Сабақтың тақырыбы: Қожанасырдың тойға баруы



жүктеу 2,26 Mb.
бет6/6
Дата31.05.2018
өлшемі2,26 Mb.
#18548
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Көңілді үзіліс.

Сол қолыңмен оң құлағыңды, ал оң қолыңмен мұрныңды

ұста. Енді қолдарыңды тез ауыстырып, сол қолыңмен

мұрныңды, оң қолыңмен құлағыңды ұста. (Бес рет)

Тапсырма № 3.

Қайсысы артық?



Жауабы: банан,күшік


Тапсырма №4.

Үлгіге қарап боя.


Көзге арналған жаттығулар.

"Мерген көз"көздің шаршағанын басуға көмектеседі. Сағат тілінің бағытымен 6 рет дөңгелек сызу және кері бағытта да 6 рет дөңгелек сызу.

" Көзбен ату " - көзді оңға-солға, жоғары-төмен бағытта қозғалту.
Гафикалық диктант.

а) Ең алдымен саусақтарымыз "амандасып " алсын. Оң қолымыздың басбармағы сол қолымыздың саусақтарымен амандасып шығады.

Содан кейін сол қолымыздың басбармағы оң қолымыздың саусақтарымен амандасады.

ә) Суретке мұқият қара. Сол жаққа дәл осындай өрнектің суретін сал.
Сабақты қорытындылау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 23.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қай зат неден жасалады? Егер..., онда...

Сабақтың мақсаты:

1.Қиял мен зейінді тұрақтату.Суретті есте сақтап,толықтырып салу.

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Ми гимнастикасы.2-3 минут "Басты шайқау","Жалқау сегіздіктер","Бас киімді ки", т.б. ойлау қабілетін жақсартатын, ми құрылымының белсенді жұмыс істеуіне, есте сақтау қабілетінің дамуына көмектесетін жаттығуларды жасату.
Ширату.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Ұстаздан шәкірт озар.

Шебердің қолы көпке ортақ.
Тапсырма №1.

Барлық жұп сандармен белгіленген нүктелерді барлық тақ сандармен белгіленген нүктелермен,түзу сызықтар арқылы қосып шық.




Тапсырма №2.

Жауабы:бірінші мен бесінші сурет жасыл,екінші,үшінші және төртінші суреттер сары түске боялады.

Көңілді үзіліс.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.
Тапсырма №3.

Кеңістік пішіндерін кесіп,екі бөлікке бөлген.Әрбір бөліктің кесілгеннен кейінгі сызықтарын толықтырып,суретті аяқта.




Тапсырма №4.

А әрпінен басталатын қыздардың атын жаз.

Көзге арналған жаттығулар. Көздің шаршағанын басуға арналған жаттығулар мұғалімнің таңдауы бойынша ұсынылады. (№ 1,2,3- жаттығулар)
Тапсырма №5.

Жауабы: Бірінші ағаштың жасы төртте, екінші ағаштың жасы екіде, ал үшінші ағаш үш жаста.


Сабақты қорытындылау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 17.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексеру

Сабақтың мақсаты:Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Кім шапшаң Ойыны


IV. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабағымызда өткенді қорытындылау мақсатында тест орындаймыз. Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.


V.Өз бетімен жұмыс

Н н әрпін көркем жазу

Тест

1Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді тап:



асхана шыбын әңгіме

2 Бір буыннан тұратын сөзді тап:

Ыдыс топ ұя

3 Бес сөзден құралған сөйлемді тап:

Біз ауамен демаламыз.

Адамға таза ауа қажет.

Дәрігер науқасқа дәрі береді.

4. Тасымалдауға болатын сөзді тап:

Доп ыдыс ертегі

5. Артық сөзді тап:

Қарбыз қияр қозы сәбіз

6. Қанша? Неше?сұрағына жауап беретін сөзді тап:

Желім отыз әдемі

7. Не ?сұрағына жауап беретін сөз

Немере балықшы кесіртке

8. Кім? Сұрағына жауап беретін сөз:

Сабын қақпашы тауық

9. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

Шеге күшік жапалақ

10 . Төрт буынды сөз:

Тамақ домбырашы ойыншы
VI. Сабақты қорытындылау

Талқылау әр сұрақты



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 24.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды бақылау тесті

Сабақтың мақсаты:Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақта пайдаланатын тест тапсырмалары

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер;өз бетімен жұмыс


Сабақтыңң барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару
ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін қорытынды яғни тест тапсырмасын орындайтын боламыз. Сіздерге берілген тестті қарап әр ссұрақтың бір жауабын белгілейсіздер.


ІІІ. Тест тапсырмасы
1. Сөз неден құралады?
a) дыбыстан
ә) сөйлемнен
б) буыннан

2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?


а) 3
ә) 2
б) 4

3. Жуан дауысты дыбыстарды тап


а) к, п, а, ә
ә) ө, ү, о, ы
б) а, о, ұ, ы

4. Жұп дауысты дыбыстарды тап


а) а - ә, о - ө, ұ - ү, ы - і.
ә) ю - я, е - ё, ы - і.
б) қ - к, п - б, ғ - г.

5. «Орман емшісі» деп қандай құсты айтады?


а) торғай
ә) бұлбұл
б) тоқылдақ

6. Дұрыс жазылған сөзді тап


а) жұлдұз
ә) жылдұз
б) жұлдыз

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді.


а) 2
ә) 3
б) 4

8. Үнді дауыссыз дыбыстарды тап


а ) к, қ, т, п, р.
ә) р, й, у, л, м, н, ң.
б) б, в, г, ғ, д, ж, з.

9. Түйе атасын қалай атайды?


а) Қамбар ата
ә) Зеңгібаба
б) Ойсылқара

10. Бір өркешті түйені қалай атайды?


а) нар
ә) түйе
б) атан
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Әр сұрақты талқылау


Ү. Бағалау

Алған жинаған балдарына байланысты бағалаймын



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 17.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әріпті өрнек жайлы білімдерін жетілдіру. Әріпті өрнектердің мәнін табу жолдарымен таныстыру. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Білімділікке баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: әдістемелік құрал, өзіндік жұмыс дәптері


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


Оқушылардың игерген білімдерін пысықтау кезеңі..
ІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.


Түсіндірме жұмыс.

1. Есепті шығар.

Раушанда 8 шар бар. Ал Маржанның одан 3 шары кем. Маржанның шары нешеу?
2. Өрнектердің мәнін тап:

5+4═ 20+60═ 90─80═

8+2═ 30+40═ 70+30═

10─7═ 80─60═ 80─50═

6─4═ 90─20═ 40─40═
3. Әйнекшелерге теңдік тура болатындай сандар жаз.

□ ─ □ ═ □ + □ □□ + □□═ □□─ □□

□ + □ ═ □ + □ □□ ─□□ ═ □□ ─□□

□ ─ □ ═ □─ □ □□ ─ □□ ═ □□ + □□


4. Теңдеулерді шеш:

30+ а═40 а─20═ 60 70 ─а═ 50


5. Ұзындығы 8 см, 10 см кесінді сыз.оларды салыстыр:
ІІІ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


ІҮ. Үйге тапсырма

Ауызша есептер шығару


Ү. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 18.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Теңдік және теңсіздік

Сабақтың тақырыбы: Теңдік пен теңсіздік
Мақсаты: білімділік: артық,кем,сонша,ұзын,қысқа ұғымдары туралы оқушың білімдерін тиянақтау; дамытушылық: қанша артық және қанша кем екенін анықтауға ,заттардың салыстырылатын топтарын теңестіруге үйрету; тәрбиелік: алғырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аралас
Әдісі:сұрақ-жауап
Көрнекілігі: дидакт.материал

Сабақ барысы: 


І Ұйымдастыру кезеңі
А) Сынып тазалығына мән беру
Б) Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару

Психологилық дайындық


- Бүгінгі сабақ
- Оқу,білу салауат
- Бүгінгі мақсат
- Ұғыну,ұғу ұлағат
- Бүгінгі тәрбие
- Отанға деген махаббат

ІІ Өткенге шолу


Үй тапсырмасы сұрақ қою арқылы сұралады.

ІІІ Жаңа сабақ


Сөздерді есеп шығару арқылы орналастырсақ бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады

10
5 8 7 9 8


5+5= (т) 10-2= (Ң) 10-5= (Е) 7+2= (І) 6+1= (Д) 6+2=(К)
Қызығушылықты ояту.Маған қарап жымиып шат көңіл тіле, мен де саған шат көңіл тілеймін.Теңдік,теңсіздік туралы дидакт.материалдар арқылы еске түсіру.
3көк шаршыны және 2 қызыл үшбұрышты екі қатарға қояды.Салыстырыңдар бір шаршы артық екеніне көз жеткізеді.Үшбұрыштарға қарағанда,шаршылар артық 

және керісінше.теңестіреді;артық шаршыны ашып кетеді;бір үшбұрыш үстемелейді;


Оқушыға екі кесіндінің ұзындығын өлшеу және салыстыру ұсынылады.Парақта 3см артық 2см жазуы орындалады.
3см-2см=1см

1-тапсырма.сұр және ақ қағаздардың саны сурет бойынша салыстырылады.Содан кейін қағаздардың санын теңестіреді.


Сергіту жаттығуы
Күн ұйықтайды (ұйықтайды)
Күн оянады(керіледі)
Жел соқты (тербеледі)
Жаңбыр жауды (алақан тарсылы)
Найзағай тарсылдады (шапалақтайды) 
Жел басылды, күн шылды (тып-тыныш отырады)
Дәптермен жұмыс.

2-тапсырма.Доптарды,кесінділерді бір-бірімен салыстырады.Сандарды салыстырады,олардың арасына артық,кем немесе тең белгісін қояды.

3-тапсырма.Цифрлар мен таңбаларды жазу дағдысын машықтандырады.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Рефлексия
«Не білемін?» «Не білдім?» «Не білгім келеді?»

Ү. Бағалау


«Бармақпен бағалау» әдісі қолданылады

ҮІ. Үйге тапсырма:

4-тапсырма.қалып қалған сандарды әйнекшелерге қояды.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 19.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу жолдары

Сабақтың мақсаты: Құрылымы күрделі қосу амалымен байланысты теңдеуді құру және оның шешу тәсілін көрсету; теңдеудің шешуін жазу және тексеру дағдыларын пысықтау. Екі амалмен шығарылатын есепті шығаруды пысықтау,бірдей қосылғыштардың қосындысын табу және оған кері іс-әрекеттер; ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Қосу және азайту кестесі.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

4-тапсырманы дәптерден тексеріп, талдау жасап өту.


ІІІ. Жаңа сабақ

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.



А) Мысалдар келтіру.


Б) Теңдеу түрінде жазу Теңдеуді шешу сынап көру әдісімен орындалады.

Х+20=26 х-6=20 26-х=6


В) Белгісіз компонентті табу ережелерін пысықтау.

Азайғышты табу үшін...

Азайтқышты табу үін...

Белгісіз қосылғышты табу үшін...

Жаңа сабақ.
Теңдеулерді шеш:

А+2 =5 5+а=9 а─4=4 8─а=6

а═5─2 а═9─5 а═4+4 а═8─6

а═3 а═4 а═8 а═2


3 саны мына теңдеулердің қайсыларының шешщімі болады:

2+а=7 8─а=5 7+а=10 а─1=1

а═5 а═3 а═3 а═2
5 саны мына теңдеулердің қайсыларының шешімі болмайды:

А+3=8 а─5=5 4+а =10 9─а =4

А ═5 а═10 а═6 а═5
Қосымша тапсырма.

Практикалық іс-әрекет


А)

Б)

Көпбұрыштар

В)

Г) Тік төртбұрыш


ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

Күрделі теңдеулер құру


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


Үйге тапсырма:

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 20.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару

Сабақтың мақсаты Есеп пен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру, осындай есептің мәнді белгісін тағайындау. теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында қолдануға машықтандыру. Екі амалмен шығарылатын есепті енгізуге дайындық жүргізуі ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Үлестірмелі дидактикалық материал, қосу және азайту кестесі.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: :

Құрылымы күрделі теңдеулерді тексеру


Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылармен есептің шартын құру, шығару және оған кері есеп құру мәселелерін талдау.

Оқулықта берілген есептерді шығару.


  1. Терезенің алдында 5 қызыл және 4 ақ раушан гүлдеп тұр. Барлығы неше раушан гүлдеп тұр?

5+4═9

Ж: барлығы 9 раушан гүлдеп тұр.




  1. Салтанат гүлзардағы 8 қалампыр гұліунің 5─еуін қиып алды. Гүлзарда неше қалампыр гүлі қалды?

8─5═3

Ж: гүлзарда 3 гүл қалды




  1. Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды. Айдос неше ойыншық бояды?

5+3═8

Ж: Айдос 8 ойыншық бояды




  1. Кәмшат 6 ою ойып алды. Гүлнәр одан 2 ою кем ойды. Гүлнәр неше ою ойды?

6─2═4

Ж: Гүлнар 4 ою ойды



  1. Математика сабағында Мәлика 7 тапсырма, ал Жаңыл 5 тапсырма орындады. Олардың қайсысы тапсырманы артық орындады және неше тапсырма артық орындады?

7─5═2

Ж: Малика 2 тапсырма артық орындды


6 Сурет бойынша есеп құрастыр және шығар.

Құмырада ─ 5 тал гүл

Үстелде ─ 3 тал гүл

Барлығы ─ ? тал гүл бар?

5+3═8

Ж:
7. Есепті шығар.



Құстардың бір тобында 30 ересек қарлығаш және 10 балапан қарлығаш болды. Осы топта барлығы неше құс болды?

Осы есепке кері есеп құрастыр және оны шығар.

Ересек қарлығаш ─30

Балапан қарлығаш ─ 10

Барлығы ─ ? қарлығаш

30+10═40 ─ барлығы

Ж:
ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

Ауызша есептер шығару


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 24.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді құруды, оқу және жазу дағдыларын пысықтау. Кестелік қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайту дағдыларын , білімін, шапшаң ойлау әрекеттерін дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Кестелер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушы білімін жан-жақты тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

Қосындыны жаз:
5 пен 4─тің, 8 бен 2─нің, 4 пен 5─тің

А мен 6─ның 20 мен 30─дың, 60 пен а─ның

─────────────────────────────────────────────────

5+4═9 8+2═10 4+5═9 ─ бұлар санды өрнектер

─────────────────────────────────────────────────

А+6 60+а ─ бұлар әріпті өрнектер.

─────────────────────────────────────────────────
Айырмасын жаз:

7 мен 2─нің, 9 бен 7─нің, а мен 1─дің,

5 пен а─ның, 50 мен 40─тың, а мен 30 ─дың,

20 мен 10─ның.

Санды өрнектер Әріапті өрнектер

───────────────────────────────────────

7─2═5 9─7═2 а─1 5─а

50─40═10 20─10═10 а─30


3. Өрнектерді оқы:

4+5, а+7, 5─3, 8+0, а─3, 8─а, 9-+1, 7+а.

Санды өрнектерді бір жолға, әріпті өрнектерді екінші жолға теріп жаз.

Санды өрнектер Әріапті өрнектер

───────────────────────────────────────

4+5 5─3 8─0 а+7 а─3 8─а

9+1 7+а
Тура теңдіктер мен тура теңсіздіктерді бірінші жолға, тура еместерін екінші жолға жаз:
5.Кестені толтыр:


А

5

3

8

7

4

6

А+2

7

5

10

9

6

8

А─2

3

1

6

5

2

4

6. а) а мен 3 санының қосындысын жаз. А =7; 6; 5; 4; 3; 2; 1; 0 деп алып, өрнектің мәнін тап.

ә) а мен 40 санының айырмасын жаз. А= 100; 90; 80; 70; 60; 50; 40 деп алып, өрнектің мәнін тап.
7. 20 саны мен а─ның айырмасын жаз. А=0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8 деп алып, өрнектің мәнін тап.
8. а) 7, 2, 10, 1 сандарынан бірнеше тура және тура емес теңсіздік құр.

Үлгі: 90─30 40─20 30+40 90─20


9. Бос орынға тиісті сандарды қой:

5─3 10 70─ 20─20 ─3 7─4

4+ 7+1 90+10 +30 8+0 10─

100─ 30+40 ─3 1+5

7─2 2+ 50+0 ─20 3+ 10─4

1+7 9─
ІҮ. Сабақты қорыту:



Қиындық тудырған есептерді талқылап шығамыз.
Ү. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
жүктеу 2,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау