Сабақ кезеңі/Уақыты
|
I.Ұйымдастыру кезеңі.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдa бір-бірінe болғaн доcтық ceзімдeрін оятy мaқcaтындa«Aтом жәнe молeкyлa» әдіcі aрқылы пcихологиялық жaғдaй орнaтaмын жәнe үш топқa бөлeмін.
1-топ 2-топ 3-топ
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.
|
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/eki-ajnymalysy-bar-syzyqtyq-tengdeuler-zhujeleri?mid=%info%
|
Сабақтың ортасы
|
1 – мысал. 2х – 5у – 3 = 0 теңдеуінің екі шешімін тап.
Шешуі. Айнымалылардың біреуіне кез келген санды берейік , сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу арқылы екінші айнымалының мәнін табамыз.
у=3 болсын
2х – 5 3 – 3 = 0,
2х = 18,
х = 9
Айнымалылар жұбын теңдеуге қойсақ, 2 9 – 5 3 – 3 = 0 тура санды теңдік шығады.
(9; 3) – шешім.
Айнымалының біреуіне басқа мәнді қояйық:
х= - 2 болсын,
(-2) – 5у – 3 =0,
5у = 7,
у = - 1,4
Айнымалылар жұбын берілген теңдеуге қойсақ, тура санды теңдік аламыз:
(-2) – 5 (-1,4) – 3 = 0 . Яғни, (-2; -1,4) сандар жұбы берілген теңдеуіміздің тағы да бір шешімі болады.
Осындай сандар жұбын шексіз көп табуға болады.
Жауабы: (9; 3), (-2; -1,4).
2 – мысал.
3х + 4у – 7 = 0 теңдеуіндегі у айнымалысын х айнымалысы арқылы өрнектеп мәндес теңдеуге түрлендір.
Шешуі.
4у =– 3х + 7
|
1- қасиетті пайдаланып, екі қосылғышты теңдеудің оң жағына көшіреміз
|
=-
|
2- қасиетті пайдаланып, теңдеудің екі жағын бірдей у – тің алдындағы коэффициентке, яғни 4 – ке бөлеміз.
|
у = - 0,75х + 1,75
|
3х + 4у – 7 = 0 теңдеуіндегі у айнымалысы х айнымалысы арқылы өрнектелді.
|
|
Тапсырмалар.
2х – 9у + 6 = 0 теңдеуіндегі х айнымалысын у айнымалысы арқылы өрнектеп мәндес теңдеуге түрлендір.
7х – 2у – 1 = 0 теңдеуінің үш шешімін тап.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |