|
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау. Сабақтың мақсаты
|
Дата | 21.12.2017 | өлшемі | 46,16 Kb. | | #5113 | түрі | Сабақ |
|
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға жалпы операциялық жүйе ұғымын, операциялық жүйе түрлерін, олардың жұмыс істеу принциптерін, Windows XP операциялық жүйесін, операциялық жүйелерді баптау тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық, іскерлік, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері: тест, сұрақ - жауап, ойындар, Морзе әліппесі, фильворд.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, парақшалар, оқулық.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тақырыптар бойынша оқушыларға бақылау сұрақтарын қою.
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Біздің компьютерлерде қандай операциялық жүйе қолданылады?
3. Операциялық жүйемен жұмыс кезінде қолданылатын негізгі құрылғы
4. Операциялық жүйенің атқаратын қызметі
5. Операциялық жүйе міндетті неше бөліктен тұрады?
ІІІ. Бекіту. Оқушылардың алған білімдерін одан әрі толықтыру мақсатында оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі.
1. Компьютерлік тестілеу.
Оқушылар Visual Basic ортасында дайындалған тест программасы бойынша компьютерде өткен тақырыптардан тест жұмысын орындайды.
Тест тапсырмалары.
1. Power деп аталатын қосып, өшіру батырмасы қай құрылғыда орналасқан?
А) Жүйелік блок
Ә) монитор
Б) пернетақта
В) принтер
2. Windows қандай жүйе:
А) мәтіндік редактор
Ә) операциялық жүйе
Б) графикалық редактор
В) сыртқы тұрақты жад
3. Windows - тың негізгі объектілері:
А) терезелер мен белгішелер
Ә) сандар
Б) символдар
В) әріптер
4. Windows объектілерін басқарудағы негізгі құрылғы:
А) пернетақта
Ә) тышқан
Б) монитор
В) модем
5. windows - тың негізгі экраны қалай аталады?
А) жұмыс орны
Ә) басқару тақтасы
Б) сурет салу алаңы
В) жұмыс үстелі
6. Тышқанның сол жақ батырмасын қалай атайды?
А) көмекші
Ә) әмбебап
Б) негізгі
В) қосымша
7. Тышқанның оң жақ батырмасын қалай атайды?
А) көмекші
Ә) негізгі
Б) арнайы
В) қосымша
8. Бағдарламаны қосу әрекетінің орындалуы:
А) қысқа команда
Ә) жабық команда
Б) ашық команда
В) ұзын команда
9. Құжатты ашуға әкелетін әрекеттер тізбегіне нұсқау:
А) қысқа команда
Ә) ұзын команда
Б) ашық команда
В) жабық команда
10. Динамикалық меню қай кезде пайда болады?
А) Іске қосу батырмасын шерткенде
Ә) Тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде
Б) тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерткенде.
2. Сиқырлы сурет. Оқушыларға экранда дербес компьютердің құрылғыларының суреттері беріледі, суреттердің астында сұрақ жасырылған. Оқушылар суреттерді таңдап, астындағы сұраққа жауап береді.
«Сиқырлы сурет» сұрақтары
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Әрбір операциялық жүйе неше бөліктен тұрады? Оларды ата
3. Ядро дегеніміз не?
4. Драйвер дегеніміз не? Мысал келтір
5. Интерфейс дегеніміз не?
6. MS DOS фирмасының операциялық жүйелерін ата.
7. Көптапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?
8. Біртапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?
3. Оқулықпен жұмыс
1. Уақыт пен күнді баптау
Экранға бүгінгі күн мен қазіргі уақытты қойып, бапта.
2. Жұмыс үстелін баптау
Жұмыс үстеліне тюльпан фонын қойып, баптаңыз.
3. Қыстырма бет параметрлерін баптау
Экранға қыстырма бет арқылы «информатика» мәтінін шығар.
4. Сәйкестендіру тесті
Оқушыларға экранда Windows операциялық жүйесінде
Информатикалық диктант
Операциялық жүйе – есептеу процестері мен _________________________
басқару және пайдаланушы мен ___________________ байланыстыратын
жинақталған программа.
Ядро – командалық ____________________, программалық тілден “темір” тіліне аударатын _______________________, машина кодасының тілі.
Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын _____________ _________________.
Қазіргі кезде ең көп тараған операциялық жүйе - __________________.
Жасырын сөздерді орнына жазу.
4. Фильворд.
Экранға фильворд беріледі. Ішінде операциялық жүйе аттары жасырылған. Соларды тауып жазу.
5. Морзе әліппесі
Морзе әліппесімен жасырылған сөзді табу керек. (Windows XP)
6. Қателерді анықтау
Мен компьютерді іске қосу үшін міндетті түрде принтерді іске қосамын. Компьютерді іске қосқан кезде экранға Windows xp мәтіндік редакторы шығады. Windows - тың жұмысын бақылау үшін мен менің құжаттарым файлына кірем. Және Windows - пен жақсы жұмыс жасау үшін маған міндетті түрде модем құрылғысы керек болады. Сондықтан мен модемді іске қосам. Windows хр Linex Apple фирмасының шығарған операциялық жүйесі. Жұмыс аяқталғаннан кейін компьютерді өшіру үшін жүйелік блокты токтан өшіріп тастаймын.
IV. Қорытындылау
V. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма. «Операциялық жүйелер» тақырыбына реферат жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|