері пайда болады.
4) барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге –ған түрінде жалғанады.
Жаттығумен жұмыс: 97-жаттығу. Өлеңді оқып есімдіктерді тауып есімдіктің қай түріне жататынын түсіндіріңдер.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға жіктеу есімдігін септеп жазады.
Атау. Мен сен
Ілік. Менің сенің
Барыс. Маған саған
Табыс. Мені сені
Жатыс. Менде сенде
Шығыс. Менен сенен
Көмектес. Менімен сенімен
Топтастыру стратегиясы:
Мен сен ол
Сендер біздер
Сіздер олар
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 99-жаттығу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«______» ________20___ ж
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақрыбы: Есімдіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: есімдіктің сөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру,есімдік тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
Дамытушылық: сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;
Тәрбиелік: тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ә)Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Есімдіктер қалай түрленеді?
3. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.
Есімдіктер,әсіресе жіктеу есімдіктері,атау септікте тұрып бастауыш болады.
Есімдіктер барыс, табыс,жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады.
Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып анықтауыш болады.
Есімдіктер мезгіл,мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса пысықтауыш болады.
Есімдіктер жіктеліп қолданылса баяндауыш болады.
Жаттығумен жұмыс: 91-жаттығу. Құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып,қай мүше екенін талдаңдар.
Топтастыру стратегиясы.
Бастауыш баяндауыш
Толықтауыш, пысықтауыш анықтауыш
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Есімдіктер қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады.
Есімдікті не үшін орынбасар сөз табы деп атаймыз?
Барыс,жатыс,шығыс септіктерінде тұрса қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |