С
Авторы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна.
ыныбы: 11 Күні: 21.10.09
Сабақтың тақырыбы: «Слайдтағы объектілерге басқару батырмаларын қолдану».
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыға презентацияны құру барысында слайдтармен жұмыс істеуге, оларға басқару батырмаларын еркін пайдалана білуге үйрету, алған білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушының қиял-арманын, эстетикалық талғамын, жан-жақтылық қасиеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында ақпараттық мәдениеттілікті, өзара көмек беру және өзін – өзі бағалауға, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, презентациялар, карточкалар, тапсырмалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
1.1. Оқушылармен амандасу.
1.2. Сабақта болмаған оқушыларды түгендеу.
1.3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру..
2. Үй тапсырмасын тексеру. Сағат және колобоктың қозғалыстарын көрсету.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Слайдтағы объектілерге басқару батырмаларын қолдану. Сабақтың барысында сендер объектілерге анимациялық эффектілерді пайдалануды қайталап, басқару батырмаларын ашу жолдары, түрлері үйреніп, батырмаларды практикада қолданамыз. (Слайд № 2 )
1. Презентация жасау барысында слайдтарға бірнеше объектілерді пайдаланамыз. Ол объектілер сурет, жазу, Word Art объектісі, автофигуралар бола береді. Оған анимация пайдалануға болады. Яғни, анимация дегеніміз – слайдтың элементтерін қозғалысқа келтіру, ерекшелеу, орнын ауыстыру. Ал, анимация жасау үшін берілген объектіні ерекшелеп, Показ слайдов-Настройка анимации командасын немесе объектті ерекшелеп, маустың оң жақ батырмасын басып, жанама менюден Настройка анимации командасын орындаймыз. Мысалы: «Информатика» сөзіне анимацияның барлық түрін қолдану.
(Слайд жасау)
2. Презентация жасаған уақытта біз көбіне жасырын тұрған слайдты ашу, бір слайдтан екінші слайдқа ауысуды қолданамыз. Слайдтардың біріне-бірі ауысуы үшін басқару батырмаларын, суретті, кез-келген түрде жазылған мәтінді пайдалана береміз. Көбіне басқару батырмаларымен жұмыс жасаймыз. Басқару батырмаларын Показ слайдов-Управляющие кнопки командасы арқылы іске қосамыз.
(Слайд № 3 )
3. Басқару батырмаларының бірнеше түрі бар. Олар:
1. Өз қалауымыз бойынша ауыстыру
2. Қайту батырмасы
3. Анықтама
4. Мәлімет беру
5. Алдыға, артқа 8. Құжатты ашу
6. Басына, соңына 9. Дыбысты қосу
7. Қайтару 10. Видеороликтерді қосу
Басқару батырмаларын таңдап алған соң, қосымша Настройка действия терезесі шығады. Мұнда батырманы басқан уақытта қай слайдқа ауысуы керек екендігі көрсетіледі. Перейти по гиперссылке батырмасын басып, слайдтың номерін көрсетіп, ОК батырмасын басамыз. Немесе басқада объектілерге слайдтарға ауысуды қолдансақ, объектіні ерекшелеп, маустың оң жақ батырмасын басып, Настройка действия командасын орындаймыз.
Презентацияны көру барысында слайдқа ауысу жасалған объектіге барсақ, «қолдың» белгісі шығады. Яғни, бұл батырманың астында тағы слайд бар деген сөз. (Слайд № 4 )
Мысал ретінде мына слайдтардың элементтеріне басқару батырмаларын пайдаланып көрейік. (Слайд № 5,6 )
Сабақ түсінікті болса, алдарыңа «Жыл мезгілдері» тақырыбында берілген 5 слайдтан тұратын презентация құру керек. Уақыттың аздығына байланысты бастапқы үш слайдты жасаймыз. Әр слайд деңгейлік тапсырма болып есептеледі. Сондықтан жылдамдатып жұмысты аяқтаймыз. (Тапсырманы презентация арқылы көрсету. Слайд «Жыл мезгілдері») Жаңа презентация ашып, бірге жасау. «Жыл мезгілдері» файлын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |