Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата21.11.2018
өлшемі47 Kb.
#23415
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ №6 «Бекітемін»

Пән аты: Информатика Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

_____________________



Сыныбы:

7 «А» __________2015ж

7 «Б» __________2015ж

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Операциялық жүйелердің анықтамасын білу. Олардың түрлерінмен танысу және программаларымен танысу;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.

Оқушылар білуі тиіс: ОЖ-нің міндеті мен қызметтерін, бұйрықтық жолы бар интерфейс пен графикалық ОЖ-нің ұғымдарын, қазіргі ОЖ-ге қойылатын талаптарды.

Оқушылар үйренуі тиіс: ОЖ-нің қызметтерін анықтау, бірнеше ОЖ-ні атау, сипаттамаларын беруді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар, тапсырмалар.

Сабақтың өту барысы:

І. Оқушыларды ұйымдастыру
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру


Өзіңді тексер!


  1. Аналық тақшада қандай жад орналасқан?

А)қатқыл диск

Б)ЖЖҚ*


С)лазерлік дискі

D) дискет



  1. Орындалу барысында программа неде сақталады?

А)бейнежадта

Б)жедел жадта*

С)қатқыл дискіде

D)ТЖҚ-да


3. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қызмет ететін құрылғы?

А)жедел жад

В) процессор

С)сыртқы тасымалдауыш*

D) дискіжетек

4. Компьютерді өшірген кезде ақпарат:

А)жедел жадтан жоғалады*

В) тұрақты есте сақтайтын жадтан жоғалады

С)қатқыл дискіден өшіріледі

D) компакт-дискіден өшіріледі

5. Дұрыс емес тұжырымды таңдаңдар:

А)ТЖҚ-да мәліметтер зауытта миркосқлбаларды дайындау барысында бір рет жазылады

В) ТЖҚ-да мәліметтер соғынан өзгеруі мүмкін*

С)ТЖҚ-да қуат көзі өшірілген соң компьютер автоматты түрде іске қосылатын программмалар сақталады

D) ТЖҚ-дан операциялыө жүйенің алғашқы жүктелуі орындалады.

6. Қазір дискет не себепті қолданылмайды?

А)оқу үшін арнайы қондырғының қажеттілігі*

В) аз сыйымдылық және сенімсіздік

С) тасымалдау ыңғайсыздығы

D) қайталап жазудың мүмкін еместігі

7. Ақпаратты магнитті тасымалдауыш - бұл :

А)винчестер*

В) CD

С) DVD


D) флеш жад

ІІІ. Білімді өзектендіру

Сұрақтар


1. Қандай программалық жабдықтамасыз компьютер жұмыс істей алмайды?

2. Операциялық жұйе қай кезде жүктеледі?

3.Операциялық жүйеге мысал келтіріңдер?

4. Сендердің коспьютерлерінде қандай операциялық жүйе орнатылған?



ІV. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Бірінші ОЖ пайда болуы үшінші буынды ЭЕМ-нің жасалуымен байланысты. Магнитті дискілердің пайда болуымен компьютердің ресурстарын басқаруға арналған программалларды жасау қажеттілігі туындады. мұндай программмалар операциялық жүйелер деп аталды. Бүгінде программамен жұмыс істейтін кез келген есептеуіш құрылғыы операциялық жүйемен басқарылады.



Операциялық жүйе-бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа.

ОЖ-нің қызметтері:

- мәліметтердің енгізілу-шығарылуын жабдықтау, оларды басқару;

- қолданушымен сұхбат жүргізу;

- программаларды өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру;

- коспьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программалар арасында үлестіру;

- қолданбалы программаларды орындап және олардың жұмыс істеуін жабдықтау;

- компьютер қызмет жасау;

- компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары арасында делдал болу.

V. Жаңа сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

А деңгейлік тапсырманың мақсаты - тінтуірмен, Windows Жұмыс үстеліндегі нысандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

В деңгейлік тапсырманың мақсаты - Менің компьютерім нысанымен, Жұмыс үстеліндегі нысандармен жұмыс жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

С деңгейлік тапсырманың мақсаты - компьютердің қызмет ету программаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

VI.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары

1- тапсырма

Бос орынды толтыр

Операциялық жүйе - бұл программалық жабдықталу мен қолданушы, программалық қамтамасыз ету мен компьютер арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін программа.



2- тапсырма

Операциялық жүйе талаптарында жіберілген қателерді түзет.

төзімділік - ОЖ компьютердің әр түрлі аппараттық қамтамасыз етілуінде жұмыс істеуі қажет;

сенімділік және тұрақтылық - әрине, ОЖ ақаусыз және іркіліксіз жұмыс істеуін қажет;

қауіпсіздік - ОЖ компьютерде ұзақ жұмыс істейтіндіктен, оның жұмысын жақсартатын қосымшалардың болуын көздейтін мүмкіндіктер қарастырылуы керек;

өнімділік - кез келген қолданушы ОЖ -нің тез жұмыс істегенін қалайды.

3- тапсырма

Өзіңе білгілі операциялық жүйелерді жаз



жауабы: Windows, Unix, Linux, MS-DOS

VII. Қорытындылау

VIII. Үй тапсырмасы

$6 оқу, 30-35 бет, сұрақтарға жауап беру.

.

6-тақырып бойынша тапсырмалар

1- тапсырма

Бос орынды толтыр

Операциялық жүйе - бұл _____________жабдықталу мен қолданушы, _______________________________ мен ________________ арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін программа.



2- тапсырма

Операциялық жүйе талаптарында жіберілген қателерді түзет.

төзімділік - әрине, ОЖ ақаусыз және іркіліксіз жұмыс істеуін қажет;

сенімділік және тұрақтылық -ОЖ компьютерде ұзақ жұмыс істейтіндіктен, оның жұмысын жақсартатын қосымшалардың болуын көздейтін мүмкіндіктер қарастырылуы керек;

қауіпсіздік - ОЖ компьютердің әр түрлі аппараттық қамтамасыз етілуінде жұмыс істеуі қажет;

өнімділік - кез келген қолданушы ОЖ -нің тез жұмыс істегенін қалайды.

3- тапсырма

Өзіңе білгілі операциялық жүйелерді жаз



жауабы: __________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау