Сабақтың тақырыбы: Қожанасырдың тойға баруы



жүктеу 2,26 Mb.
бет4/6
Дата31.05.2018
өлшемі2,26 Mb.
#18548
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сабақтың  тақырыбы :  Күлтебасты қуыршаққа айналдыру

Сабақтың мақсаты: Жіптен күлтебас жасау жолын түсіңдіру. Күлтебас жасау арқылы оқушылардың  қол  икемділіктерін дамыту. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, қол өнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Аралас

Сабақтың әдістемелік тәсілі:

Сабақтың қолданбалы көрнекілігі:  Күлтебас

Сабақтың пайдаланатын құралдары: жіп, қайшы, қатты қағаз.
Сабақ барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жіптен құрамақ құрастыру.



1. Шайдың қандай қасиеті бар?
2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?
3. Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі бар?
4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.
5. Какаоның қандай қасиеттері бар?
6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?
7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа материалдармен танысу.

Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы:  «Күлтебас жасау»  деп аталады.


ІV. Жаңа сабақ.

1.Күлтебасты қандай бұйымдарда пайдаланамыз?

2.Күлтебасты неден жасауға болады?


Практикалық бөлім.

Күлтебас жасау тәсілі. 1- 4 сурет бойынша жасау.

VІ. Қорытынды бөлім.

— Күлтебастан қандай ойыншық жасауға болады?

- Күлтебасты қуыршаққа айналдыруға болады.

- Оқушылардың жасаған күлтебастарын тақтаға іліп қою.


VІІ. Үйге тапсырма беру,бағалау

Күлтебасты бас киімге тігу



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 21.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: филимон ойыншықтары

Сабақтың мақсаты:Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру. Ойыншықтары туралы білуге үйрету, баланың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіре түсу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.


Көрнекілік:Әртүрлі ойыншықтар: Қуыршақ, доп, машина және аңдар.

Сабақтың барысы:
I - Ұйымдастыру
Сабаққа назарын аудару
ІІ. Өткенге шолу

Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)
2. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды (доп)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой, достар ойнайық.
2. Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған қарғып – ақ.
Тістемейді, теппейді
Бос қойсаң да кетпейді.
3. Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны байлағым.
4. Мына тұрған сиырым,
Томпайтып тұр бүйірін.
5. Мына тұрған қояным,
Алдына жем қоямын.
Құлағы оның ұзын – ақ,
Өзі бірақ қорқақ.
6. Мына тұрған машинам,
Зымырайды тоқтамай,
Алдына тұраң машинамның,
Қағып кетем байқамай.

ІҮ. Практикалық жұмыс

Ойыншықтар жасау
Ү. Сабақты қорытындылау

- ойыншықтарды ұқыпты ұстай білесіңдер ме?
Ойыншықтармен күнде біз,
Кешке дейін біргеміз
Кейде еңбек етеміз,
Кейде ойнап кетеміз
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Аяқталмаған жұмысты аяқтау
ҮІІ Бағалау

Көрме арқылы оқушыларды мадақтап бағалаймын.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 24.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Көрме ұйымдастыру

Мақсаты: Оқушылардың  жыл бойы  жасаған  шығармашылық

жұмыстарын  көрмеге  шығару.



Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Көрнекіліктер:. Оқушылардың   шығармашылық  жұмыстары.

Әдісі: көрме, практикалық
Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару
ІІ. Өткенге шолу

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.


ІІІ. Жаңа сабақ

Сабағымызда  алған  білімімізді еске  түсіріп, тексеріп , сапақа  саламыз. Ол үшін   әр оқушының  жыл  бойы  мұғалімнің  көмегімен  орындаған  өзіндік   жұмысын   ортаға, яғни   көрмеге  шығарамыз.

Әр  оқушы  өзінің  көрмеге  қойған  бұйымдарының  қалай  жасалғанын,  қандай  мата  қолданғанын, оюдың  қандай  түрін пайдаланғанын,   түр  үйлесімділігін  айтып,  жұмысын  қорғайды.  Оюға  қысқаша  мағлұмат  береді.

Оқушылардың  жасаған  жұмыстары  көрермен  қауымды  тамаша  бұйымдарымен    тамсандырады.

 

Нәтижесінде  оқушылардың   қызығушылығы   арта  түскені байқалады.


 ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар бі міне осыған дейін еңбекке баулу сабағын оқып ол сабақтан бірнеше неше түрлі суреттер бұйымдар жасап үйрендік. Осы 1-сыныптың еңбекке баулу сабағын аяқтағалы отырмыз. Мына сіздердің істеген жұмыстарыңыз. Осыншама көптеген бұйымдар үйрендік.

Ү. Бағалау

Мадақтап бағалаймын.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 16.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қазақы дастархан

Сабақтың мақсаты: Балаларға қазақ дастарханының

маңызын түсіндіру,оның халық үшін қасиетті саналатынына мән беру.

Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізебілу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі : Үнтаспа , суреттер, оқулық

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, ән айту, әңгімелеу


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару

Психологиялық дайындық


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Мұғалім ол біздің» өлеңін хормен және әуенмен айту


ІІІ. Жаңа саба

«Қазақы дастархан» әні

Қазақтың дастарханы-ай,


құнар қандай?!
Қараймын көзім тойып,
құмар қанбай.
Көлбайдың қою шайы-ай
қаймақ қатқан.
Жандырар жанарыңды шырағдандай.
 Қазақтың дастарханы.
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісімен,
Жағалай малдас құрған.
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілмен,
Иілсе келін-балаң.
Ықылас-ізет еткен,
Сыйластық елін табам.
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын.

Начало формы

Конец формы
Музыка тыңдау: «Қазақы дастархан» әні
ІҮ. Үйге тапсырма:

Ән жаттау


Ү. Бағалау:

Оқушыларды деңгейлеріне байланысты бағалау


ҮІ. Қорытындылау

Балалар сабақ түсінікті болды ма?

Талқылау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 23.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Республикасының Гимні

Сабақтың мақсаты: Балаларға мемлекеттік рәміздердің

маңызын түсіндіру және әнұранды орындау мәдениетін үйрету

Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі : Үнтаспа , суреттер, оқулық

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі көрнекілік, ән айту


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Оның басты рәміздерінің бірі – Гимн. 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.
Гимннің сөзін жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін жазған – белілі сазгер Шәмші Қалдаяқов. Гимнді жатқа білу – әрбіріміздің парызымыз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Мұғалім ол біздің» өлеңін хормен және әуенмен айту
ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,


Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Музыка тыңдау: ҚР Гимні


ІҮ. Үйге тапсырма:

Ән жаттау


Ү. Бағалау:

Оқушыларды деңгейлеріне байланысты бағалау


ҮІ. Қорытындылау

Балалар сабақ түсінікті болды ма?

Талқылау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін өзі тану

Күні: 21.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:  «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінен меңгерген  білімдерін тиянақтау

Дамытушылық мақсаты: өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете  білуге жетелеу

Тәрбиелік мақсаты:

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.



Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері

Анамның тілі – аяулы үні

 Шона Смаханұлы

 

Өмірге келдім,



Анамды көрдім,

Деді ол: «Жаным,

Арайлы таңым».

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретіп тынбай,

Бал тілін, әнін.

 

Анамның тілі  айбыным менің,



Анамның тілі  ай, күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған.

Сүйемін мәңгі өмірді думан.

 

·        «Өзін-өзі тану» пәнінен өздеріңе қандай тақырыптар ұнады?



·        «Өзін-өзі тану» сабақтарында не үйрендіңдер?

·        Осы оқу жылында өздеріңнің және сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?   

·        Сабақтан үйренгендеріңнің күнделікті өмірде кездескен кезі болды ма?

 

Суреттерді пайдалана отырып, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үйренген қасиеттер мен құн­дылықтарды естеріңе түсіріңдер.



Балалар елін бағындыру

Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты – Ойын екен.

 келісімен-ақ, Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті деседі. Айнала айқай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.

Кел, достар, сапқа тұр

Ән қосып жарқынды шақта бұл,

Кел, достар, кел достар, сапқа тұр.

Күн сәулелі туған ел арайың,

Нұр құйсын көңілге.

Шын болаттай шыңдалып әрдайым,

Жалындаймыз өмірде.

Біз жастар, құрыштай шыныққан,

Өмірден таусылмас жыр ұққан.

Алтын күннен туған ел аумаған,

Нұр құясың көңілге.

 

Бойымызда күш-жігер қаулаған,



Жалындаймыз өмірде.

 

Жайнаған жастықтың алаңы



Біздерді құшаққа алады.

Күн сәулелі туған ел арайы

Нұр құясың көңілге.

Шын болаттай шыңдалып әрдайым,

Жалындаймыз өмірде.
ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 16.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Алдымен, кейін

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту



3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы."Басты шайқау " Ойлау қабілетін жақсартады.

"Жалқау сегіздік" мидың белсенді жұмыс істеуіне , есте сақтау қабілетінің дамуына көмектеседі.

"Мерген көз"көздің шаршағанын басуға көмектеседі. Сағат тілінің бағытымен 6 рет дөңгелек сызу және кері бағытта да 6 рет дөңгелек сызу.

Балалардың зейінділігі мен есту қабілетін байқау.

Тапсырма №1.

Тапсырманы мұқият қарап шық.Марғаулар телефонның сымын үзді.Үзілген жерді тауып, 2 минутта көк бояумен жалға.
Тапсырма №2.

Жұмбақты шеш.Суреттен жауабын тап.

Көк түсті қоңырау,

Тұр мылқау, саңырау.


Жауабы:қоңырау гүл

Тапсырма № 3.



Үлкен шыршаны, күлтелері көп гүлді, кішкентай зымыранды, орта көлемдегі допты боя.



жүктеу 2,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау