Сабақтың тақырыбы «Сақталу заңдары тарауын қайталау»



жүктеу 205,44 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі205,44 Kb.
#2923
түріСабақ

Сыныбы, пәні:

10а-сынып, физика

Пән мұғалімі: БҚО Орал қаласы №44 ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі

Жексенғалиева Г.Ж.

Күні: 30 қаңтар


Сабақтың тақырыбы


«Сақталу заңдары тарауын қайталау»

Мақсаты



  • Сақталу заңдары туралы түсінік беру.

  • Сақталу заңдарын есептер шығаруда қолдануға үйрету

Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтижелер



  • Оқушылар сақталу заңдары туралы түсінік алады.

  • Сақталу заңдары және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруда үйренеді

Өзін-өзі бағалай алатын болады

Керекті жабдықтар



Кестелер

Электронды оқулық

Флипчарт, презентация

Оқыту әдістемесі, жұмыс дәптері, тест жинағы



Қолданылатын әдістер

Білім берудегі жаңа әдіс тәсілдер,СТО«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру,бейнеролик,топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

2мин

5мин

Сыныппен амандасу ББЖӘТ әдісімен топтарға бөлу

1топ Жұмыс

2топ Энергия

3топ Импульс

Үй тапсырмасын сұрау:

« Ыстық орындық»




Мұғаліммен амандасады

Топтарға бөлініп отырады

Топтық ережені еске түсіреді

«Ыстық орындық» рөліндегі оқушы оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді, ал қалған оқушылар сұрақ қояды.

Мысалы:


  1. Дене импульсі деп нені айтамыз?

  2. Реактивті қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?

  3. Механикалық жұмыс деп нені айтамыз?

  4. Кинетикалық энергия туралы теореманың тұжырымдалуы мен формуласы.

  5. Энергияның сақталу және айналу заңының тұжырымдалуы мен формуласы.

« Ыстық орындық» рөлі ауысып отырады.


Тұсаукесер

3 мин

«Миға шабуыл»

Бейнеролик көрсету

Қайталау сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.

Бағалау критерийлерімен таныстыру




Оқушылар ойланып, сұраққа жауап беру арқылы тақырыпты анықтайды.


Негізгі бөлім
7мин

15мин

7мин


Топтық жұмыс.

(Шығармашылық жұмыс)

Топтарға тапсырмалар береді.

Топтың атына сәйкес суреттер арқылы формулалар құрастырып жазу.

Есептер шығару


Ең жақсы баяндамашыны анықтау арқылы өзара бағалайды.

(2жұлдыз,1ұсыныс)

Топ мүшелері сұраққа бірлесіп, кеңесіп жауап жазады. Берілетін тапсырмалар:

А деңгейі

№1. Массасы 100г 4м биіктікте 36км/сағ жылдамдықпен қозғалған дененің толық механикалық энергиясын табыңдар.

№2 Массасы 3кг дененің қандай биіктікте потенциалдық энергиясы 60Дж болады?

№3 Дене 4м/с жылдамдықпен қозғалса, кинетикалық энергиясы 16Дж тең. Дененің массасы қандай?

В деңгейі

№4

Дененің импульсі 8кг*м/с, ал кинетикалық энергиясы 16Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.



№5

7м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 70кг адам,2 м/с жылдамдықпен кетіп бара жатқан,массасы 30 кг арбаны қуып жетіп,оған секіріп мінеді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

С деңгейі

№6

Суы бар шелектің массасы 10кг.Егер шелектің потенциалдық энергиясы 100Дж-ден 135Дж-ге артса,ауырлық күші қандай жұмыс атқарады?Шелек қандай биіктікке көтеріледі?



19тапсырма №3, 88бет

Інұсқа

Тест

1.Дене импульсінің өрнегі



А) P= В)P= С) P= Д) P=

2.Массасы 2 кг дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалғанда кинетикалық энергиясы қандай?

А) 4,5 Дж В) 4 Дж С) 3 Дж Д) 9 Дж

3.Шарды вертикаль жоғары лақтырғанда қандай энергия түрленуі болады?

А) потенциалдық энергия кинетикалық энергияға

В)кинетикалық энергия потенциалдық энергияға
С) кинетикалық энергия шардың ішкі энергиясына

Д) шардың ішкі энергиясы потенциалдық энергияға

4.Бірқалыпты күштің әсерінен 4с ішінде дене импульсінің өзгерісі 20кг*м/с тең. күштің мәні

А) 1Н В) 2Н С)5Н Д)3Н

5.Судың плотинадан құлап аққанда қандай энергия түрленуі болады?

А) судың потенциалдық энергиясы кинетикалық энергиясына

В)судың кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына

С)судың кинетикалық энергиясы ішкі энергиясына

Д) судың ішкі энергиясы потенциалдық энергияға

6.Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланыс

А)Дене импульсі – күш импульсінің өзгерісіне тең

В) күш импульсі – дене импульсінің өзгерісіне тең

С) еш байланысы жоқ Д)Дене және күш импульстері өзара тең

7. Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен ауырлық күші мен серпімділік күш арқылы әрекеттесетін денелердің...

A) кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы нольге тең.
B) кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
C) кинетикалық және потенциалдық энергиялары өзара тең болады.
D) кинетикалық энергиясы және потенциалдық энергиясы тұрақты болады.

ІІ нұсқа

1.Дене импульсінің өлшем бірлігі

А) кг В) м/с С) кг*м/с Д) Н

2.Жер бетінен 2м биіктікке көтерілген массасы 3кг дененің потенциалдық энергиясы қандай?



А) 60Дж В) 20 Дж С) 6Дж Д) 3Дж

3. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысы кинетикалық энергия тұжырымдамасына сәйкес келеді?



А) Қозғалыстағы ауа

В) Бұралған серіппе

С) Сығылған ауа

Д. Шатырдың шетіндегі тас.

4.Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз

A) дененің қозғалыс энергиясы.

B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.

C) серпінді деформацияланған денеің энергиясы.

D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.



5. Екі өзара әсерлесуші денелер үшін импульстің сақталу заңы:

A)

B) .

C) .

D) .

6. Денеге  10 с бойы 5 Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар.



А)50 Н с   В)5 Н с  С) 0,5 Н с Д)15Нс

7.Жұмыс пен энергияның арасындағы байланыс

А)Энергия – жұмыстың өзгерісінен пайда болады

В) Жұмыс – энергияның өзгерісіне тең

С) Жұмыс пен энергия тең Д)Энергия мен жұмыс еш байланыссыз




Қорытынды

6 мин


Үйге тапсырма

Кері байланыс

3тарауды қайталау,19тапсырма(4,5)

Бағдаршам әдісі



Оқушының аты-жөні ________________________________________

Топтық тапсырмалар

Есептер шығару

Тест тапсырмасы

Барлығы

Белсене қатыстым – 3 балл

Орташа – 1 балл

Мүлдем қатыспадым – 0 балл


А деңгейі 0,5 балл

В деңгейі 1балл

С деңгейі 1,5 балл








17-15 балл – «5»

14-10 балл – «4»



9-7 балл – «3»
жүктеу 205,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау