VІ. Қорытындылау
Қыздар кәне бүгінгі сабақты қорта келе мына «Моншақ »сөз жұмбағын шешейік
М
О
Н
Ш
А
Қ
1.Адам аттас асыл тас: (меруерт)
2.Бисер тоқуға арналған жіп түрі (нейлон)
3.Бисердің шарықтап дамыған жері ? (Венеция)
4.Бисердің түрі немесе Богем шынысының екінші аты? (Шорлот)
5.Қолды инеден қорғайтын зат? (оймақ)
6.Бисерден дайындалатын сәндік бұйым? (алқа)
Базардағы алқа мен өз қолымен жасаған алқаны салыстыру. Базардағы алқа.
ӨЗДЕРІ ЖАСАҒАН АЛҚА
VІ. Үйге тапсырма.Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау.
VІІІ Бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын көріп, салыстырып, баға береді.
Жұмыс орын ретке келтіру
қолданылған әдебиеттер:
Технология №9 2007 ж
Сабақтың тақырыбы: Бисерден бұйым жасау техникасы. Гүлтізбек
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бисермен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың сәндік қолданбалы өнердегі білімін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалау білуге үйрету.
Дамытушылықтың мақсаты: Сәндік қолданбалы қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғаммен дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз бетімен жұмыс жасауға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қортындылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: бисермен жасалған бұйымдар, сызбалар үлгілер
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, сызу, математика
Қажетті құрал-жабдықтар: ине, жіп, леска, бисер,түрлері
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу, оқушыларды түгендеу
ә) Жұмыс орнын ретке келтіру
2.Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптарды қалай меңгергенін анақтау.
1. Бисер дегеніміз не?(кішкентай ортасында тесігі бар түстері әртүрлі шариктер
2. Бисерді неден жасайды? (шыны, керамика, хрусталь, металл)
3. Бисердің түрлерін ата? (қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка)
4. Бисердің қандай бұйымдарға қолдануға болады? (кестелеу, сөмке, аяқкиім, әмиян, көз әйнек қабы, киімдерге)
5. Бисермен тоқу нені талап етеді? (шеберлікті, әдемілікті, шыдымдылықты, талғампаздықты)
6. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел? (Финикия)
7. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады? (сырға, алқа, білезік, сақина)
8. Бисерді пайдалану әдістері (матаға кестелеу, желімдеу, тоқу)
9. Бисерді ең шығаратын елдер (Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан)
10.Бисермен кестелеу тігістері (ине алға, сырып тігу, қатаң сырып тігу, «Арка» тігіс, екі жақты)
ә) Нұсқау карта бойынша тапсырма беру
б) Өздері дайындаған бұйымдардың жасалу жолдарын түсіндіру .
3. Жаңа сабақ: Бисермен жұмыс істеу техникасы. Гүлтізбек
а) Бисер өру барысында өрудің әр түрлі техникалары қолданылады.
Оқулықтағы 25-кесте бойынша 1-2 тәсілдері жұмыстың орындалуы реттілігін түсіндіру.
ә)Гүлтізбек-төрт күлтелі гүлдеп тұратын гүлтәжіге ұқсас, өте қарапайым, әсем бұйым. Барлығы 9-10 элементтен тұрады. (қолдың өлшеміне қарай) тізбек ұшын ілмек немесе сақина етіп тұйықтайды,
б) Сарамандық жұмыс. Бисермен жұмыс кезіндегі сақталатын санитарлық-гигиеналық талапты еске түсіру. Гүлтізбек дайындаудын технологиялық картасы бойынша оқушылар гүлтізбек тоқиды.
4.Сабақты бекіту графикалық диктант.
Бисердің Отаны-Ежелгі Египет
Стеклярустың бисерден айырмашылығы жоқ
Бисермен жұмыстың негізгі мақсаты түс үйлесімділігін сақтау
Жұмыс орны жарық болуы міндетті емес
Бисермен ұлттық киімдерді әшекейлеуге болады
Бисермен кестелеуде «арка» тігісі жие қолданылады
Бисермен өру барысында өрім арасы 2см болу қажет
5.Сабақты қортындылау, бағалау
1) Әр оқушының жасалған жұмысын талдау
2) Графикалық диктантты тексеру
Не білдім?
|
Не үйрендім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
6. Үй тапсырма: Бисермен жұмыс. Бисерден жасалған ағаш
Күні___________ сыныбы ___________________
Сабақтың тақырыбы: Табиғи жібек мата
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жібек талшықтар жайлы қысқаша мәліметтер беру; экономикадағы жеңіл өнеркәсібі, мата өндірісі жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: жібек маталарының тарыхын біле отырып жаңаша алу, өсіру жолдарын білу, оқу - танымдық қызметті ұтымды ұйымдастыру және пайдалану шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік: жолдастарына көмек беруге, жұмысты тиянақты таза жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: слайд, матадан жасалған альбом, мата, жіп - ине, қайшы.
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мазмұны:
Жұлдыз құрт және кокандар
Тарихынан үзінді.
Матаны дайындау
Жібектік құрылысы
Жібекті пайдалану
Табиғи жібекті күту жолдары
Жібек маталары 5 мың жыл бұрын Ежелгі Қытайда жібек құртынан дайынала бастады.Тек, император жанұясының әйелдеріне ғана жібек құртын өсіруге рұқсат етілді. Жібекті алудың құпиясын берік сақтады. Құпия ашқандарды өлім жазасына кесілетін болған. Жібек құртын Қытайдан жасырын әкетушілерді де өлім жазасы күтілді. Индияға- жібек, Үнді патшалығындағы болашақ күйеуіне бара жатқан Қытай ханшайымы биік, әсемденген шаштарының арасына, жібек құртын тығып жеткізген.Жібек Европада. Осы ғасырдың 550 жылдары Византияға екі кедей монах жібек құртын ұрлап жасырын жеткізген. Осылай Европада жібек пайда болды
Европа елдерінде жібек үлкен сұраныста және өте қымбат. Ақсүйектерге ғана жібектен киім киюге рұқсат етілді.
Ежелгі римде 1 фунт жібеке 1 фунт алтын төленетін
ХIII-XV ғасырда жібек өндіру Италияның ең маңызды өндірістерінің бірі болды. Жібекті Венецияда, Генуде, Флоренцияда және Миланда өндірді.
ХVIII ғасырда ғана Россияда жібек тоқуды үйренді.
ТАБИҒИ ЖІБЕКТЕН БҰЙЫМДАР
ЖҰЛДЫЗ ҚҰРТ ЖӘНЕ ҚУЫРШАҒЫ
1. Жібек құртының тұт көбелегі жаз айының басында 500 ден астам жұмыртқа тастайды.
2. Жібек құртының гусеницасы біржарым ай бойы жапырақтармен қоректенеді (тутовника)
Бұдан кейін олар өздерінң кокондарын тоқуға дайын. Жіңішке, өте нәзік жіптер гусеницаның денесінен бөлініп шығады.
3.Гусеница өз кокондарын ағаш бұтақтарына бекітеді.Әр коконда 400-ден 1100 метр жіңішке жібек талшықтары болады
4.Екі аптадан кейін кокондағы гусеница куколкадан мотылькаға айналуға дайын.
Талшықтар зақымданбауы үшін, окондарды көбелек ұшпай тұрып жинаған дұрыс.
Көбелектің жұмыртқалары ағаштарда жаңа жапырақтар өсіп шыққанша сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |