Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі
Технология пәнінің мұғалімі: Бекбаева Жанар Мухсеновна
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті қию.
Сабақтың мақсаты: ою-өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, жеке, топпен жұмыс, түсіндіру,
сарамандық жұмыс,топтастыру,миға шабуыл.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,карточкалар, номерленген асықтар, «Ою-өрнектер», буклеттер ,өрнектер салынған суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2.Сабақ құралдарын тексеру.
II «Ой ашар». Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1) Ою-өрнек дегеніміз не?
2) Ою-өрнектің шығу тарихы.
3) Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?
4) Ою-өрнектер қай жерде қолданылады?
5) Түстер қандай мағынаны білдіреді?
III Жаңа сабақ. «Брейн- ринг» ойыны. Жұмбақ шешу.
Оқушыларға нөмерленген карточка үлестіріледі.Асық ойыны ойналып қай номерлі асыққа тисе, сол номерлі сұрақа жауап береді. Түгел жауап берілгесін, сектор түгел ашылады.(қошқар мүйіз,бараний рог,қос мүйіз-соединенные рога)
Мүйіз оюы турады тоқталу.
IV Сарамандық жұмыс.(бүктеп көрсету)
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.Жеке жұмыс.Өлеңдер айту.
V Мақал – мәтелдер .(жалғасын табу)
Мысалы:
1.Еңбек түбі – береке,
Көптің ісі мереке.
2  .Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
3.Талаппен бастап, талғаммен аяқта.
4. Ою ойған, сызуда сызады.
5. Ою ойғанның ойы ұшқыр.
6. Еңбек етсең, емерсің
Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне
түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.
Камотекстің бетіне диоганаль сызықтар
ын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.
Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.
Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:
Достарыңызбен бөлісу: |